Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Депутаттар кәсіпкерлерді салықтан босатуды ұсынды

Дата: 27 июня 2014 в 14:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Депутаттар кәсіпкерлерді салықтан босатуды ұсынды

Кәсіпкерлерді салықтан босату қажет. Мәжіліс депутаттарынан осындай күтпеген ұсыныс түсті. Айтуларынша бұл алғашқы кезде аяққа тұру үшін аса қажет.

Алайда үкімет мүшелері бұған түбегейлі қарсы. Мұның негізсіз екендігін олар дәлелдеп те берді. Еліміздің шағын және орта бизнес өкілдері ел қазынасына жылына триллион теңгеге жуық қаржы құяды.

«Сәйкесінше экономикамызды мұндай орасан табыстан қағу жөнсіз», — дейді қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.

Сондықтан үкімет кәсіпкерлікті қолдаудың басқа жолдарын ұсынып отыр. Яғни бір сөзбен айтқанда, тексерістен айналып өткісі келетіндер тәуелсіз ұйымдарға ақша төлеп, сараптама жасатуына болады.

«Ең алдымен мемлекет тексеру жүйесін бір ізге қою керек. Яғни, жоспарлы тексерістерге тыйым салып, тек қауіпті деген нысандарды қадағалау қажет», — дейді ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин.

«Тиісті мемлекеттік орган тексермес үшін кәсіпкер басқа тәуелсіз ұйымға ақша төлеп, қатерді бағалауды тәуелсіз жолмен өткізеді. Бұл бізге не үшін керек? Қатерді басқарудың жүйесі бар. Мемлекеттік орган мұны тегін өткізеді. Ал біз тексермес үшін кәсіпкерлерді тағы да ақша төлеуге мәжбүрлеп отырмыз», — дейді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Ал Дариға Назарбаева «мемлекет кәсіпкерлерді тым өбектей бермей, көрсетіп жатқан қамқорлығын азайту қажет» деген мәлімдемені қатаң сынға алды. Алайда, айтқысы келген ойын тұспалдап жеткізді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құрған кезде үлестің 50 пайыздан астамы мемлекетте, 49 пайызға жуығы кәсіпкерде болады. Кейін ол аяққа тұрып мемлекет үлесін сатып алар кезде заңсыздық туындауы мүмкін. Қандай екенін өздеріңіз білесіздер», — деді Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, депутаттар елдегі бизнеске қолдау аз деп санайды. Үкімет мүшелері мұнымен келіспейді. Кәсіпкерлерге мемлекет қаржылай көмек, банктерде сақтандыру беріп жатыр дегенді алға тартады. Ал шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бұл заң енді қыркүйекте талқыға салынбақ.





 

По сообщению сайта Nur.kz