Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мүлікті жария ету науқанында азаматтардың құқықтары қорғалады

Дата: 24 июля 2014 в 08:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мүлікті жария ету науқанында азаматтардың құқықтары қорғалады

Астана. 24 шілде. Baq.kz – Мүлік пен капиталды жариялау науқанына Бас прокуратура дайын. Ведомство ауқымды шара кезінде азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, мүлікті заңдастырумен айналысатын комиссияның құқық бұзушылықтарға жол бермеуін де бақылайтын болады.  

Бұдан бөлек, науқан кезінде алынған ақпараттың мүлікті жария еткен тұлғаға қарсы қолданылмауын қадағалау – прокуратура органдарына жүктелген негізгі міндеттердің бірі. Рақымшылық жасау туралы заңның бірқатар бабы бойынша азаматтар жауапкершіліктен босатылған. «Алайда алаяқтық жолмен келген мүлік үшін заң алдында жауап беруге туралы келеді», — дейді ведомство өкілдері.

Саян Әбдіқайранов, ҚР Бас прокуратурасының бөлім бастығы:
— Егер заңдастырылып жатқан, жария етіліп жатқан мүлік сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау арқылы пайда болған болса, не болмаса жеке тұлғаға қарсы қылмыс, тұлғаның меншігіне қарсы қылмыс жасау арқылы, не болмаса отбасына, қоғамдық қауіпсіздікке, мемлекеттің конституциялық құрылымына қарсы қылмыс жасау жолымен алынған болса, мұндай мүліктер заңдастыруға жатпайды және тұлға мұндай қылмыстарды жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды. 

По сообщению сайта Baq.kz