Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Қансонар» қауымдастығы аңшылықты жаңа деңгейге көтереді

Дата: 06 апреля 2013 в 02:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сенбі, 6 сәуір, 2013 Басты мақалалар

«Қансонар» қауымдастығы аңшылықты жаңа деңгейге көтереді

Сенбі, 6 сәуір 2013 1:58

2012 жылғы 29 қаңтарда күшіне енген «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына сәйкес еліміздің аңшылық жұрт­шы­лығы мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің алдына рес­пуб­ликалық қауымдастық құру міндеті қойылды. Мемлекет оған жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өз өкілеттіктерінің бір бөлігін бе­руге тиіс болатын. Осылайша, аң­шы­лық шаруашылығын басқару және жүргізу мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік қатынастарды қалып­тас­тырудың құқықтық негіздері жасалды. Парламентіміз бен Үкі­метіміздің бұл шешімінің біре­гейлігі – ТМД-ның бір де бір елінде және демократиялық дамыған елдердің басым бөлігінде мұндай жағдайлардың жоқтығымен, оның үстіне мұндай мәселелерді күнделікті өмірге енгізу әрекеті болмағанымен ерекшеленеді. Әділін айту керек, Қазақстанда социалистік жоспарлы экономика кезінде құрылған Қазақ аңшылары мен балық аулаушыларының одағы 1958 жылы пайда болып, күні бүгінге дейін жұмыс істейді. Ол өз қызметін нарықтық қатынастар жағдайына бейімдей алмай, көп жағынан еліміздің аңшылық шаруашылығындағы жетекші орнын жоғалтып алды. Дегенмен, іс жүзінде әрбір облыста өзінің құрылымдық бөлімшелерін сақтап қалып, біздің қауымдастығымызды құруға негіз болып отыр. Сөйтіп, «Қансонар» қауымдастығы мем­лекеттік аккредиттеу үшін жағ­дайлар жасауға саятын жұмыстың бірінші кезеңін орындап, оны 2013 жылғы 14 наурызда конкурстық негізде алды.
Қазіргі кезде қауымдастық 17 өңірлік өкілдікті, 670-ке тарта, оның ішінде әлі бекітілмеген 30 аңшылық шаруашылығын бі­рік­тіреді, ал бекітіліп берілген аң­шы­лық алқаптарының көлемі 104 млн. гектарды құрайды. Аңшылардың жалпы саны (шамамен) 110 мың адам немесе ел халқының барлық санының 0,07 пайызы.
Қауымдастықтың басты міндеттерінің бірі қазіргі заманғы аңшылық – бұл мәдени және эстетикалық мәні бар белсенді дем­а­лыс­тың бір түрі екенін ұғын­дырып, қалыптасып қалған көз­қарасты қоғам, Үкімет тарапынан өзгерту болып табылады. Қазақ­станда аңшылық спорттық-әуесқойлық бағытта дамитын болады деген пікір осы тезиске сәйкес қалыптасты. Осындай бір­жақты ұстаным аңшылық проблемаларына Үкіметтің селқос қарауына әкеп соқты және мұның салдарлары өте ауыр болуы мүм­кін. Аңшылық шаруашылығы субъек­тілерінің соңғы жылдардағы өтінімдері мен есептерінің материал­дарын талдау арқылы елімізде мамық жүнді жыртқыш жануарлар мен кеміргіштердің барлық түрлерінің популяциясы кәдеге жаратылмайтыны айқындалды. Олардың саны көбейгені сонша, тіпті, популяциялардың өзін-өзі реттеуінің табиғи ошақтары шыға бастады. Бұл бірқатар өңірлерде құтыру індеті, кене энцефалиті, туляремия, конго-қырым қанды безгегі, лептоспироз, қышыма және басқа да аса қауіпті бактериялық және вирустық зоонозды инфекциялардың тұрақты ошақтарының пайда болуына әкеп соғады. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай қауіпті індеттердің профилактикасы жөніндегі шешімдерінде бұл инфекцияларды тасушы жабайы жануарларды реттеу қажеттігі еш жерде көрсетілмеген. Кәсіптік аңшылық осыны реттеудің бір тетігі бола алады. Кәсіптік аңшылықты жаңғыртудың экономикалық тұрғыдан орындылығы мынадан айқын көрінеді: біріншіден, өздігінен молаятын табиғи ресурс­тан бағалы мамық жүнді аң терісі шикізатын аламыз; екіншіден, еңбек процесіне ауылдық жер­лер­дің тұрғындарын тартамыз; үшіншіден, қауіпті зоонозды індеттердің мониторингіне, про­филактикасына және еміне жұмсалатын мемлекет қаражатын үнемдейміз. Кәсіптік аңшылықты жаңғырту үшін аңшылықты пай­­да­ланушылардың тек қана қалауы мен күш-жігері жеткі­лік­сіз, бұған, бірінші кезекте, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге көрсетіліп жат­қандай мемлекеттік қолдау қажет. Ауыл шаруашылығындағы жер және аңшылық шаруа­шы­лығындағы аңшылық алқап­та­ры өндірістің нысанасы мен құ­ралы болып табылады. Екі жағ­дайда да экономикалық тұрғы­дан молайту табиғи молаюмен ұштасады, өндірістің табиғат белгілеген маусымдылығы да бар. Дегенмен, ауыл және аңшылық шаруашылықтарына мемлекеттік көзқарас әртүрлі. Ауыл шаруашылығын мемлекет жан-жақты қолдайды: жеңілдіктер, дотациялар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына залал келтірілген жағдайда өтемақы көзделген және т.б. Аңшылық шаруашылығындағы жағдай мүлдем басқаша. Мем­лекет шенеуніктері өздері­нің әре­кеттерімен және әре­кет­сіз­дігімен аңшылықты пайда­ла­нушыларға аң аулауға рұқсатты уақтылы бермеу, түрлі себептермен аңшылыққа тыйым салу, аңшылық алқаптарын мемлекет мұқтаждары үшін алып қою сияқты ешбір жазалаусыз түрлі кедергілер келтіреді. Мәселен, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңда жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою кезінде пайдаланушыға өтемақы, залалдың орнын толтыру немесе резервтік қордағы аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде преференциялар көзделмеген. Заңда жабайы жануарларды, оның ішінде «қызыл кітапқа» енген жануарларды қорғау үшін көтермелеу шаралары көзделмеген. Соның салдарынан аңшылық шаруашылығын жүргізудің экономикалық негіз­деріне нұқсан келтіріледі.
Қазақстанның аңшылық ша­руашы­лығын одан әрі дамыту және оған қаржылай салымдар салуды ынталандыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаға экономикалық ынталандыру шараларын енгізіп, мемлекеттік құры­лымдар аңшылық шаруашылығы ұйымдарына залал келтірген жағ­дайда жауапкершіліктерін көздеуі қажет.
Біз аң аулау, бұл – орман, ауыл шаруашылығы сияқты біздің азаматтарымыздың қажеттілігін қанағаттандыра алатын, мемлекетке экономикалық пайда келтіретін тыныс-тіршілік саласы екендігін дәлелдеуіміз керек.
Бұл проблемаларды шешу «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңдарға, Қазақстан Республикасының Салық ко­дексіне, «Жануарлар дүниесiн қор­ғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңын іске асыруға байланысты Үкіметтің бірқатар қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.
Осылайша, «Қансонар» қауым­дастығы алдында қолданыстағы заңнаманы өзгерту жөнінде ке­дер­гілерді еңсеру және оған мем­лекеттік аппараттың көзін жет­кізу жөніндегі табандылық пен қа­жырлылықты қажет ететін ауқым­ды жұмыс тұр. Осыған байланысты таяу күндері Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен Өзара іс-қимыл және өзара қолдау туралы меморандумға қол қою қажет. Бұған министр Н.Қаппаровтың тарапынан ауызша келісім алынды.
Қауымдастықтың Аңшылық және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі халықаралық кеңеске (СИ-АИ-СИ) кіруі перспективалық міндеттердің біріне айналуға тиіс. Бұл беделді халықаралық ұйым бес жылдан кейін өзінің 90 жылдығын атап өтеді. Бүгінгі күні СIC әлемнің 84 елінде белсенді жұмыс істейді, оның құрамына үкімет мүшелері, қауымдастықтар мен университеттер, сондай-ақ сарапшылар мен жеке тұлғалар кіреді.
Бүкіл әлемде адамдар табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны болашақ ұрпаққа сақтау – ортақ міндетін орындау үшін біріккен.
СИ-АИ-СИ-ге кіру бізге не береді? Бірінші кезекте бұл тұрақты аң аулау және жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануды реттеу саласындағы саясатты, заңнаманы және стандарттауды әзірлеуде халықаралық тәжірибені пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, зерттеулер жүргізуге, ауыл халқының әл-ауқатына оң ықпал ететін, дәстүрлі аң аулауды қолдауға, Қазақстан өңірлерінде және шетелдерде аңшылық турларды, браконьерлікпен күресті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның СИ-АИ-СИ-ге кі­руі әлемдік қоғамдастықтың толық­қанды мүшесі болып табыла­тын­дығын тағы да бір рет растайды.
Дұрыс аңшылық және жануарлар әлемін қорғау қорын құру, менің ойымша қауымдастық үшін кезек күттірмес міндет болып та­бы­лады. Қазақстанда біздің қа­уым­дастықтың қалыптасып дамуы­на шынайы моральдық және материалдық көмек көрсетуге дайын азаматтар, нағыз аңшылар, табиғат пен жануарлар әлемін қорғаушылар аз емес. Және мұны біз пайдалануымыз қажет.
Қордың қаражаты: аңшылық және жануарлар әлемін қорғау саласындағы мем­лекет­тік саясатты іске асыруға, Мем­лекеттік және орыс тілдерінде, кейіннен ағылшын тілінде де журнал басып шығаруға (жылына 4 нөмір), қауымдастықтың веб-сайтын, ұлттық телеарналардың бірінде арнайы бағдарлама ашуға, елдің ең үздік аң аулау шаруашылығы, ең үздік қасқыр аңшысы және т.с.с. байқау-конкурстарды өткізуге, ғылыми зерттеулерді қолдауға және әртүрлі сипаттағы конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуге жұмсалады.
«Қансонар» қауымдастығы өзінің алдына қойған келесі міндет – ол ұйымдастырылған аңшылардың санын 110-нан 180 мыңға дейін көбейту. Ауылдық аудандарда тұратын азаматтардың аң аулауға құқықтарын рәсімдеуге қолжетімділігін жеңілдету жолымен бұл міндетті орындауға болады. Мұны аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша қашықты оқытуға жағдайлар жасау, көшпелі емтихан комис­сия­ларының жұмысын ұйымдастыру арқылы іске асыру қажет. Аза­мат­тарды аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлау сапасын жақсарту қажет, бұл үшін «Қансонар» қауымдастығы баспа өнімінің электронды ма­кет­терін әзірледі және элек­трон­дық жеткізгіштердегі ақпарат­тық анықтамалықтардың таралымын көбейтуге дайын. Жер­гі­лікті телеарналарда және бей­не­өнімдер арқылы азаматтарды оқыту мүмкіндігі зерделенуде. Ес­кі үлгідегі аңшы куәліктері блан­кілерінің жойылуына байланысты, барынша қысқа мерзім ішінде кемінде 10 мың жаңа куәлікті басып шығарып, беру қажет.
Ұлттық аңшылықтың жайы бізді біршама алаңдатып отыр. 2005 жылы аңшы құстарды пайдаланып ұлттық аңшылықпен айналысатын аңшылардың санын есепке алу жүргізілгеннен бері олардың саны өскен жоқ, қайта азайып кетті. Және бұған таң қалуға болмайды, өйткені, осы жылдары Үкімет ұлттық аңшылық қажеттілігі үшін табиғаттан аңшы жыртқыш құстарды (негізінен бүркіттерді) аулау жөнінде бір шешім қабылдамады, осылай­ша, біздің аңшылар аңшы құс­тарды заңды жолмен аулауға қол жеткізе алмай отыр. Бізді осы ежелгі аңшылық өзінің бастапқы мақсатын және аң аулау дәстүрін жоғалта отырып, барған сайын шоуға айналып келе жатқаны алаң­датады. Мысалға мына цифрларды салыстырыңыз, 2005 жылғы деректер бойынша, Қазақстанда 42 аңшы есепте тұрған, ал бір Францияның өзінде аңшы құстарды пайдаланып аң аулаумен 1400-ге жуық адам айналысады екен. Әрине, аң­шы құстармен ұлттық аңшылық мем­лекеттік қолдауды қажет ететіні күмәнсіз және біз бұл қолдауға қол жеткізуге ұмтылатын боламыз.
Қазақы тазы мен қазақы тө­бет санының жағдайы да аң­шы­лар қауымын алаңдатып отыр. Елімізде бұл иттердің таза тұқымын өсіру жағдайы өте төмен деңгейде. Қазақы төбет бойынша мемлекеттік стандарт жоқ, Қазақстанда оның санының нақты есебі жүргізілмеген және бұл тұ­қым өмір сүруін тоқтатып, басқа Азия овчаркаларының тұқым­дарына сіңісіп кетеді деген нақты қауіп бар.
Қазақы тазының да жағдайы алаңдатарлық. Бұл тұқым үшін ұлттық стандарт белгіленген, алай­да елімізде бұл иттердің са­ны жылдан-жылға азайып келеді. Бұл, тазының таза тұ­қы­мын өсі­ру негізінен қалаларда жүр­гізі­ле­ті­ніне, ал ұлттық дәстүр­ге сай тәсілдерді пайдаланып тазы­мен аң аулау негізінен ауыл тұр­ғындарының қолынан келе­ті­ніне байланысты, ал олардың жо­ғарыда айтылған себептерге орай заңды түрде аң аулауға мүмкіндіктері болмай отыр. Қоғамдастық ұлттық аңшылықты қолдау бағдарламасын мемлекетпен бірлесіп әзірлеу, облыс орталықтарында ғана емес, дәстүрлі түрде бұл иттерді өсіретін ауылдық аумақтарда да мамандандырылған көрмелер мен көрсетілімдерді ұйымдастыру арқылы аталған проблемаларды шешуге болады деп есептейді.
Біздің жақын және алыс болашаққа арналған міндеттеріміз осындай. Енді барлығы біздің өзімізге байланысты болмақ. Бізге республиканың аңшылық қоғамдастығы өзін-өзі басқара алатынын және тиімді ұйым бола алатынын дәлелдеуге мүмкіндік беріліп отыр. Әрине, бізге сын көп айтылатыны сөзсіз, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің және олардың жергілікті жердегі өкілдерінің тарапынан бақылау күшейеді. Қордың жұмысы айқын да ашық болады. Күзге қарай біз қауымдастық құруға тиіспіз, оның құрамына барлық аймақтық өкілдіктерден бір-бір өкіл кіреді. Кеңестің отырысы жыл сайын өткізіліп, онда өткен жылдың, қаржылық қызметтің қорытындылары шығарылады, жоспарлар бекітіледі. Бір сөзбен айтқанда, біздің алдымызда зор міндеттер тұр.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті