Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Қайрат» төрттіктің финалында

Дата: 24 ноября 2014 в 13:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қайрат» төрттіктің финалында

Астана. 24 қараша. Baq.kz – Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан УЕФА кубогінің элиталық раунды аясында «С» тобындағы кездесулер өтті. Еліміздің намысын қорғаған «Қайрат» барлық ойында жеңіске жетіп, төрттіктің финалына жолдама алды. 

Алматыға «Спортинг» (Франция), «Никарс» (Латвия) және «Экономац» (Сербия) командалары келді. Жерлестеріміз алғашқы ойынын Балтық жағалауының намысын қорғаған «Никарспен» бастап, ірі есеппен жеңіске жетті. Бұл кездесуде «Қайрат» футболшылары қарсылас қақпасына 11 доп соқты. Алматы командасы сапынан Маркао, Диваней, Дуглас, Лео, Же, Кайо, Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Игор көзге түсті. Соңғы екеуі хет-трик жасады.

Одан кейін Францияның «Спортинг» клубын аса тартысты өткен матчта 11:7 есебмен ұтты. Қос команда 40 минуттың ішінде 18 доп соғып, жанкүйерлердің айызын қандырды. Осыдан кейін-ақ «Қайраттың» финалға шығатыны белгілі болып қойды. Ал соңғы үшінші ойында Сербия чемпионы «Экономац» командасынан басым түсті. «Қайрат» сапынан Лео дубль жасаса, бір голды қақпашы Игита өз атына жазды.

Осылайша, «Қайрат» келесі жылдың көктемінде өтетін төрттіктің финалында жолдама алып отыр.

Кездесу нәтижелері:

«Экономац» (Сербия) – «Спортинг» (Франция) – 1:4
«Қайрат» – «Никарс» (Латвия) – 11:2
«Никарс» (Латвия) – «Экономац» (Сербия) – 5:5 
«Қайрат» – «Спортинг» – 11:7
«Экономац» – «Қайрат» – 3:6
«Спортинг» (Франция) – «Никарс» (Латвия) – 5:4 

 

Қорытынды кесте:

1. «Қайрат» – 9 ұпай
2. «Спортинг» – 6
3. «Экономац» –  1
4. «Никарс» – 1 

По сообщению сайта Baq.kz