Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй»

Дата: 28 февраля 2013 в 13:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбеліктердің назарына!

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қол жетімді тұрғын үй — 2020» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласында «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында салынып жатқан 9 қабатты 216 пәтерлік тұрғын үйден пәтер алуға «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша құжаттар қабылдау басталады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы өтініш берген сәтте 29 жастан аспауы;

2) өтініш берген сәттегі тіркелінген неке мерзімі кемінде 2 жыл болуы;

3) отбасы құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз балалары, еңбекке қабілетсіз ата-аналары кіреді;

4) ерлі-зайыптылардың екеуінің де Ақтөбе қаласында тіркелінуі;

5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде Ақтөбе қаласында меншік құқығына тұрғын үйдің болмауы;

6) соңғы 5 жыл ішінде елді-мекенде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату деректерінің болмауы (алып қою, бүлдіру және т.б.);

7) өтініш берер алдында соңғы 6 ай ішіндегі отбасының ай сайынғы жиынтық таза кірісі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды алып тастағанда) мына шекте:

а) ең төменгі күнкөрістің 3 есе көлемінде (46 170 теңге);

б) ең жоғарғы күнкөріс көлемінің 12 еседен аспауы (184 680 теңге).

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар қабылданбайды.

Құжаттар қабылдау мерзімі 2013 жылдың 11 наурызынан 15 наурызы аралығында Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31 мекенжайындағы облыстық филармония ғимаратында жүргізілетін болады.

Құжаттарды қабылдау уақыты жергілікті уақытпен сағат 9.00-ден 18.00 аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс.

2013 жылы бағдарламаның осы бағыты бойынша «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданынан 216 отбасы алады — бұл эконом кластағы жалдамалы тұрғын үйдің 216 пәтері, 1 бөлмелі және 2 бөлмелі.

Олардың ішінде: 1 бөлмелі – 120, ауданы:      41,50 шар.м. – 30 пәтер.

45,00 шар.м. – 58 пәтер.

47,20 шар.м. – 32 пәтер.

 

2 бөлмелі – 96, ауданы:          60,40 шар.м. – 24 пәтер.

                                                 58,10 шар.м. – 30 пәтер.

                                                                          59,60 шар.м. – 24 пәтер.

73,00 шар.м. – 18 пәтер.

Бір шаршы метрдің құны — 80 000  теңге.

Өтініш беру кезінде (үлгісі қоса беріледі) жас отбасы қандай ауданға және қанша бөлмеге үміткер екенін көрсету қажет. Кезек әр түрлі ауданға сәйкес құрылады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін 30 күн ішінде «Қол жетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасының талаптарына сәйкес баллды жүйе бойынша құжаттар комиссияның қатысуымен қаралатын болады.

Балдық жүйе төмендегідей есептеледі:

1) Тіркелген некенің әрбір жылы үшін — 5 балл;

2) Тұңғыш бала үшін — 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін — 30 балл;

3) Мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін — 10 балл;

4) Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін — қосымша 5 балл.

Аса жоғары балл алған 216 әлеуетті үміткер төлем қабілеттілігін растау үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалына жіберілетін болады.

Төлем қабілеттілігі расталмаған жағдайда төлем қабілеттілігін бағалауға Банкке жолдама тізім бойынша келесі өтініш иесіне беріледі.

Төлем қабілеттілігін растаған азаматтар Үміткерлер тізіміне қосылады. Төлем қабілеттілігі өтініште көрсетілген аудан негізінде расталатынын атап өту қажет.

«Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үйді өткізуде Уәкілетті орган болып табылады.

Жинаған баллдарымен бірге үміткерлер тізімі әкімдіктің www.akimataktobe.kz электронды сайтында орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

 «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасының

«Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты қатысушыларының өтініштеріне қоса жалғанатын құжаттар тізімі:

 

1. Өтініш.

 

2. Өтініш иесі мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері (түпнұсқасы мен көшірмесі).

 

3. Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі).

 

4. Неке туралы куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).

 

5. Ақтөбе қаласында тұратындығын растайтын құжат. (азаматтарды тіркеу кітабының түпнұсқасы мен көшірмесі, немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжай анықтамасы).

 

6. Өтініш иесі мен оның отбасы мүшелерінде Ақтөбе қаласында меншік құқында тұрғын үйінің жоқтығын растайтын құжат (Халыққа қызмет көрсету орталығынан жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама).

 

7. Өтініш берердің алдында соңғы 6 ай ішіндегі отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (еңбекақы туралы анықтама, отбасы мүшелерінде зейнеткер немесе мүгедек болған жағдайда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан анықтама).

 

8. Мүгедектігі жөнінде анықтама (отбасы мүшелерінің бірі мүгедек болған жағдайда; түпнұсқасы мен көшірмесі).

 

9. Құжат тігілетін мұқаба;

 

Құжаттардың  түпнұсқасы мен көшірмелері салыстырып тексеру үшін ұсынылады.

 

 

 

Өтініш үлгісі

 

«Ақтөбе қаласының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және

автомобильдер жолдары бөлімі» ММ

     бастығына

___________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

мекенжайы:___________________

тел: __________________________

 

 

ӨТІНІШ

«Қолжетімді баспана — 2020»  мемлекеттік бағдарламасының «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй»  бағытына сәйкес мені

___________________________________________________________________

(Аты-жөнін, тегін, туған жылын толық көрсету керек)

___________________________________________________________________

 

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында салынып жатқан жалпы алаңы ________ шаршы метр, ______ бөлмеден тұратын тұрғын үйді өткізуіңізді сұраймын.

 

Отбасы құрамы (Аты-жөні, тегі, туған жылы, туыстық деңгейі)

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«____» ______________2013  жыл                                                                 ________________

                                                                                                                                (қолы)

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті