Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

АҚШ-та семіздіктен жылына 248 мың адам қаза табады

Дата: 22 февраля 2013 в 19:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 22 ақпан, 2013 Елді елең еткізген

АҚШ-та семіздіктен жылына 248 мың адам қаза табады

Жұма, 22 ақпан 2013 7:31

АҚШ-тың азаматтары «фаст-фуд» тағамдарын әлемде ең көп тұтынады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, орта есеппен әр тұрғын күніне осы тағам түрінен 11 пайыз калорий қабылдайды. Ақырында, «фаст-фуд» тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіріп кетуіне әкеп соқтырды, деп хабарлады «24.kz» телеарнасы.

Зерттеу барысында 11 мың адамға сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде 20 мен 39 жас аралығындағылар күніне шамамен 15 пайыз, ал 40 және одан жоғары жастағы ересектер 9 пайыз калорий қабылдайтыны анықталды.

АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық қаза болады. Әлем бойынша бұл көрсеткіш 3 млн. жетіп жығылатын көрінеді. Ал тойып тамақ жей алмаудың салдарынан жыл сайын көз жұмғандардың саны 1 млн. адам екен. Әрбір жетінші адам жер шарында асқа жарымай отыр.

БҰҰ жаңалықтар орталығы хабарлағандай, АҚШ тұрғындарының 60 пайызының артық салмағы бар. Оның ішінде, 36 пайыз америкалық артық салмақтылар болса, 25 пайызы семіріп кеткендер қатарында.

Осы деректерді сараптап, ғалымдар келесідей қорытындыға келді. Соңғы 20 жылда аштық екінші орынға кетіп, семіздіктен өлу тізімде бірінші орынға шыққан.

  Рауан Есқали.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті