Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Есепті кездесу — ертеңге бағдар

Дата: 11 февраля 2014 в 14:52

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткен Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтың есеп беруі кездесуіне жиналғандар алдында облыс орталығының бүгінгі ахуалы, атқарылып жатқан істер, келешектегі жоспарлар кеңінен баян етілді.

Бұл жиынға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов қатысты.

Негізінде қаланың осы аймағында өнеркәсіп орындары кеңінен шоғырланған және алдағы уақытта да оның ауқымы молая түсетіндігі байқалады. Сондықтан да шаһардың бұл беткейінде өндіріс өрлеуімен қатар әр түрлі бағытта мәселелер туындайтындығы да айқын.

Қала экономикасының дамуы — басты көрсеткіш. Сондықтанда баяндама жасаған Ерхан Болатжанұлы әуелгі негізгі әңгіме желісін осы арнада өрбітті. Қазіргі уақытта мұнда өнеркәсіп өнімдері өндірісімен 340-тан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер айналысады. 2013 жылдың басынан бері өнеркәсіптік кәсіпорындар 296,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл оның алдындағы жылғыдан 64,2 млрд. теңгеге артық. Былтыр бюджеттік кірістер 110%-ға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9%-ға артып, 68 млрд. теңге құрады. 357,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауыз толтырып айтарлықтай осы көрсеткіштердің аясында-ақ қаншама ілгерілеулер болып жатқаны жұртшылыққа талданып жеткізілді.

Ақтөбе қаласында Қазақстанның Индустрияландыру картасына енетін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі және белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осы бағдарлама аумағында 2010-2013 жылдары жалпы сомасы 130,9 млрд. теңге тұратын 43 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 2,9 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал өткен жылдың үлесіне 5 жоба кіреді. Биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған рельс арқауы зауыты — аймақтағы ірі құрылыстардың бірі болып отыр.

Мультимодальды көлік-логистикалық орталығының құрылысы бойынша инвестиция мөлшері 6,1 млрд. теңгені құрайды. Мұнда 120 жаңа жұмыс орындары ашылмақшы. Аталған жоба Ақтөбе қаласында көлік, индустриалды және логистикалық инфрақұрылымдарды белсенді түрде дамыта түсуге мүмкіндік береді. 

Елбасы ерекше назар аударып отырған бір мәселе — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Былтыр тіркеуден өткен субъектілер саны 7,4%-ға ұлғайды, осылайша оның саны 37 мың бірлікті құрады. Қазіргі уақытта 84 мыңнан астам қала тұрғындары кәсіпкерлікпен шұғылданады. Олардың өндіріп отырған өнімдері де қомақты — жылдық есепке шаққанда 301,9 млрд. теңгені құрайды.

Қала әкімі өз есебінде көптеген басқа да көкейкесті мәселелерді қамтыды. Оның ішінде маусымаралық кезеңдердегі тұрақтандыру қорының жұмысы, жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту, тұрғын үй құрылысы, жас отбасыларға жеңілдік, ауыз сумен жабдықтау секілді тармақтар бойынша жиналғандарға нақты түсінік берілді. 

«Агроөнеркәсіптік секторды дамытудың басты міндеттері — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, өндіріс көлемін көбейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарықта өткізу болып табылады» — деді баяндамашы.

Жыл қорытындысы бойынша ауылшаруашылық саласындағы оң өзгерістер туралы статистикалық көрсеткіштер дәлелдейді. Жалпы өнім көлемі 13 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп.

2011-2013 жылдары 15 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасы аясында 129,1 млн. теңге сомасына несие алып, мүйізді ірі қара санын 844 басқа арттырды.

«Анди» ЖШС сүт кластерін дамыту мақсатында 2013 жылы «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы  473 бас асыл тұқымды қашар сатып алды.

Қалада ауыл шаруашылығын дамыту жобаларын шағын несиелеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Егер 2012 жылы 48,3 млн. теңге сомасына 16 жоба жүзеге асырылса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 78 млн. теңге сомасына осындай  27 жобалар жүзеге асты.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша «Болат ЛТД» ЖШС мал азығы дақылдарына 400 га алқапты суландыруды жоспарлап отыр. Ол үшін лизингке суару құрал-жабдығы сатып алынды. Жобаның құны 100 млн.теңгені құрайды. Пайдалануға беру мерзімі 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланып отыр.

Есепті кездесуге қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өз сөзін Елбасының биылғы Жолдауындағы: «Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар қалыптастыру мен дамыту — маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар — Астана мен Алматы, одан соң — Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді» деген бағыттардан бастады.

— Бұл бізге үлкен міндеттер жүктейді, — деді ол, — сонымен бірге қолымызда бар мүмкіндіктерді толығымен жүзеге асыруға жол ашады. Бұл ретте шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғын үй құрылысын жүйелі жүргізу, инфрақұрылымдарды жетілдіру, инвестициялар тарту секілді шаруалар күн тәртібінен түспейді.

Облыс басшысы қалаға қарасты елді мекендердің елеусіз қалмайтындығын, оларға да ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты. Сондай-ақ қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік саланы одан әрі дамыту жайын сөз етті.

Есепті жиында бірқатар қала тұрғындары өз пікірлерін білдірді, ұсыныс-талаптарын айтты. Мәселен, еңбек ардагері Тельман Төлебаев өзі тұратын Ақтөбе көшесінің көлік жүруге қолайсыздығы, оны асфальттау қажеттігі туралы айтты.Бұған қатысты қала әкімі жол жөндеу жұмыстарының жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқанын, ұсыныстың алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді. 

Ішкі істер қызметі ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Рудаков жастар тәрбиесіне қатысты, қоғамдық тәртіпті сақтау тұрғысында өз ойларын ортаға салды. «Біз неге супермаркеттерде, басқа да сәнді дүкендерде арақ-шарапты, өзге де ішімдік түрлерін көрнекі жерде орналастыруға жол береміз, — деді ол, —мұндай нәрсеге ұсақ-түйек деп қарауға болмайды».

Жиналыста сөз алған қала тұрғындары Пушкин атындағы парктің күтімсіздігі, көп қабатты үйлердің аулалары қазіргі уақытта автокөліктер тұрағына айналғаны жөнінде айтты. Сондай-ақ саяжайға бөлінген жерлердің заңсыз тұрғын үй салуға пайдаланылып жатқаны да қозғалды. 

Бүгінгі кездесуге дейін әкімдікке тұрғындардан 50-ден астам өтініш түскен. Ол проблемалық мәселелер әкімдіктің жұмыс жоспарына енгізілген, бірақ оларды жүзеге асыру едәуір қаржы мен уақытты талап ететіндігі хабарланды.

 

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті