Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қалдыбай Атажанов: Гиннес деген сөзді жек көремін

Дата: 17 апреля 2014 в 12:02

Қалдыбай Атажанов: Гиннес деген сөзді жек көремін

Астана. 17 сәуір. Baq.kz — Қалдыбай АТАЖАНОВ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі  

Бес саусақ бірдей емес. Әр қайсымыз әр түрліміз. Біріміз биік, біріміз аласа. Түр-келбетіміз де әр түрлі.Тағдырымыз да әр түрлі. Ешкім осындай болып туылсам деп келмейді өмірге. Тағдырдың маңдаймызға жазғаны. Құдайдың қалауы.

Сол тағдыры өзгеше адамның бірі – Қалдыбай Атажанов. Аузын ашса, жүрегі көрінетін қазақ. Ақкөңіл азамат. Ұлағатты ұстаз. 34 жылдан бері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ағартушылық қызметте. Айтуынша, 34 жылдан бері бірде-бір рет жұмыс орнын ауыстырмапты. Қазіргі заманда, сирек кездесетін жағдай. Ұшып-қонып жүретіндерді ұсқыны сүймейтіндердің қатарынан. Әйтпесе, Атажановты Алматы мен Астанаға талай шақырыпты. Шырайлы Шымкентімді қимаймын дейді. Ежелгі шаһардың ерекші тұрғыны.

Бізді бойынан бұрын, ойлары көп қызықтырды. Қоғамға, адамдарға, жастарға көзқарасын білгіміз келді. Сөйтіп, сөзі де, өзі де салмақты ағамызды аз-кем әңгімеге тарттық.

«Гиннес деген сөзді жек көремін»

Ондайға қарсымын. Жұрттан ерекшеленгім келмейді. Дараланғым келмейді. Талай адамдар келді. Біз, сізді Гиннестің рекордттар кітабына кіргіземіз деп. Біз, сізді әлемге танытамыз деп. Гиннес деген сөзді жек көремін. Қажеті қанша? Мен қарапайым адаммын. Атақты болу, арманым емес. Бойым, 2 метр 14 сантиметр. Қазақстанда менен ұзын адам бар ма, жоқ па ол жағын білмеймін. Ондайға қызықпаймын да. Өткен жолы, Ақтөбелік бір басылым, бойымды 2 метр 50 сантиметр деп жазып жіберіпті. Сонда көздегендері мені пайдаланып жалған сенсация жасау. Ондай жалған ақпарат таратудың қажеті қанша?. Арзан жарнамамен алысқа бара алмайсың. Өтірік айтқанға, жалған ақпаратқа жаным қарсы. Мені ел біледі. Елбасы таниды. Депутатар келіп естелікке фотаға түсіп жатады. Журналистер көп хабарласады. Сұхбат алайық деп едік, теле бағдарламаға шығарайық деп едік. Қарсы емеспін, тек сенсация іздемесе екен. Шын көңілмен келгендердің, бетін қайтармаймын. Арзан жарнамаға бармаса екен. Гиннес дегеннің кітабына кіруге қарсымын. Гиннес деген сөзді жек көремін».

Мені адамдар әр түрлі қабылдайды

«Көшеде адамдар әр түрлі қабылдайды. 5-6 жыл бұрын басқаша еді. Таңғалып қарайтын. Кейбіреулер, кемсіткендей болатын. Мазақ қылғандай. Үстімнен күлгендей. Ешқашан мойыған, намыстанған емеспін. Адам болған соң, көңілге тиеді. Артық кетіп бара жатса, амал қанша. Талайын орнына қойдым. Құдайға шүкір, өзіме жауап бере аламын. Әсіресе, жастар. Әр түрлі болады ғой. Тәрбиесіздері тіл тигізген. Қуанатыным, кейінгі жылдары жастардың да үлкендердің де көзқарастары жақсы. Маған үйреніп қалды. Құдайдың берген бойы. Жаратылысым осындай. Ешкім, біреуден артық, біреуден кем болайын деп дүниеге келмейді. Бір қызық жағдайды айтып берейін. Жастау кезім. Алматы қаласының жас ағашты көшесін бойлап келе жатқанмын. Розыбақиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысына таяғанда алдымнан егде тартқан орыс әйелі шыға келіп: «Боже мой!» деп шыңғыра бермесі бар ма?! Солай дегенге, мен расында бірдеңе боп қалды ма деп, қасына жүгіріп барып «не болды сізге?» деп халін сұрап жатырмын. Сөйтсем, алдынан ұзын адам шыға келгенде, зәре-құты қалмай, шошып кетіпті. Сөйтіп, Құдай берген ұзын бойыммен жұртты таңғалдыру былай тұрсын, шошытып та алған кездерім бар».

