Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе тұрғыны банк қызметкерінің кесірінен қарыз болып қалды

Дата: 28 октября 2014 в 09:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе тұрғыны банк қызметкерінің кесірінен қарыз болып қалды

Несиеге компьютер алған Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың апанына түскенін айтады. Ол компьютер үшін ғана емес, өзі алмаған тоңазытқыш үшін де несие қайтаруға мәжбүр. Айтуынша, банк қызметкері оның құжаттарын пайдаланып, басқа адамға несие рәсімдеген.


Бұл туралы Астана арнасы  хабарлайды.

Берешегі геометриялық прогрессия бойынша өскен тұтынушының ендігі бар үміті полицияда. Кәрім Ибраев 2012 жылдың желтоқсанында мектепте үздік оқитын баласына сый жасапты. Қалауы компьютер болған соң, оны несиеге рәсімдеген.

Күзет қызметінде істесем де, қаразымды уақытылы төлеп жүрдім дейді. Бұған дейін бір кредит алып оны жауып тастағанын айтты. 4 баланың әкесі арада 6 ай өткен соң, телефон шалған банк қызметкерінен «қосымша қарызың бар» деген ақпарат алыпты.

Төбесінен жай түскендей күй кешкенін айтқан ол банкке барып, мән-жайды сұраған.

«Мен 3 кредитім жоқтығын айттым. Алғаным тек екі кредит. Кейін келісім-шарттың нөмірін сұрады. Мен екеуін айтқан соң, үшіншісін де айт дейді. Мен үшінші кредитті мүлде алмағанмын. Банктегілер қаңтардың 12-і күні менің атымнан несие рәсімделгенін, әлгі несие маусымға дейін төленбегенін хабарлады. Мені сотқа беретінін де айтты», — дейді Кәрім Ибраев,

Мұнан соң тұтынушы құқық қорғау органдарына арызданғанын айтады. Банк қызметкері күдікке ілініпті. Құзырлы органның дерегінше, бұл оның алғашқы қылмысы емес екен. Бұған дейін де алаяқтық бабы бойынша істі болып, заң алдында жауап берген көрінеді.

Соған қарамастан, тағы да бұрынғы әдетіне салса керек. Полицейлер жалған құжат даярлау дерегі бойынша кең көлемді сараптама жасауға кіріскен.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабы, яғни алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық керекті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары жәбірленушінің мойынындағы қарызды күдіктінің мойнына ілу жөнінде арыз даярлауда», — Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Ардагер Уайдин.

Тоңазытқыш 2013 жылдың қаңтарында рәсімделген. 130 мың теңгеге бағаланғанымен, бүгінге дейін пайыздық өсіммен шамамен 300 мың теңге болыпты. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе ғана, Кәрім Ибраевтың банк алдындағы ары ағарады.

Осы тұста тұтынушылар құқығын қорғайтындар азаматтардың құжатқа салғырт қарауынан осындай жайттардың болып тұратынын айтады.

«Банк алаяқтарының бірнеше түрі болады. Сондықтан кез келген құжатқа қол қояр алдында, мұқият болу қажет. Әрине, әрдайым алдын алу мүмкін емес. Сондықтан алаяқтардың қолына түссе, бірінші кезекте полицейлерге шағымдану қажет», — дейді  «Қазақстан тұтынушылар лигасы» Ақтөбе облыстық өкілеттілігінің директоры Сафура Түлкібаева.

Құқық қорғаушылар күнделікті алдын алу шараларын өткізіп, ескерту жасағанымен тұтынушылар арасында сан соғып қалатындар аз болмай тұр. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында алаяқтық фактісі бойынша шамамен мың жарымға жуық қылмыс тіркелген. Тәртіп сақшылары қылмыстың бұл түрін анықтау жылдан жылға қиындап бара жатқанына алаңдаулы.

По сообщению сайта Nur.kz