Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШҚО-лықтар жыл бойы ГМО белгісіндегі тамақ өнімдерін тұтынып келген

Дата: 16 октября 2014 в 15:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ШҚО-лықтар жыл бойы ГМО белгісіндегі тамақ өнімдерін тұтынып  келген

 АСТАНА. 16 қазан. BAQ.KZ — Жыл бойы ШҚО тұрғындары «ГМО» белгісі бар орамадағы тамақ өнімдерді тұтынып келген. Атап айтсақ ет консервілері, дереу дайын болатын ботқа, бисквиттер мен шоколод батондар және балаларға арналған тағамдар да кездесіп отыр дейді ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің баспасөз қызметі.

 Қазіргі күнде өнім құрамындағы ГМО-ның жоғарылығын анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп жатқандықтарын айтады. Сондай-ақ бірнеше тамақ өнімдері Астанаға жөнлтілген.
-Астанаға жөнелтілген өнім құрамын анықтағаннан соң барып, ГМО қай тамақ құрамында көп мөлшерде кездесетінін айтып тұжырымдайтын боламыз. Өткен жылы ГМО кукруз ұны мен «Астана» маркалы шұжықтарында анықталған болатын,-дейді Санитарлық-эпидемиалогиялық зерттеу орталығының маманы Раугүл Байшыбаева.
Мұндай организмдер консервілік тағамдар мен жартыфабрикат өнімдерінде кездесіп жатады дейді мамандар, сондықтан өнім сыртын қарап алуды ұсынады. Әрі ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.
Естеріңізге сала кетсек, ГМО – бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін алынады. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді, үсімейді. Дегенмен ғалымдар ГМО-ның адам ағзасында өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы мүмкін дейді. Ісік ауруларының көбейуіне себеп болады, жасушаларды мутацияға ұшыратады.

 

Ая ӨМІРТАЙ

 

 

По сообщению сайта Baq.kz