Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Теңге — Тәуелсіздіктің нақты белгісі

Дата: 14 ноября 2013 в 14:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Теңге — Тәуелсіздіктің нақты белгісі

Ертең, яғни 15-қарашада төл теңгеміз жиырмаға толады. Бұл — теңгенің тарихы үшін әжептәуір уақыт. Өзінің жиырма жылдық тарихында теңге мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. «Теңге — еліміздің тәуелсіздігінің нақты белгісі. Қазақ теңгесі халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байып, өркендеуіне әр уақытта қызмет етсін!» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі ұлттық валютамыздың алдағы уақытта атқарар игі істерінің мол екендігіне дәлел бола алады.

Мерейтой қарсаңында қазақ теңгесінің бүгінгі беделі мен болашағы жайында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе филиалының директоры Перизат Асимбетованы сөзге тартқан едік.  

 

— Сіз басқаратын еліміздегі жетекші банктің өңірдегі филиалы төл теңгеміздің жиырма жылдық мерейтойын қаншалықты дайындықпен қарсы алғалы отыр?

— Айтулы мерекеге дайындық былтырдан бастап қолға алынды. Нақтырақ айтсақ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» орталықта және өңірлердегі филиалдарға теңгенің жиырма жылдық туған күнін ел халқының алдында ерекше атап өту үшін жаңа бастамалар мен тың идеялар, бағыт-бағдар берген болатын. Осы бағыт-бағдардың ізімен біз де шама-шарқымызша қосымша іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алдық. Биыл жаз айында облыстағы екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы ұжымдары арасында спорттың үш түрі бойынша спартакиада өткіздік. Үш аптаға созылған спартакиадаға барлығы 22 ұжым қатысты. Шахматтан турнир ұйымдастырылып, шағын футбол мен волейболдан жарыс өткізілді. Теңгенің жиырма жылдығына арналған шара жоғары дайындықпен ұйымдастырылды, әрбір ұжым белсенділік танытты. Жүлдегер командаларға арнайы кубоктар мен филиал басшылығы тарапынан Алғыс хаттар, мерейтойлық  күміс монеталар тарту етілді. 

Мерейтой қарсаңындағы іс-шаралардың екінші кезеңі балалар мен жасөспірімдер арасында байқау өткізумен жалғасты. Бұл шараға қала бойынша №9, №32  мектеп-гиназияның оқушылары қатысты. Оқушылардың ұлттық валютаға  деген көзқарасын әрі олардың көз алдындағы болашақ теңгенің даму деңгейін білу мақсатында өткен байқауға балалар тыңғылықты дайындықпен келді. Теңгенің болашағына деген жастардың көзқарасы жоғары болды, көптеген жеңімпаздар анықталды.  Мектеп оқушыларының тақырыпқа байланысты жазған ғылыми жұмыстары мен жасаған қолөнер бұйымдары банк саласы мамандары тарапынан жоғары бағаланды.  Мұндай шаралар арнаулы орта білім беру және жоғары оқу орындары арасында да жүзеге асырылды.

Мерейтой қарсаңындағы жұмыстардың қорытындысы іспетті өтетін салтанатты шара Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында ұйымдастырылмақ. Бүгінде «Ұлттық Банктің» Ақтөбе  филиалынан зейнеткерлік демалысқа шыққан 34 ардагерімізге мереке күні ерекше құрмет көрсетіледі, сала мамандары облыс, қала әкімі тарапынан марапатталатын болады.

Еңбек жолын «Ұлттық Банкте» қарапайым экономист қызметінен бастаған, бүгінде «БТА Банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы Дания Еспаева, «Халық банкі» Ақтөбе филиалының директоры Әпуажан Төлегенова және «Темір» банкінің облыстық филиалының басшысы  Мәрия Тұяқоваларға да салтанатты шарада  ерекше құрмет көрсетілмек. Өйткені бұл азаматшалардың төл теңгемізді енгізуде, әрі оған деген  халық сенімін нығайтуда жасаған еңбектері зор.

Мерейтой қарсаңындағы ең басты жаңалық — облыстық филиал ғимаратында мұражай ашылады. Теңге тарихына арналған мұражай аймақта бұрын-соңды болған емес. 

— Сонда мұражайға қандай жәдігерлер қойылады?

— «Ұлттық банктің» Ақтөбе филиалында 23 жылдан бері үздіксіз қызмет етемін.    Мұражай ашу мәселесі менің банкке басшылыққа келгенге дейін ойымда жүрген нәрсе еді. Бұл жоспарым мерейтойдың қорытындысы есебінде жүзеге асырылмақ, яғни мұражайдың салтанатты ашылу рәсімін алдағы аптада атап өткенді жөн санап отырмыз. Қазір мұражай іші біршама көне жәдігерлермен толығып қалды. Бұл істі жүзеге асыру барысында біз облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен ақылдасып, пікір алыстық. Олар мұндағы көне қолжазбалар мен есептеуіш мәшенкелерді, банк жүйесіндегі қабылдау куәліктері мен ескі альбомдарды, тарихтан сыр шертетін фотосуреттерді көріп, бұларды қайда, қалай сақтағанымызға таңданыс білдірді. Бұл орайда мұражай жұмысының жетпіс пайызы банктегі кадр бөлімінде 39 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Гүлсім Абрахованың өлшеусіз еңбегінің арқасында жүзеге асырылып жатқанын айта кеткенім жөн. Өйткені бұл кісінің қолында тың деректер мен көптеген құжаттар сақталған.

Мұражай ішінде ескі рубльдермен қатар, Тәуелсіздіктен кейінгі бірнеше мәрте өзгеріске ұшыраған төл теңгелерімізді табуға тырыстық. Бұдан бөлек, бір кездері банктің Ақтөбе бөлімшесі «Социалистік жарыс жеңімпазы» атағын алғанда берілген Тудың да осы күнге дейін сақталып, мұражай төрінде орнатылатыны келгендердің қызығушылығын тудырып жүр. Бұл жалау банк саласы ұжымына бір емес, бірнеше рет берілген. Мұны мұражай қорындағы куәліктер дәлелдейді. Бұдан бөлек, мұражайдың бір бұрышы шетел валюталарына арналса, ендігі бір бұрышты облыстағы екінші деңгейлі коммерциялық банктерге бейімдедік. Қазір банк ұжымдары тарихтан сыр шертетін бұйымдарды қорға қосып жатыр.

Болашақта мұражайдағы бұл жәдігерлерді арнайы кестеге сай мектеп оқушыларының, ұжымдардың келіп көруіне мүмкіндік жасалады.

— Интернет құралдарында теңгенің жиырма жылдығы қарсаңында 20 мыңдық купюраның шығарылатыны туралы пікірлер айтылды. Сол қаншалықты рас?

— Елімізде 20 мыңдық қағаз ақшаның шығарылатыны турасында көптеген сұрақтардың туындағанынан хабардармын. Дегенмен, бүгінгі күні ол турасында дөп басып ештеңе айта алмаймын. Өйткені ондай ақшаны өз басым көрген емеспін, әрі ол жайында менің қолымда ешқандай құжат та, бағдарлама да жоқ. — Бүгінде ұлттық валютамыз тұрақталды, теңге бағамы тиісті шамада. Дегенмен де, сіздің ойыңызша, алдағы уақытта теңгенің құнсыздануы мүмкін бе?

— 1994 жылдан бастап «Ұлттық Банк» теңгені тұрақтандыру бағытында жұмыс жасады. Ал  2001 жылдан бастап банк бағаны тұрақтандыру бағытына көшті. Өйткені 1994-2001 жылға дейінгі жүргізілген жұмыстар, теңгені  тұрақтандыру,  халықтың теңгеге деген сенімін нығайту бағытында жүргізілген болатын.  Сол уақыт аралығында теңге де өзін-өзі дәлелдеді, тіпті бүгінгі күннің өзінде ұлттық валютада берілген несиелер мен берешек қалдықтарға қарасақ, «Ұлттық Банктегі» теңгемен берілген несиелер барлық несиелердің 90 пайызын құрайды. Қалған пайыз  шетел валюталарының еншісіне тиесілі. Бұл —  халықтың теңгеге деген сенімінің жоғары екенін аңғартады. Сол сияқты, қазір халықтың көп бөлігі банктерде ашқан депозиттерін теңгемен орналастырып жатыр. Мұның өзі  алдағы уақытта теңгенің құнсыздануынан қорқуға ешқандай негіздің жоқтығын байқатады.

— Биыл 1 қарашадан бастап көне банкноттар айналымнан біржола шығарылды. Осы турасында толығырақ айтып өтсеңіз.