Киімді арнайы Ташкентте тіктіруге мәжбүрмін

«Киім жағы қиындау. Шынымды айтсам, бір киімді 10-15 жыл болды киіп жүргеніме. Кейде жұпыны жүргеніме ыңғайсызданамын. Студенттерге сабақ беремін. Ұяласың. Киімді арнайы тапсырыспен Ташкентте тіктіремін. Біздің елде мені бойыма сай киім тігетін,тігіншілер табылмай тұр. Болса да бағасы удай қымбат. Қарапайым ұстаздың қалтасы көтермейді. Қазір, Құралай Нұрқаділова деген жақсы дизайнер қызымыз бар ғой. Ұлттық құрамамызға спорттық киімдер тігіп жүрген. Арманым, сол қарындасым маған да, бойыма келетін спорттық киім тігіп берсе екен».

Дінге, жастарға көзқарасы туралы

«Дін жолында жүрген адаммын. Дінге сенетін адаммын. Университетте жастарға сабақ беремін. Шәкірттеріммен көп сөйлесемін. Өздеріңіз білесідер ғой соңғы жылдары діни ағымдар қаптап кетті. Әр түрлі мақсатты көздеген. Қаншама жастарымыз өзге ағымдардың жетегінде кетті. Жастар адаспай, ақ жолмен жүрсе деймін. Осы мәселеге қатты алаңдаймын. Студенттеріммен сөйлескенде имандылық туралы көп айтамын. Адам иманды болса, жаман әрекеттерге бармаймын. Ұстаздық міндетімнің бірі. Мына, жастардың қылмыс жасауы, нашақорлық сияқты жаман нәрселермен әуестенуі жаныма батады. Жастар иманшыл, тәрбиелі, білімді болса деймін. Отан — отбасыдан басталады деген сөз тегін айтылмаған. Ата-аналардың бала тәрбиесінде рөлі ерекше. Одан кейін орта тәрбиелейді. Университет тәрбиелейді. Біраз уақыт, жергілікті теле арнадан кемелді келешек иелеріне имандылық тәлім-тәрбие берер хабар жүргіздім. Жастардымыздың адал, білімді, парасатты азамат болулары мен үшін маңызды. Сол мақсатта 34 жылдан бері еңбек етіп келемін».

Кітап оқығанды ұнатамын

«Абай, Қадыр Мырза Әлі, Мақтұмқұлы, Әлішер Науаи, Расул Ғамзатов, Әзілхан Нұршайықов, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Лев Толстой, З.Шашкин, А.Пушкин шығармалары мен поэзияларын оқимын. Бұдан басқа қазақтың жыр-толғауларын, термелерін сүйіп тыңдаймын. Ұлттық құндылықтарымыздың өзі философиядан құралған. Жыршы Наурызбек Рахманқұловтың, күйшілер Әзидолла Есқалиев, Шәміл Әбілтаев, Қаршыға Ақмедияров, Тұяқ Шәмілов, Айгүл Үлкенбаеваның шерткен күйін бар ынта-ықыласпен тыңдаймын. Күйтабақтарын жинаймын. Бұлар – халқымыздың сан ғасырлық мұралары ғой. Жастар көп кітап оқып, осы асыл мұраларымыздың қадірін білсе деймін».

Автор: Нұршат Төкен, Шымкент 

По сообщению сайта Baq.kz