Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Біздерде мынадай бар, мынадай бар?

Дата: 19 декабря 2013 в 14:32

Өлкенің туристік мүмкіншіліктерін арттыру мақсатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы екі күндік ақпараттық тур ұйымдастырды. Мақсат — аймақтың тамаша табиғатын, әсем жерлерін халыққа насихаттау, ішкі туризмді дамыту. Саяхатқа қаладағы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің туризм мамандығы бөлімінің және ауылшаруашылық колледжінің оқытушылары мен оқушылары, туризм саласына қызығушылық танытқан жастар, қалалық жас туристер станциясының,  «Зере тур» ЖШС және БАҚ өкілдері қатысты. Екі күннің ішінде саяхатшылар Хромтау мен Ырғыз аудандарын аралады.  «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойындағы инвестициялық жобалармен танысты.

 

Көрінбейтін Көмбетас

 

Ақтөбеден Хромтау ауданына жол тартқан автобус алдымен Ақжар ауылын аралады, бұдан соң  Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасына барды. Саяхатшылар хром өндіретін кен орнын тамашалады. Аудан тұрғыны, география пәнінің мұғалімі Сабыр Тұрмағанбетов Хромтау жерiнің ежелгі дәуірде мұхит болғанын, оның шөгінділері қазір түрлі қазба байлық ретінде алынып жатқанын айтып берді.

Бұл аймақтың бір заманда  мұхит орны болғанын айғақтайтын белгiлер қазiр де байқалады. Жерi ойпат, топырағының түсі бөлек.  Жылдың қай мезгілінде болсын, Хромтау ауданының аумағына кіргеннен-ақ күн райының күрт салқындағанын байқайсың. Бұл жолы да солай болды. Ақжар ауылында ақ түтек боран соғып тұр. Ал кен аумағындағы  желдің күштілігі сондай саяхатшылар шахтаны әрең көрді.

Бұдан кейін ақпараттық турға қатысушылар аудандық өлкетану мұражайын аралап, Дөң ауылындағы мүсінші, қолөнер шебері Нұрболат Өтеновтің туындыларымен танысты. Шебер жігіт ағаштан, цементтен түрлі бұйымдарды жасап шығарады екен. Өткен жылы  «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» акциясы аясында мектеп ауласына цементтен құйып, төрт түлік малдың мүсіндерін орнатыпты.  Балалар жазда олардың жанына гүл егіп, білім ордасының айналасын абаттандырып қояды. Ісмер жігіт қолөнерге жастарды да баулып жүр. Мектеп шеберханасында оқушыларға ағаштан қалай мүсін жасау керектігін үйретеді. Шәкірттері де ғылыми жарыстар мен облыстық байқаулардан жүлдесіз оралған емес.

Сапарымыз одан әрі жалғасты. Хромтау ауданынан елу шақырым жердегі Бөгетсай ауылының маңындағы  Көмбетас табиғи ескерткішіне бардық. Ор өзенінің жағасындағы ірі тастар, бір қарағанда, сырт көзге біліне қоймайды.  Бір-біріне кигізілген бірнеше тонналық дәу тастар адам қолымен қаланғандай орналасқан. Қаланған тастың жоғары жағында адамның басы сиятындай ойық бар.  Оның арғы жағы үңгір. Тастың іргесінде өзен  ағып жатыр. Ертеде жолаушылар су асты арқылы өтіп, үңгірді паналаған көрінеді. Бөгетсай ауылдық  мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токиннің айтуынша, ілгеріде үңгірден садақ, қылыш тәрізді қару-жарақтар табылыпты.

Бұдан кейін саяхатшылар Ырғыз ауданын бетке алды.

 

Қамыс жоқ, балық көп

 

Ырғыз өңіріне жасаған алғашқы қадамымыз аудандық өлкетану мұражайын аралаудан басталды. Өлкенің өткенінен мол хабар беретін бұл тарихи орында  ғасырлар түкпірінен сыр шертетін төрт мыңға жуық жәдігер бар.  Мұражай қызметкері Іңкәр Қойайдарова келушілерге бұндағы әр жәдігердің тарихын түсіндіріп берді.

Бұдан кейін саяхатшылар Аманкөл селолық округінің аумағындағы Жалаңаш көліне барды. Көлдің айналасында қамыс болмағандықтан  халық осылай атапты.  Ашаршылық жылдары жергілікті тұрғындар  осы көлден балық аулап жан сақтаған.  Қазір бұл жерде аудандағы жалғыз балық шаруашылығымен айналысатын «Наурыз — Сим» ЖШС-ның балықшылары балық аулайды. Көлде шортан, сазан, ақбалық секілді балық түрлері бар.

 

 

Метеорит және Иргизит

 

Ырғыз ауданындағы табиғи қорықтың бірі — Жаманшың. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қанат Әбдірахманов саяхатшыларды осы шыңға бастап алып барды.

Ғалымдардың болжауы бойынша бұдан миллион жыл шамасы бұрын осы жерге метеорит құлаған. Қуатты жарылыстан аумағы 5-6 шақырым, тереңдігі 700 метрдей қазан шұңқыр пайда болған. Жаманшың зерттеушілер назарын өткен ғасырдың отызыншы жылдарында аудара бастапты. 1937-1939 жылдары ғалым Александр Яншиннің жетекшілік жасауымен осында зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Геологтар жер бетінен палеозой дәуірінің жыныстарын табады. Табылған импактиттерге, яғни тау жынысының ерекше тастарына  Жаманшың, тектиттерге Иргизит ғылыми атауы беріледі. «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мекемесінің инспекторы Омар Сақтағанұлының айтуынша, соңғы жылдары Жаманшыңға Ресей зерттеушілері қызығушылық танытуда. Қазір бұл ойпаттың тереңдігі 200-300 метрдей болады. Метеорит қалдықтары мен түсі жағынан әртүрлі ұсақ тау жыныстарын көресің. Бұл жердің тасын кие тұтып емдік мақсатқа пайдаланатындар, тіпті асыл тас іздеп келетіндер де бар екен. Ақпараттық турға қатысушылар метеорит қалдықтары мен ұсақ тастарды қызықтап, біреулері естелік ретінде теріп алды.

Жаманшыңнан шыққан соң Қызылжар округіне қарасты  Жаныс би ауылын бетке алдық. Бұл өлкеге табаны тиген жан ХІХ ғасырда іргесі қаланған Жаныс би кесенесіне соқпай кетпейді. Ел аузында Қызыл там деп аталатын кесенеге 2011 жылы күрделі жөндеу жүргізіліпті.

Жаныс — қара қылды қақ жарған әділ би болған кісі. Тума-туысты былай қойғанда пара алғаны үшін «қазаныма шошқаның басын салдың» деп туған ұлын да аямаған дегдар. Сол үшін де Жаныстың билік айтуын тілеп келетіндердің қарасы мол болған. Бізді қарсы алған бидің ұрпақтары Жолды Сарин мен Жарас Мұхтаровтардың айтуынша,  Жаныс би — Құламан тайпасының Алтай тармағының патша өкіметі берген мөрін ұстаған адам. Мөр өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейін сақталыпты. 2006 жылы Ырғыз ауданының Жаңақұрылыс ауылына Жаныс би есімі берілді.

 

Құпияға толы  төбе

 

Шеңбертал ауылының батысына қарай жеті шақырым жерде Темірастау шыңының басында Мәні әулие қорымы бар. Ырғыз өңіріне жасаған сапарымыздың бір мақсаты —  осы қорымды көру болатын. Қорымның қай ғасырда қаланғаны белгісіз. Бұл жерді халық Мәні әулие қорымы деп атайды. Жалпы Мәні әулие қорымын 1980 жылы С.Әжіғалиев бастаған экспедиция тексеріп, құжат жасайды. Алайда, қорымның пайда болу тарихы әлі күнге дейін белгісіз. Қорымның аумағы 2-3 гектардай болады. Тастан қаланған қоршау қабырғаларының биіктігі бір метрге дейін жетеді. Бұдан бөлек құлпытастар мен  үш жүздің ру таңбалары салынған табиғи үлкен қара тастар кездеседі. Ал төбе басында ешқандай тастың жоқтығын ескерсек, осыншама тасты қайдан тасығаны да келушілердің қызығушылығын тудырды. Ауыл ақсақалы Аманғос Ізашов бұндағы  тастар мен жартас тастарының ұқсас екендіктеріне қарап, тастарды сол маңдағы жартас жотасынан алынған деуге болатынын айтады. Ал бұндай көп тасты үлкен әскердің күші арқылы болмаса, қарапайым тұрғындардың ешқандай техниканың көмегінсіз қазып алып әкелуі  мүмкін емес. Демек, осыларға қарап-ақ  бір дәуірде бұл жерде ірі шайқастың болғанын аңғаруға болады. 

