Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2015 жылдан бастап Байқоңыр оқушылары қазақша білім алады

Дата: 07 ноября 2014 в 12:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2015 жылдан бастап Байқоңыр оқушылары қазақша білім алады

Келесі оқу жылынан бастап Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім стандарттары бойынша оқитын болады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев  осылай мәлімдеді.


Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

«Ия, Байқоңырда Қазақстан балалары оқитын алты мектеп бар. Олар Қазақстанның білім стандарты емес, Ресейдің білім стандарты бойынша білім алды. Қазақтың балалары қазақ мектебінде кітап бетін ашады да, «Президентім Путин» дейді. Ертең олар қандай азамат, қандай патриот болады деп айта аламыз?», — деді Қырымбек Көшербаев.

Әкім  осы мектептерді  бітірген қазақ оқушылары біздің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайтынын, сондықтан, біздің жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қиналып жүргенін айтты.

Яғни, олардың Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі заңды құқықтарына шектеу қойылған.

«Сондықтан, екі елдің Білім министрліктері Үкіметаралық келісім жүргізді. Бұған дейін айтқанымдай, осы айда Байқоңырда Үкіметаралық отырыс өтеді, сол отырыс барысында бұл мәселе де өз шешімін табады. Аманшылық болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім беру стандартына көшеді»,-деп толықтырды әкім.

 

По сообщению сайта Nur.kz