Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Айдос Сарым оңтүстікқазақстандық оқушылармен кездесу өткізеді

Дата: 08 октября 2014 в 18:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Айдос Сарым оңтүстікқазақстандық оқушылармен кездесу өткізеді

Астана. 8 қазан. Baq.kz – «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласындағы ауыл мектептерінің оқушыларымен кездеседі. Қоғам қайраткері балаларға мемлекет және мемлекетшілдік тақырыбында дәріс өткізіп, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін баулудың маңызын түсіндіреді. 

Жобаның мақсаты – оқуда немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибесімен бөлісуге шақыру. Бұл үшін біз «халық мұғалімдерінен» құралған еріктілер қозғалысын құрылып, оны одан әрі дамытуды көзделеді.

Жоба аясында ел арасына танымал азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді курс сабақтарын өткізеді. Курстың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа немесе аптаға, әйтпесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ол мектеп пәндері (математика, шет тілі, т.б.) шеңберінде, сондай-ақ көшбасшылық қабілет, кәсіби бағдар, IT технологиялар және тағы басқа сияқты айрықша сипаттағы мәселелерге байланысты еркін тақырыпта өтеді.

Қазірде қазақстандық танымал саясаткерлер, блогерлер, бизнесмендер, әртістер мен басқа да тұлғалар «Зияткер ұрпақ» жобасына қатысып жатыр. Алғашқылардың бірі болып белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин, Мұрат Әбенов, актер, шоумен Әнуар Нұрпейісов Қарағанды облысының, Жалпыұлттық қозғалыстың Кеңес төрағасы Данат Жұмин Қостанай облысының, продюсер, әнші Айгүл Иманбаева, журналист, тележүргізуші Қанат Әуесбай, актер, шоумен Азамат Сатыбалды, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Жамбыл облысының, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен Батыс Қазақстан облысының, Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко Ақмола облысының оқушыларымен кездесті.

Жоба 2014 жылғы 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады. Осы аралықта барлығы 300 танымал адамды жобаға қатыстыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде жоба аясында 50 адам аймақтарға жіберілді. 

По сообщению сайта Baq.kz