— Осы мәселеге қатысты адамдардың арасында кішкене түсініспеушіліктер орын алды. 1994 жылы шыққан Әл-Фарабидің тұлғасы бейнеленген 1000 теңгелік банкнот және 1996 жылы шыққан 2000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылды.  2001 жылы шыққан «Ұлттық Банктің» қаулысы бойынша бір жыл ішінде, яғни  2002 жылдың 1 қарашасына дейін жаңадан шыққан 1000, 2000 теңгелік банкноттармен ескі банкноттар қатарлас айналымда болды. Қазір қолданыстағы 1000, 2000 теңгеліктерде «Астана-Бәйтерек» монументі мен  ашылған алақанның суреті бейнеленген. 2002 жылдан 2003 жылға дейін Әл-Фарабидің суреті бар мың теңгеліктерді екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қабылдай бастады. Бұған бір жыл мерзім берілді. Содан кейін бұл банкноттарды 2003 жылдан бастап он жыл бойы  «Ұлттық Банк» қабылдауға тиіс болды. Белгіленген мерзімнің соңғы күндеріне дейін адамдар ескі ақшаларын алмастырып кетті. Қазір ондай ақшалар айналымда жоқ.

— Халықаралық банкноттар бірлестігі осымен екінші жыл қатарынан теңгені «Жыл банкноты» деп жариялады. Сонда теңгенің мықтылығы неде?

— Бүгінгі күнгі теңге —  біздің елге тән динамизм мен көшбасшылықты танытады.

Қазақстан теңгесі басқа да нышандармен қатар мемлекет егемендігінің шынайы атрибуты болып саналады және пайда болған сәтінен бастап, еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық сынақтардан өтіп келеді.

Теңгенің халықаралық байқауларда бірнеше рет топ жарып, жеңіп шығуының сыры — оның дизайнының әдемілігінде. Теңге шетелдік өзге валюталармен салыстырғанда, түрлі-түсті бояулармен безендірілуі жағынан көш бастап тұр. Терең мағынаға бай ондағы әрбір символ еліміздің тарихын еске түсіреді. Елімізде теңге жыл сайын жаңартылады. Мұның өзі жасанды ақша шығарудың алдын алуға тосқауыл болады.

— Жалған ақшалар туралы айтып қалдыңыз.  Сонда жалған ақшалар қайдан келеді және оларды көп жағдайда кімдер анықтайды?

— Облыста жалған ашқаларды көбінесе екінші деңгейдегі банктер анықтайды. Мұндай банктер сауда орталықтарынан ақша қабылдайды, сол кезде жалған ақшалар анықталып жатады. Кейде айырбастау пункттеріне де жалған ақшалар тапсырылып жатады. Болған оқиғаларға байланысты көбінесе 500, 2000 теңгелік жалған ақшалардың жасалатыны белгілі болды.

— Кейбір адамдар мерекелік атаумен шығарылатын монеталарды жинауға құмар. Бұл орайда сіз нумизмат емессіз бе?

— Әрине, елімізде болатын атаулы күндер мен оқиғаларға байланысты шығарылатын монеталарды жинауға әуеспін, бірақ нумизмат емеспін. Ондай монеталар шағын данамен ғана шығарылады. Шамам келгенше, бір-екеуден алып қалуға тырысамын. Мәселен, Алтын адам, қазақтың салт-дәстүрлері мен бір кездері айтысқа байланысты шыққан күміс монеталар үйімде сақтаулы тұр. Олардың екі-үшеуін мұражай қорына әкеліп тапсырдым. Төл теңгеміздің 20 жылдық мерекесіне арналған монеталарды да нумизматтар қызығушылықпен алып кетіп жатыр. Бұл орайда, елімізде 100 мың данамен шығарылған  диаметрі 31 миллиметр болатын 50 теңгелік мерейтойлық монета қазір айналымда жүр. 

Мерейтой —  бұл өткенді еске алумен қатар, жаңа бағыттарды белгілеуге мүмкіндік туғызады. «Жүз шақырым ұзақ жол алғашқы қадамнан басталады» дейді ежелгі даналық. Бұл орайда біз бүгінгі жеткен жетістіктерімізді, қол жеткізген табыстарымызды саралап, алдағы күнгі айқын мақсаттар мен міндеттер жолында жұмыс жасауымыз қажет.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті