Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Египетте ораза кезінде уағыз тақырыбына шектеу қойылды

Дата: 30 июня 2014 в 10:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Египетте ораза кезінде уағыз тақырыбына шектеу қойылды

Астана. 30 маусым. Baq.kz — Египет билігі мұсылмандар ораза ұстайтын рамазан айында уағыздар тек сенім мен мораль жайлы ғана болуы тиіс деген уәжбен діни уағыз тақырыптарына шектеу қойды деп хабарлайды Азаттық.

Египеттің дін істері жөніндегі министрі Мухаммад Мохтар Гомааның мәлімдеуінше, мұсылмандар үшін қасиетті рамазан айында уағыздар адамдарды «бөлуді емес, біріктіруді көздеуі тиіс».

Жаңа шектеу биліктің өткен жылы исламшыл президент Мұхаммед Мурси биліктен кетірілгеннен кейін елдегі діни қызметті бақылауға алудың кезекті әрекеті болып отыр. Соңғы айларда Египеттің жаңа билігі Мурсидің «Мұсылман бауырлар» қозғалысын «террористік ұйым» деп жариялап, қызметіне тыйым салған. Бұған қоса елде наразылық акцияларын өткізуді шектейтін заңдар да қабылданған.

Египеттің дін істері жөніндегі министрі бұған дейін мешіттерде уағызды тек діни қайраткерлердің рұқсатын алған адам ғана оқуына құқық беретін бұйрық шығарған.

Әлемдегі 1.3 миллиардқа жуық мұсылманның көпшілігі үшін рамазан айы биыл 29 маусымда кірді. 

По сообщению сайта Baq.kz