Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Малдың жүнін өңдеп, тауарға айналдыратын кәсіпорын ашылады

Дата: 15 августа 2014 в 19:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Малдың жүнін өңдеп, тауарға айналдыратын кәсіпорын ашылады

Астана. 15 тамыз. Baq.kz — Атырау облысында 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

 

Оған 1 трлн. 600 млрд. теңге қаржы салынған. Әсіресе ауылшаруашылығы өндірістік кешені саласын дамытуға баса мән беріліп отыр. Мәселен, былтыр іске қосылған сүт фермасы қазір тәулігіне 10 тонна сүт береді. Сүт пен қаймақ, айран мен ірімшік арзан бағамен күнделікті саудаға шығарылуда. Сонымен қатар асылтұқымды ешкі фермасында да дайын тауардың 12 түрі өндірілуде. Жүздеген гектар егіс алқабына жаңа технология енгізіліп, оның ішінде тамшылатып суару әдісі арқылы көкөніс егілуде. Елді мекендерде қолға алынып жатқан жобалардың арқасында өңірде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі: — Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында біз көптеген инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Әсіресе ауылшаруашылығы саласында атқарар шаруа көп. Қазақстанда тұңғыш рет малдың жүнін өңдеп, дайын тауарға айналдыратын кәсіпорын жобасын бастайын деп жатырмыз. Сүт өнімдері фермаларын әрі қарай ұлғайтамыз. Осы күзде бекіре өсіру фермасының құрылысын бастаймыз. Арнайы коммуналдық сауда орталығын ашып, жергілікті өнімдерді тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсыну көзделуде.

 

По сообщению сайта Baq.kz