Ауыл ақсақалы Аманғос Ізашов пен ақын Серғали Қобылашев туристерге қорымды аралатып «Мәні әулие» туралы аңызды айтып берді.

— Бұл жер туралы аңыз-әңгіме көп. Бір аңыз бойынша Мәні деген батыр қыз болған. Ол талай қол бастап қарсылас жауын ұдайы жеңіп отырған, кейін бір жорықта қаза тапқан. Оның жерленген жерін халық әулие тұтып «Мәні Әулие» деп атап кеткен десе, екінші бір аңызда бұл басқаша айтылады. Аңыз бойынша жауынгершілік заманда қалмақтар бір қазақ әйелін алып кетеді. Әйел жүкті екен. Жау қолында жүріп дүниеге қыз әкеледі. Қыз 17-ге келгенде анасы көз жұмады. Көзі тірісінде қызына атамекенін табуды өтінеді. Анасының аманатын арқалаған қыз зынданда жатқан қазақ батырына көмектесіп, қашып шығады. Қуғыншылардан қашқан қыз бен жігіт осы жерге аялдайды. Суға түсуге кеткен қызды айдаһар жұтады. Жігіт айдаһарды жарып қызды жерлейді. Ал қыз суға кеткен жерге тал шығады. Бір аңызда айдаһар емес жылан шағып алғаны айтылады. Аңыздың қысқаша мазмұны осындай. Ал Мәні суға кеткен жерге шыққан терек әлі күнге дейін бар. Төбеден түсер жердегі жалғыз терек сол терек болады.  Үлкендер бала кезімізде қанды тал екенін айтып, аулақ жүруімізді ескертетін.  Кешегі күнге дейін бұл жерде ордалы жыландар шұбырған қойдай болып жүретін. Бала кезімізде жиі көруші едік. Бірақ олардың адамды шақты дегенін естігенім жоқ. Қазір ол жыландар көрінбейді, — дейді ауыл ақсақалы Аманғос Ізашов.

Сондай-ақ, ілгеріде  мал топалаң  немесе өзге бір ауруға ұшыраса, Мәні төбеге түнетіп, сауықтыратын болыпты.

 

Туристер қызығатын аймақ

 

Аумағында сексенге жуық өзен-көл­дері бар, тарихи ескерткіштерге бай Ырғыз өңірі мен қойнауы қазынаға толы Хромтау ауданы  экологиялық туризмге сұранып тұр. Екі күнге созылған сапар кезінде ақпараттық турға қатысушылар осыған көз жеткізді. Саяхатшыларды бастап жүрген  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы, облыстық туризм және тауға өрмелеу федерациясының төрайымы Гүлнар Қартанова аталған аудандардың кездейсоқ таңдалмағанын, бұл аймақтар туристерді ерекше қызықтыратынын айтты.

— Экотуризм елімізде енді-енді жанданып келе жатқан сала.  Қазір біз бұл саланың алғашқы баспалдағында тұрмыз. Сондықтан  өзімізді шетелге таныту үшін алдымен өзімізді өзіміз тануымыз керек. Бұл жолғы сапарымыздың мақсаты да осы болатын. Тұрғындарға, оның ішінде өсіп келе жатқан кейінгі жас ұрпаққа аймақтың тарихи-мәдени құндылықтарын таныстыру, насихаттау үшін бұндай сапарларды жиі ұйымдастырып жүрміз.  Бұған қоса туризм — табыс көзі. Ал оның ілімін білген адам экономикамызға да өз үлесін қоса алады.

Мәселен,  «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойы  ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Екі күндік сапар кезінде біз осыған көз жеткіздік, — дейді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризм бөлімінің басшысы Жайна Нұршина бұндай ақпараттық тур келер жылы да ұйымдастырылатынын айтты. Ал «Зере тур» ЖШС-ның ішкі туризм менеджері Әскербек Тілеуғали:

— Екі күндік сапар кезінде біраз жайға қанықтым. Бұрын тек кітаптардан оқып жүрген тарихи, табиғи ескерткіштерді көзімізбен көрдік. Оның ішінде Ырғыз ауданының табиғаты ерекше ұнады. Егер бұл өлкеде туризм саласы бір ізге қойылса, облыс тұрғындарынан бөлек сырт елден де туристердің келетіні анық. Мәселен, бір ғана Жаманшың табиғи қорығының өзі шетелдіктерді қызықтыратыны сөзсіз, — дейді.

Ақпараттық турға қатысушылар сапардың соңында алған әсерлерімен бөлісті.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті