Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Облыс әкімінің «Облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған міндеттері туралы » есебінің тезистері

Дата: 15 февраля 2013 в 18:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

 Кіріспе

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің дәстүрлі есептік кездесулері, өткен кезеңнің ғана емес, атқарылған жұмыстардың сапалы өлшемі мен жасалынып жатқан жобаларды бағалаудың және келешектегі жоспарларды түзетудің өзіндік белесіне айналды.

Қазақстандықтар үшін, оның ішінде актөбеліктер үшін өткен жыл ең алдымен еліміздің Президенті ұсынған Қазақстанның әрі қарай перспективалы даму жолдарын ұғыну мен мемлекеттің жаңа деңгейге шығу дайындығына бағытталған бірқатар стратегиялық құжаттарымен есте қалды. Дәл осы бағдарламалық құжаттар 2012 жыл ішінде өңіріміздегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына арқау болды.

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің берік негізін орнатты. Олардың қатарында: қазақстандықтарды жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту, адам капиталының сапалы өсімі, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығын жетілдіру.

Сонымен қатар, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың 20 басымдығы тұжырымдалды.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат болып танылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 жетоқсанындағы Қазақстан халқына Жодауында «Қазақстан – 2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді.

Ақтөбе облысының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, халықтың еңбекқорлығы мен тұрмыстық әл-ауқатты жақсартуға деген талпыныстары арқасында біз бірқатар жетістіктерге жетіп, Қазақстанның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанымызды атап өтуіміз қажет.

Біздер облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар нәтижелерге қол жеткіздік. Макроэкономикалық көрсеткіштер мұны айғақтап отыр.

 

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Өткен 2012 жылдың басты міндеті экономиканың дамуының  өсу қарқынын сақтау болды. Облыс экономикасының дамуының қорытындылары бойынша қойылған міндеттер орындалды деп сенімділікпен айтуға болады.

Бағалау мәліметтеріне сәйкес жалпы өңірлік өнім 2012 жылы, бір жарым триллион теңгеден артады деп күтілуде.

Экономикалық өсім, негізінен индустриалды кешендердің, құрылыс индустриаларының, сонымен бірге, сауда және көлік секілді қызмет көрсету құрылымдарының дамуымен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіптің және оны құрайтын салалардың нақты көлем индексі орташа республикалық деңгейден жоғары: өнеркәсіп – 107% (ҚР орташа деңгейі – 100,5%), тау-кен өндіру  – 107,8% (ҚР – 100,2%), өңдеу өнеркәсібі – 106,9% (ҚР – 100,7%).

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 430,5 млрд. теңгені құрады (2011 жылдың деңгейіне 107,9%), бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 пайыздық тармаққа жоғары. Есептік жылы,  2011 жылмен салыстырғанда 17,8% артық шетел инвестициялары тартылды.

Құрылыс көлемі республикалық өсу қарқынынан (2,9%) әлдеқайда жоғарлап, облыс бойынша 23,8 % құрады. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 127,0 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек сауда айналымы бойынша да облыс республикалық орташа көрсеткіштен 3,7 пайыздық тармаққа жоғарлады. Облыс бойынша сауданың нақты көлем индексі 116,6% (ҚР бойынша – 112,9%) құрап, барлығы 294,4 млрд. теңгенің тауарлары өткізілді.

Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі, сыртқы экономикалық қызметтің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2012 жылы сыртқы сауда айналымы 12,5% өсіп, 11,7 млрд. АҚШ долларын құрады.  Бұл көлік қызметтерінің жандануына септігін тигізіп, 2012 жылы жүк айналымының көлемі 12,4% өсті (ҚР бойынша –107%).

Тұрғындардың алдындағы басты міндеттердің бірі – инфляцияны тұрақтандыру мәселесі. Өткен жылы, баға 5,7% өсті, бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 1,1 пайыздық тармаққа және республикалық көрсеткіштен 0,3% төмен.

Экономиканың өсуі облыстың еңбек нарығына да елеулі әсер етті.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді тұрғындардың санына шаққанда 0,2% құрады. Оған, «Жұмыспен қамту – 2020»  бағдарламасының аясында жүзеге асырылған жұмыссыздыққа қарсы күрес шаралары зор ықпалын тигізді.

Экономикалық дамудың негізігі нәтижесі, әрі басты мақсаты тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

Облыс бойынша орташа айлық еңбек ақы 90 мың теңгеге жетті, бұл 2011 жылға қарағанда нақты есепте – 108% құрады.

Еліміздің Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру

Өңірді дамытудың негізгі міндеттерінің бірі Үдемелі индустриалдық – инновациялық даму (одан әрі ҮИИД) Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Облыста Казақстанның индустриаландыру Картасына енген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған, сомасы 632,8 млрд. теңгеге 10,0 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген 73 инвестициялық жоба енгізілді. Оның ішінде, 2012 жылы 4,5 млрд. теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылды.

Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялық «құйылымдар» 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 77 млрд. теңгені құрады.

Осының барлығы өнеркәсіп өндірісінің өсіміне ықпалын тигізді. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі жылдың қорытындысы бойынша 107% құрады. Бұл, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Индустриаландыру Картасы бойынша 2010-2012 жылдары іске қосылған кәсіпорындар, өнеркәсіп секторының дамуына нақты әсерін тигізді. Үш жылда ҮИИД МБ жүзеге асыру шеңберінде жалпы сомасы 188,2 млрд. теңгенің 64 нысаны пайдалануға берілді.

ҮИИД МБ шеңберінде жүзеге асырылған инвестициялық жобалар есебінен 207,0 млрд. теңгеден астам өнім өндіріліп, оның облыс өнеркәсібіндегі үлесі 17% құрады.

Өнеркәсіп саласындағы өсімнің тағы бір көзі – облыстағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту. Осы бағытта, «Еңбек өнімділігі – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысына облыстың жеті кәсіпорны қатысуда.

Нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, бір жұмыспен қамтылушыға 42,5 мың АҚШ доллардан келді. ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу саласының өнім үлесі — 7,1% -дан 8,8%-ға дейін өсті.

 

 

2013 жылы облыста басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне жататын 10 астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Индустриялық жобаларды жүзеге асыру өлшемдерінің бірі – кластерлік тәсіл, бұл жаңа буынның кластерлерін таңдау қажеттігін атап өткен Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес келеді.

Осыған орай, бірқатар өнеркәсіптік нысандарды орналастыру жоспарланған Индустриалы аймақ құрылысы басталды. Оның ішінде, әйнек кластерін дамыту міндеті тұр. Үстіміздегі жылы, инвестиция көлемі 172,0 млн. евроны құрайтын, қуаты тәулігіне 600 тонналық өнім шығаратын (жылына 19 млн. шаршы метр) әйнек зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Әйнек зауытының құрылысы оған қажетті компоненттер өндіртін зауыттарды ашуға түрткі болады. Атап айтсақ – кальцинирлік ұнтақ өндіретін зауыт, кварц құмын байыту фабрикасы, каолин, доломит өндірістері.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі айтарлықтай маңызды мәселелердің бірі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, отандық өндірушілерге тапсырыстарды орналастыру, сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосатын жергілікті қамту үлесін кеңейту болып табылады.

Осы орайда, ірі жобаларды жүзеге асыруда шағын және орта кәсіпкерлердің өнімдері қолданылып, олардың жобаларға қатысуы белсендендірілді. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің құбырлық эстакада құрылысына, «Қазхром ТҰК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауытының (№4 цех) құрылысына «Ақтөбе металл құрылым зауыты» ЖШС-нің өнімдері қолданылып, «Қазхром ТҰК» АҚ-ның Дөң КБК қажетті шахталық металл құрылымдарын даярлауға ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойылды.

Салаларда өндірілген, соның ішінде инновациялық құрамы бар өнім көлемін  ұлғайтуға мүмкіндік беретін резервтер бар. Мәселен, 2012 жылы «Көліктік технологиялар» ЖШС мен  «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ бірге отырып, қуаты жылына 430 мың тонналық рельс өнімдері зауытының құрылысына кірісті.

Ағымдағы жылы жоғары көміртекті феррохром өндіретін қуаттылығы жылына 440 мың тонналық жаңа ферроқорытпа зауытын іске қосу және қуаттылығы жылына 300 мың шаршы метр энергиялық тиімді әйнек пакеттерінің өндірісі және басқа жобаларды іске қосу жоспарлануда. 

Катодты мыс өндірісі, химиялық реагенттерді, санитарлық-техникалық бұйымдарды шығаратын өндірістер, ауыл шаруашылық саласындағы өнімдерді өсіру және қайта өңдеу кешендері іске қосылды.

Болашақта никел және битум зауыттарымен бірге басқа да өндірістер іске қосылатын болады. Жаңа өндірістерді дамытудың және индустриаландырудың негізгі факторы, облысты электр қуатымен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатта қуаттылығы 310 Мвт  газтурбиналы электр станциясы және қуаттылығы 48 Мвт Қарғалы ауданында жел электр станциясы секілді қосымша электр қуатын өндіру көздері іске қосылатын болады.

Өнеркәсіп саласында 1 трлн. 315 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі басымдылықтағы салаларда,  яғни химия өнеркәсібінде – 1,3 есе, өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде – 18,3%, металлургиялық өнеркәсіпте – 3,6% өсім байқалады.

Өнімнің негізгі түрлерін өндіру көрсеткіштері облыс бойынша 2011 жылғы деңгейге қарағанда жоғары. Мұнай өндіру көлемі 1,1% өсіп, 8,6 млн.тоннаны құрады, ілеспе газ – 9,7% (4,2 млрд.м3), мыс кендері – 18,6% (4,6 млн.тонна), хром концентраттары – 7,2% (3,9 млн.тонна) өсті.

2013 жылға арналған міндеттер:

— жалпы өңірлік өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 9,0% жеткізу;

— өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 45,0 мың АҚШ долларына жеткізу;

— «Өнімділік 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру;

— іскерлік белсенділікті ұлғайтуға ықпал ету және 450,0 млрд.теңгеге дейінгі көлемде инвестиция тарту;

— жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық өнімдер өндірісі бойынша жаңа инвестициялық жобаларды Индустриаландыру картасына енгізу.

 

Сыртқы экономикалық қызмет

2012 жылы облыстың сыртқы сауда көлемі 11,7 млрд. АҚШ долларына жетті немесе 2011 жылғы деңгейге 112,5% құрады. Сыртқы сауда айналымы 9,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде оң сальдоға ие болды.

 

Сыртқы сауда айналымының көлемі, млн.АҚШ доллары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорттың үлесі 38,4% құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 4%, ал республикалық орташа көрсеткіштен 11,6 % жоғары (ҚР бойынша 26,8%).

Біріктірілген еуразиялық экономикалық кеңістіктің сатылап қалыптасуы облыстың сыртқы экономикалық қызметінің жандана түсуіне қосымша серпін берді. 2012 жылдың 11 айында Ақтөбе облысының Кеден одағы елдерімен арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд.АҚШ долларын құрады.

Кедендік одақ елдерімен құрылған біріккен кәсіпорындар саны артты, атап айтқанда 2011 жылы 527 кәсіпорын болса, 2012 жылы олардың саны 268 бірлікке дейін көбейді.

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Табысты индустриаландыру факторларының бірі ретінде, шағын және орта бизнес ерекше орын алады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте (одан әрі ШОК) тіркелген субъектілердің саны 2012 жылы 10,6% ұлғайды (52,0 мың бірлік). Тіркелген ШОК субъектілерінің ішінен 33,8 мың бірлігі (65,0%) белсенді болып табылады, бұл республикалық  орташа көрсеткіштен (55,0%) 10,0 пайызға жоғары.

 

Осы салада жұмыс істейтіндердің саны 117,4 мыңға жеттіп, экономикалық белсенді тұрғындар санынан 27% құрады.

 

 

 

Өндірілген өнім көлемі 2,4% өсіп, 380,7 млрд.теңгеге жетті.

ҚР Тұңғыш Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың бастапқы қуаты» екендігін атап өтті.

Ауыл аймақтарындағы, сондай-ақ жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көлемдерінің жыл сайынғы өсуімен зор мүмкіндіктер ашылып отыр. Барлық қаржыландыру көздерінен 2012 жылы 48,5 млрд.теңге сомасына қаржы-несиелік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы нәтижесінде аймақтағы кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін жаңғыртуға және жаңа өндірістерді ашуға, сервис кәсіпорындарын құруға, жобаларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуге 1,8 млрд.теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Аталмыш бағдарлама бойынша 2012 жылы 154 жоба бекітіліп, соның ішінде 116 қарыз алушыға жалпы сомасы 10,8 млрд.теңге несие берілді, 16 кәсіпорынға жалпы сомасы 370,8 млн.теңгелік несиеге кепілдеме берілді, жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымның құрылысына 1 млрд. теңгеге 22 жоба қаржыландырылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыста 2,4 мың жаңа жұмыс орыны ашылды, бағдарлама қатысушыларынан түскен салық түсімдерінің көлемі 3,2 млрд. теңгені құрады.

Ақтөбе облысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда республика аймақтары арасында көшбасшылардың бірі болып саналады.

2010-2012 жылдарға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа ғана бастап жүрген кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» курстарында 794 кәсіпкер оқытылды.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырылуына 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Оларды толық және тиімді игеру үшін барлық деңгейде Ақтөбе қаласы мен бүкіл аудандарды қатыстыра отырып қажетті шаралар алу қажет.

Рұқсат беру тәртібін оңтайландыру бойынша  Елбасы берген тапсырманы орындау мақсатында  52 лицензия және рұқсат беру құжаттарын қысқарту (30%), 18 рұқсат беру құжаттары бойынша мерзімдерін қысқарту және қарау тәртібін жеңілдету, 9 рұқсат беру құжаттары бойынша ескертетін тәртіпке ауыстыру, бір рұқсатнама бойынша электрондық форматқа ауыстыру ұсыныстары берілді.

 

2013 жылға арналған  міндеттер:

— белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 35,0 мың бірлікке жеткізу;

— ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың санын 119,0 мың адамға дейін көбейту;

— ШОК секторында өндіріс көлемін  390,0 млрд.теңгеге дейін жеткізуді қамтамасыз ету;

— «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру;

— кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелерінде қоғамдық бірлестіктердің қатысуын жандандыру;

— Ақтөбе қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру;

— шағын несие ұйымдарының қызметін  жандандыру мақсатында ауылдық жерлердің тұрғындары үшін, кемінде 400,0 млн.теңге қаражат тарту.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

Облыстың аграрлық секторына 9,1 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда үштен бір есе көп. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге субсидияға бөлінді. Мал шаруашылығын дамытуға басымды түрде қолдау көрсетіліп, оған жалпы субсидия көлемінің – 78,6 пайызы бағытталды.

 

Ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидиялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсімдік шаруашылығын дамытуға 4,0 млрд.теңгеден астам мемлекеттік қаржысы бөлінді. Егістік алқаптардың 60 пайызына ылғал сақтаушы технологиялар қолданылды (2011 жылы – 55%).

 

 

2012ж. егістік алқап, мың га

Ылғалқорсақтау технологиясының алқабы, мыңга

Ауыл шаруашылығы дақылдары барлығы

оның ішінде:

2011 ж. себілгені

2011 ж. себілгені

астық дақылдарына үлесі , %

астық

барлық алқапқа  % есебімен

2011ж.

2012ж.

Облыс бойынша

719,2

578,7

80,5

324,1

350,0

551

60,5

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жүзеге асырылуда. Арпа дақылдары 1,8 есе, мал азығы дақылдары 14,2 %  артты.

Сонымен бірге, 2012 жылғы қуаңшылықтың салдарынан дәнді дақылдар егістігінің жартысына жуығы есептен шығарылды. Жиналған алқаптан гектарына 2,9 центнерден барлығы 94,7 мың тонна астық өндірілді.

Өсімдік шаруашылығының төмендеуінің себебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсіміне қол жеткізілген жоқ. 2012 жылғы өнім көлемі – 119,5 млрд. теңге, нақты индекс көлемі – 93,4% құрады.

 

 

 

 

 

 

 

Дейтұрғанмен, тұрғындарды нанмен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Есепті кезеңде біздің облысқа 61,3 мың тонна азықтық астық бөлініп, 1-ші сортты нан бағасын тұрақтандыру шаралары алынды.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы агроөнеркәсіп кешенінің ірі мекемелеріне арзандатылған бағамен 10,9 мың тонна жем бөлінді.

2012 жылы 90,5 мың тонна картоп, 77,7 мың тонна көкөніс-бақша өнімдері өндірілді. Сондай-ақ, тұрғындарды көкөніспен қамту мақсатында, соңғы екі жылда жылыжайлар алаңы 7,7 гектарға дейін жеткізілді. 2017 жылға қарай жылыжайлар алаңын 7,7 гектардан 112,7 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Ағымдағы жылы, тамшылатып суару жолымен картоп,  көкөніс-бақша өндірістерінің алаңдарын 200 гектарға дейін ұлғайту мақсаты қойылып отыр.

Алқаптардың өнімділігін арттыруда суармалы жерлерді игеру басты роль атқарады. 2012 жылы қолда бар 33,4 мың суармалы жердің бар болғаны 14,3 мың гектары немесе  43,0 % пайдаланылды. Суармадағы пайдаланусыз жатқан жерлер мен істен шыққан гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру, көлдетіп суару шабындықтары мен жайылымдарды айналымға қосу, бөгеттер мен дамбыларды қалпына келтіру және қайта жарақтандыру мақсатында республикалық бюджеттен 646,2 млн.теңге бөлініп толық игерілді.

Атқарылған жұмыстар Қарғалы, Ойыл, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласының тауар өндірушілеріне суарма алқаптарын ұлғайтуға, картоп, көкөніс өнімдерін  және мал шаруашылығына шүйгін (шырынды) мал азығын молайтуға мүмкіндік береді.

2012 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі міндеттерінің бірі, мал азығы өндірісін дамытумен бірге экспорттық әуелетті ұлғайтуға бағытталған мал шаруашылығын дамыту болды.

Бұл үшін, «Сыбаға» бағдарламасының мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда. Екі жыл ішінде 6,3 мың бас ірі қараның аналығы сатып алынды.

Облыстың оңтүстігінде орналасқан 4 ауданында – Ырғыз, Байғанин, Ойыл, Шалқар аудандарында жайылымды мал шаруашылығын дамыту жобасы іске асырылуда. 2012 жылы  аудан шаруашылықтарына  қой сатып алу үшін «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ  арқылы 500,0 млн.теңге несие бөлініп, 20,3 мың бас қой сатып алынды.

2013-2015 жылдары – Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар және  Темір аудандарының шаруашылықтарын осы жобаға қатыстыра отырып, жайылымдағы қой санын 80,0 мың басқа жеткізу жоспарлануда.

Сүт бағытындағы мал шаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында «Анди» ЖШС-і, 500 бас сиырға арналған тауарлы – сүт фермасының құрылысын аяқтады. 2013 жылы алыс шетелден 500 бас асыл тұқымды аналық ірі қара малын әкелуді жоспарлауда.

Мәртөк ауданының «Айс» ЖШС – нің  сүт кешені одан әрі дамуда, 2012 жылы 4736 тонна сүт өндіріліп, бір сиырдан орташа сауылған сүт сауылымы 6776 кг. құрады, бұл облыстың орта көрсеткішінен 3,8 есеге артық.

Құс және шошқа етін өндіру қуаттары артып келеді. Тұтастай алғанда, 2016 жылға қарай ет экспортын 16 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Облыстың агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 105,2% өсіп, 5,5 млрд. теңгені құрады. 2012 жылы, Алға ауданында «АкТеп» ЖШС-нің 3000 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы және 2000 бас ірі қараға арналған репродуктор-асыл тұқымды мал шаруашылығы кешені, «Жилкомплект» ЖШС-нің, қуаты жылына 100 тонналық ет цехы, «Ақтөбе нан өнімдері» ЖШС-нің қуаты жылына 11,5 мың тонналық макарон фабрикасы,  «Болат ЛТД» ЖШС қуаты 312 тонналық сүт цехы және тағы да басқа жобалар іске қосылды.

2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан азық-түлік белдеуін құру жобалары есебінен ет өңдеу үлесі 22,4%-ға, сүт-31,7%-ға дейін ұлғайды.

Жалпы алғанда, 2012 жылы тамақ өнімдері өндірісі 2,2%-ға өсіп, 31,7 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік қолдау бойынша алынған шараларға қарамастан мал шаруашылығы саласында өнімділік өте баяу өсіп келеді.

Облыс бойынша 2012 жылы өндірілген ірі қара мал етінің орташа тірілей салмағы 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бар болғаны 5 кг ұлғайып 287 кг құрады, жылқы – 4 кг (323 кг), шошқа – 2 кг (100 кг), қой – 39 кг деңгейінде қалды.

Асыл тұқымды малдың үлесі облыстың орташа көрсеткішінен мүйізді ірі қара — барлық аудандарда (Ақтөбе қаласымен  Алға, Қарғалы аудандары басқа), қой бойынша – Әйтеке би, Байғанин, Темір және Шалқар аудандарында; жылқы – Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарында төмен болып отыр. Бұл, мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.

 

 

2013 жылға арналған міндеттер:

«Ірі қара етінің экспорттық әуелетін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру жолымен мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын күшейту және тауарлы-сүт фермасын, шалғай жайылымда қой шаруашылығын, табындағы жылқы мен түйе шаруашылығын дамыту;

—       Ірі мал шаруашылығы кешендерінің құрылысын салуға ықпал ету, оның ішінде:

—       Алға ауданындағы «Реймқұл» шауа қожалығына – 1500 бас,  Хромтау ауданындағы «Жантізер» шаруа қожалығына  – 500 бас ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңдарын салуға;

—           Алға ауданында «АкТеп» ЖШС – 2000 бас, Хромтау ауданында «Молочный истории» ЖШС – 3000 бас, Алға ауданындағы «Реймқұл» шаруа қожалығына – 1000 бас ірі қара және  Қарғалы ауданындағы «Жаңа тұрмыс» шаруа қожалығына — 500 ірі қара малына арналған  шаруашылық – репродуктор құрылысына;

—           Алға ауданындағы «Көктас Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасын                 қайта жаңғыртуға (4 – кезеңі).

Шалғай жайылымда қой шаруашылығын дамытуды Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар және Темір аудандарында жүзеге асыруды жалғастыру; «Актөбе  Жылыжай» ЖШС (3 га.), «НИКА 99» ЖШС (2 га.), «GREENHOUSE KAZAKHSTAN» ЖШС (100 га.) мекемелеріндегі жылыжай кешендерінің құрылысын жалғастыру;   Ақтөбе қаласында 1,0 мың тонналық көкөніс қоймасының құрылысын аяқтау («Союз Автотрейд» ЖШС); Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жұмыстарын жандандыру, соның ішінде:

—           Қандыағаш қаласында 150,0 мың тонна астық сақтайтын элеватор кешенінің құрылысы;

—            Хромтау қаласында жылына 110,0 мың дана  бөлке нан шығаратын цехты пайдалануға беру («Ақтөбе нан комбинаты» ЖШС);

—           Ойыл селосында ірі қара, ұсақ мал терілерін және жүн өңдеу кешенінің құрылысы.

 

 

Инфляциялық үдерістер

Тұтынушы нарығында инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша 2012 жылдың басты бағыттарының бірі  ішкі нарықты  негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша жеке қуаттарды дамыту болып табылады.

2012 жылы тұтынушылық баға индексі 105,7% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен (республика бойынша– 106,0%), соның ішінде азық -түлік тауары  – 105,1% (ҚР-105,3%), азық –түлік емес тауар – 104,1% (ҚР-103,5%), ақылы қызметтер – 108,1% (ҚР-109,3%).

 

Тұтыну бағаларының индексі

 

 

 

Сауда инфрақұрылымы белсенді дамуда, атап айтқанда гипер және супермаркеттер: «Дина», «Метро», «Олжа», «Анвар» және азық-түлік тауарларын сақтау нысандары: «Килико-Тун» ЖШС, «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС, «Шим» ЖШС көкөніс терминалы, «СЗЦ Қарғалы» ЖШС тоңазытқыш кешені, «SeaI INT» ЖШС тоңазытқыш қоймасы, бұлар бір мезгілде 12 мың тоннадан астам картоп, көкөніс пен жеміс-жидектер сақтауға мүмкіндік береді.

Азық-түлік тауарларының Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 2012-2013 жылдардағы маусымға 596,0 млн.теңге бюджеттік қаражат бөлінді.

1350 тонна картоп, 770 тонна көкөніс, 50 тоннадан қарақұмық пен күріш, 300 тонна шекер, 150 тонна сиыр еті  сатып алынып, қоймаға сақталды.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаның маусымдық ауытқушылығын болдырмау мақсатында облыста 300-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырылып, онда 600,0 млн.теңгеге өнім өткізілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бөлшек сауда желілерімен 10% аспайтын сауда үстемесін қолдану туралы «Облыс әкімдігі мен негізгі ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындары арасындағы серіктестік туралы» Меморандум әрекет етуде. Аталмыш Меморандум талаптарының сақталуы бірінші сұрыптағы ұннан жасалған нанның бағасын тұрақты ұстауға септігін тигізуде.

Жүргізілген жұмыстар қала мен аудан тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуін едәуір жақсартып, азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық процестерді, атап айтқанда:

— азық-түлік тауарлары өндірісін құру және жұмыс істеп тұрған мекемелердің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;

— сауда – логистикалық инфрақұрылымды бұдан әрі дамыту, көкөніс және картоп қоймаларының алаңын ұлғайту;

— жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін кеңінен қатыстыра отырып,  ауылшаруашылық жәрмеңкелерін тұрақты өткізу;

— әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорын тиімді пайдалану, соның ішінде жыл сайынғы көкөніс өнімдерін қысқы мерзімге қоймаға салу тәжірибесін жалғастыру.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту

Мемлекет басшысы су, жылу, электр және газбен қамтамасыз ету жүйесін кең көлемде жандандыруды, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру қажеттігін атап өтті.

«Ақбұлақ», «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жандандыру» және «Өңірлерді дамыту» Бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде, облыс тұтынушыларына коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру қамтамасыз етілді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жандандыру Бағдарламасы 

Бағдарламаны іске асыру аясында тұрғын үйлерді жөндеу бағыты бойынша, өткен жылы 812,5 млн. теңгеге 35 көп пәтерлі тұрғын үй жөндеуден өткізілді, оның ішінде Ақтөбе қаласында жалпы сомасы 562,5 млн.теңгеге 28, Мұғалжар және Хромтау аудандарында жалпы сомасы 250,0 млн. теңгеге 7 көппәтерлі тұрғын үйлер  жөнделді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының  жылу энергиясына деген шығындары 30 пайызға қысқартылды.

Көппәтерлі үйлердің үй жанындағы аулаларын абаттандыру, жарықтандыру, инженерлік желілер және шатырларды жөндеу жұмыстары орындалды.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 60-қа жуық үйлерді жөндеу және 1,6 млрд. теңге қаржыны игеру.

Жылумен қамту

2012 жылы облыс пен аудан орталықтарының, шағын қалалардың жылу жүйелерін қайта жарақтау және қазандықтарды жаңарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, соның есебінен тұрақты түрде жылу беру қамтамасыз етілуде.

Мәселен, облыстық бюджет есебінен Ембі қаласында жалпы сомасы 115,0 млн. теңгеге бюджеттік ұйымдарға арналған 5 модульдық қазандық салынды.

Жем қаласында жалпы сомасы 223,0 млн теңгеге 3 қазандық және қаланың барлық жылу желілері (6,2 км) қайта жаңғыртылды.

Шұбарқұдық ауылының орталық қазандығы жаңғыртылып, 108,0 млн. теңгеге энергияны үнемдейтін 2 бу қазандары орнатылды. 2013 жылы 199,5 млн. теңгеге жылу желілері қайта жаңғыртылатын болады.

Ақтөбе қаласында  775,0 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 13 км құрайтын ішкіорамдық жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Шалқар, Алға, Қандыағаш және Бадамша ауылының жылу желілерін жөндеуге облыстық бюджеттен 90,0 млн. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, коммуналдық кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 800,0 млн. теңгеге облыс орталығының және шағын қалалардың орталық қазандықтарында отынды аз шығындайтын 12 қазандық орнатылып, 35 шақырымнан астам жылу желілері жөнделді.

Облыс бойынша облыстық бюджеттің және кәсіпорындардың өз қаржылары есебінен 2,2 млрд. теңгеден астам қаржыға жылу жүйелерін жаңғырту, жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бұдан әрі жақсарту мақсатында  жылу, электр және газбен қамтамасыз етудің 36 жобасы бойынша жалпы сомасы 6,7 млрд. теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді.

Осы жобаларды іске асыру есебінен Қандыағаш, Алға, Шалқар, Бадамша, Шұбарқұдық секілді ірі елді мекендердің жылу желілері мен қазандықтарының тозу мәселесі шешілетін болады.

2013 жылға арналған міндеттер:

— республикалық және облыстық бюджеттердің есебінен жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгеге 200 км инженерлік желілерді жандандыру бойынша 14 жобаны іске асыру.

 

«Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру

2011 жылдан бастап, ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2011-2020 жылдарға арналған жаңа  «Ақбұлақ» бағдарламасы енгізілді.

2011-2012 жалдары жалпы соммасы 6,8 млрд. теңге құрайтын сумен жабдықтаудың 45 жобасы жүзеге асырылды, оның ішінде 2012 жылы 28 жоба бойынша жұмыстар басталып, оның 3,9 млрд. теңге құрайтын 17 жобасы аяқталып, қалған 11 жоба 2013 жылға ауыстырылды.

261,2 км су құбырының желілері салынып, қайта жаңғыртылды. Бұл 10 мыңнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, оның ішінде: Ақтөбе қаласының Сазда, Алға ауданының Есет Батыр Көкіұлы, Болгарка, Сарықобда, Әйтеке би ауданының Комсомол, Әйке, Тереңсай, Мәртөк ауданының Жайсаң, Студенческое, Байтұрасай, Веренка, Қобда ауданының Жиренқопа, Ақыраб, Ойыл ауданының Қараой, Қаратал, Көптоғай, Хромтау ауданының Құдықсай, Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдары.

2013 жылы Әйтеке би ауданының Құмқұдық, Алға ауданының Родниковка, Маржанбұлақ, Байғанин ауданының Жарлы, Мәртөк ауданының Саржансай, Темір ауданының Промысел, Шұбарқұдық, Саркөл-Шұбарши, Шалқар ауданының Жылтыр, Ақтөбе қаласының Қызылжар, Пригородный ауылдарын сумен жабдықтау жұмыстары жалғастырылуда.

Сондай-ақ, өткен жылы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы 39 км кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша  0,5 млрд. теңгенің жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Халықты ауыз сумен бұдан әрі қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жалпы құны 13,8 млрд. теңге құрайтын 58 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленді және 2013-2014 жылдары қаржыландыру үшін республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізілді.

2013 жылға арналған міндеттер:

-«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттердің есебінен жалпы сомасы 7,5 млрд. теңге құрайтын сумен жабдықтаудың және су бұру жүйесінің 36 жобасын іске асыру;

-10,4 мың адамды сапалы құбырлық ауыз сумен қамтамасыз ету;

— орталықтандырылған сумен жабдықталған халық санының үлесін 90,5 % жеткізу.

 

  Газбен қамтамасыз ету

Өмір сүрудің жайлы жағдайларын жасаудың маңызды мәселелерінің бірі – елді мекендерді газдандыру болып табылады.

Бүгінгі таңда облыстағы 392 елді мекендердің 85 газдандырылған. Бұл елді мекендерде облыс халқының 80 пайызы немесе 632,3 мың халық тұрады.

Облыс орталығы мен шағын қалалар толығымен газбен қамтылған.

Өткен жылы жалпы сомасы 4,0 млрд. теңгеге газбен жабдықтаудың 25 нысаның жұмыстары атқарылды. Оның ішінен жалпы сомасы 2,1 млрд. теңгеге 10 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде:

— республикалық бюджеттің есебінен Хромтау ауданының Абай, Никельтау, Мәртөк ауданының Қаратоғай, Нагорное, Кеңсахара ауылдары;

— облыстық бюджеттің есебінен жалпы сомасы 780,4 млн. теңгеге Ембі, Жем шағын қалалары, Мұғалжар ауданының Бірлік, Құмжарған, Ақтөбе қаласының Белогорка ауылдары газдандырылды.

Бөлінген қаражаттарға 175 км газ құбыры тартылды, бұл 20,0 мыңнан астам тұрғындардың арзан отынға деген қол жетімділігін қамтамасыз етті.

Сонымен қатар газ құбырларын іске қосу шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, ауылдық елді мекендерде монша, наубайхана, мейрамхана секілді нысандардан облыстық бюджетке салық төлемдері түсіп тұрады, бұл облыстың экономикасын дамытуға елеулі әсерін тигізеді.

2013 жылға арналған міндеттер:

-республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге  газдандырудың 11 нысанын іске асыру. Оның ішінде Әйтеке би ауданының Қарабұтақ, Ырғыз ауданының Шетырғыз, Ырғыз, Мұғалжар ауданының Мұғалжар, Қарғалы ауданының Бородиновка, Хромтау ауданының Табантал, Шалқар ауданының Жылтыр және Алға ауданының Черноводск ауылдарына жеткізуші газ құбырын тарту, Алға ауданының Шибаевка, Маржанбұлақ, Қарабұлақ және Шалқар ауданының Жылтыр ауылына ішкі орамдық газ таратушы желілерін жүргізу.

-жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жалпы сомасы 734,8 млн. теңгеге Шалқар ауданының Қотыртас, Қобда ауданының Қобда, Мәртөк ауданының Родниковка Алға ауданының Бесқопа және Мәртөк ауданының Кеңсахара ауылдарын газдандыру.

 

Транспорттық  инфрақұрылымды дамыту

Бәсекеге қабілеттілікті  арттырудың негізгі факторларының бірі қазіргі заманғы  транспорттық  инфрақұрылымды  қалыптастыру болып табылады.

2012 жылы  қайта жаңарту  және жөндеу жұмыстарына 23,9 млрд.теңге , соның ішінде  жергілікті маңызды жолдарға – 6,4 млрд.теңге, республикалық маңызы бар жолдарға 17,5 млрд.теңге бөлінді.

Соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы, «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» 0-102 учаскесі, сондай-ақ «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы» 0-39,9 км учаскесі бойынша жұмыстар жалғастырылды. Аталған  жол учаскелері  2013 жылы  пайдалануға  беріледі.

2010 жылдан бастап жалпы құны 13,5 млрд.теңгені құрайтын «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолына қайта жаңарту жұмыстары  жүргізілуде.  2 жыл ішінде 100 км жол жөндеуден өткізілді. 2013-2014 жылдары 33 км жолды жөндеу жоспарланып отыр.

2012 жылы «Покровка-Темір-Кеңкияқ» автомобиль жолының күрделі жөндеу  жұмыстары аяқталып, 1,0 млрд. теңге қаржы игерілді.

Ақтөбе қаласының жол инфрақұрылымына үлкен назар бөлінуде. Оған, облыстық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, Әз-Наурыз көшесіндегі жол өтпесінің құрылысына, қала көшелеріндегі оң бұрылыстар мен «Батыс-2» шағын аудандағы тұрғын үйлерге баратын жолдың құрылысына бағытталды.

Ақтөбе қаласының көшелерінің 20 км-не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1,2 млрд.теңге игерілді.

Ақтөбе қаласының  аула аумақтарын жөндеуге 300,0 млн.теңге және қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізуге 248,3 млн.теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, облыстың жер қойнауын пайдаланушы  «Казхром «ТҰК» АҚ,  «Қазахойл» ЖШС, «Қазмұнайгаз» АҚ, «СНПС Ақтөбе мұнайгаз» АҚ  мекемелерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде және «Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында Хромтау қаласының 20 көшесін жөндеуге 236,0 млн.теңге, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласының көшелерін жөндеуге167,3 млн.теңге  және Мәртөк ауданының Мәртөк селосының көшелерін жөндеуге 16,3 млн.теңге бөлінді.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— 2013 жылғы қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарына бөлінген 14,5 млрд. теңге сомасындағы қаражатты толық көлемде игеру;

— «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасына кіретін «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы»,  «Ақтөбе қаласын солтүстік айналма жолы» қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау;

— «Самара-Шымкент-Аққұдық», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Үшқатты» 4-5 шақырым Қарағансай сайы арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеуден өткізу және Хромтау ауданы Көктау ауылында Ор өзені арқылы өтетін көпірді салу жұмыстарын аяқтау;

— «Покровка-Темір-Кенқияқі», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-ст. Үшқатты»,  «Шұбаркұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру;

— Ақтөбе қаласында Әз-Наурыз көшесінде жол өтпесінің құрылыс жұмыстарын аяқтау;

— Алға, Шалқар және Қобда ауданы орталықтарының ішкі жолдарын жөндеу.

 

Инвестициялар және тұрғын-үй құрылысы

2012 жылы облыс экономикасына 7,9 пайыздық өсіммен 430,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның негізгі бөлігі кәсіпорындардың қаражаттары мен қарыздық қаржылар – 76%.

2011 жылмен салыстырғанда шет елдік инвестиция көлемінің 17 пайызға өсуі облыстағы іскерлік белсенділіктің өсуінің куәсі болып табылады.

Бюджеттік инвестиция 3,4% өсіп, 60,8 млрд. теңге құрады. Бұл қаражат білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын дамытуға және автокөлік жолдарының жағдайын жақсартуға бағытталды.

Тұрғын үй құрылысына 31,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, ол 2011 жылға 127,9% құрады.

Ақтөбе облысы 2012 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемдері бойынша өткен жылмен салыстырғанда Республика бойынша 5-ші орында тұр.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен 430,1 мың ш/метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бұл 2011 жылға қарағанда 4,9 пайызға артық. 3175 ақтөбелік отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 2012 жылы 5,0 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді.

291,9 км инженерлік желілер пайдалануға берілді. Оның ішінде: электр қуатымен жабдықтау-127,1 км, жылумен жабдықтау-0,42 км, сумен жабдықтау-68,6 км, кәріз-1,7 км, газбен жабдықтау-93,2 км және телефондандыру-1,02 км.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— барлық қаржыландыру көздері есебінен 455,4 мың шаршы метр тұрғын-үйді пайдалануға беру, оның ішінде 95,4 мың шаршы метр жалдамалы және несиелік тұрғын үй  және мемлекеттік емес кәсіпорындардың және халықтың қаражаттары есебінен 360,0 мың шаршы метр тұрғын үй;

— тұрғын үйлер салынатын аудандарды инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз етуге жоспарланған республикалық бюджеттен қаралған қаржыны игеру.

 

Қаржы

2012 жылы  мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер  Ұлттық қорды  есептегенде 592,0 млрд. теңге құрады, 2011 жылдың деңгейінен 5,6% есе артық . Оның ішінде Ұлттық қор – 387,1  млрд. теңге (өсім-6,8% есе),  республикалық бюджет — 134,4 млрд. теңге (0,3% есе), жергілікті бюджет 70,6 млрд. теңге (6,3 %).

Мемлекеттік бюджеттің жылдық болжамы 103,6 % орындалды (Ұлттық қорды қоспағанда), оның ішінде республикалық бюджет-102,2%, жергілікті бюджет – 106,3% орындалды.

Жергілікті бюджет түсімінің үлес салмағы мемлекеттік бюджеттің түсімінің жалпы көлемінің 34,4%. құрайды.

 

 

Атауы

 

2011 жыл

кірістердің жалпы көлемінен үлесі, %  

2012 жыл

кірістердің жалпы көлемінен үлесі, %  

% болжам

Жалпы түсім 560 525,4 100 591 985,0 100 105,6 Ұлттық қор 362 329,0 64,6 387 079,1 65,4 106,8 Мемлекеттік бюджет 198 196,3 — 204 905,0 — 103,4 Республикалық бюджет 133 978,2 23,9 134 354,3 22,7 100,3 Жергілікті бюджет 64 218,1 11,5 70 551,5 11,9 109,9 Соның ішінде:           Облыстық бюджет 31 644,6 — 32 826,6 — 103,7

Экономиканың өсуі, табыстардың және тұтынудың ұлғаюы облыстың бюджетіне оң әсер етті. Бұған салық салынатын базаның кеңеюі, өндірістің өсуі мен жаңа кәсіпорындардың ашылуы, сондай-ақ салыққа әкімшілік етутің жақсаруының нәтижесінде қол жеткізілді.

Облыс бюджетінің шығындары 2012 жылы 143,6 млрд.теңгені құрады және экономиканың барлық салаларына, оның ішінде әлеуметтік саланы қаржыландыруға мүмкіндік берді:  білім – 47,8 млрд. теңге  (33,3 %  шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі), денсаулық сақтау  – 20,3 млрд. теңге (14,1 % ), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету – 4,8 млрд. теңге (3,3%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік  – 7,5 млрд. теңге (5,2%).

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— бюджетке түсетін салықтар мен басқа да салықтық емес төлемдердің болжамдық түсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

— облыстық бюджеттің тұтастай орындалуын айқындау және ең жоғары нәтижесіне қол жеткізу;

— тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті орындау мен қалыптастыру жүйесін енгізуді жүзеге асыру;

 

Денсаулық сақтау

2012 жылы денсаулық сақтау саласында едәуір табыстарға қол жеткізілді, бұны демография мен тұрғындардың денсаулығы көрсеткіштеріндегі оңды бағдарлар айғақтайды.

Күтілетін өмір сүру ұзақтылығы 70,7 жасқа жетті (2011 жылы – 70,16). Облыста туу көрсеткіштері артуда.  2012 жылы 19 мың нәресте туылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 мыңға артық.

Туу көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 3,1% артты.

 

ҚР бойынша туылу көрсеткіштері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғындардың табиғи өсімі 4,5% көбейді. Облыстағы тұрғындар өлімі бойынша жалпы көрсеткіш республикалық көрсеткіштен төмен (1000 тұрғынға шаққанда – 7,5, Республика бойынша – 8,56).

Әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетудің енгізілген халықаралық стандарттары елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Емдеу-диагностикалық процесін енгізу және оның сапасын жақсарту бөлігінде жүзеге асырылған шаралар сәби өлімін 0,8 % -ға төмендетуге мүмкіндік берді. 2012 жылы облыста ана өлімі тіркелген жоқ.

 

Ана өлімі

 

 

 

 

Әлеуметтік маңызды дерттердің барлық түрлері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Қан айналымы жүйесі ауруынан өлім-жітім 18,8% азайды. Тұрғындардың туберкулезбен сырқаттануы 3,1% төмендеп, туберкулез ауруынан болған өлім саны республикалық деңгейден де төмен болып отыр.

Денсаулық сақтау саласының оң нәтижелеріне қол жеткізуге скринингтік тексерулер ықпалын тигізді: өткен жылы осы бағытта облыстың 247,0 мың тұрғыны тексерілді. Оның ішінен бастапқы сатыдағы 13 мың ауру анықталып, диспансерлік тіркеуге алынып дер кезінде ем берілді.

Облыста кардиохирургия мен ортопедия саласына озық технологиялар енгізілуде.

Аталған бүкіл оң нәтижелерге жүйені қаржыландырудың артуы, жаңа нысандар құрылысын салу, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кадр қорын инвестициялау арқасында қол жеткізілді.

2012 жылы салаға бөлінген қаржылық салымдар 2011 жылға 114,5 % құрады. Құрылысқа жұмсалған қаржыларды есепке алғанда, облыстың денсаулық сақтау саласының жиынтық бюджеті 2012 жылы 29,1 млрд. теңге құрады.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысының емдеу-профилактикалық ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға 2012 жылы 621,1 млн. теңге бөлінді.Бұл қаржыларға медициналық жедел жәрдем ауруханасына заманауи қымбат құрал-жабдық, ангиограф, қатерлі ісіктерді ерте анықтауға қажетті сұйық цитология аппараты сатып алынды. Шұғыл медициналық жедел жәрдем көрсетуді жақсарту үшін GPS-навигация жүйесі орнатылған 12 санитариялық автокөлік сатып алынды.

Облыста «100 аурухана құрылысы» және «Денсаулық сақтаудың 350 нысанының құрылысы» мемлекеттік бағдарламалары нәтижелі жүзеге асырылуда.

Республикалық бюджет есебінен 3 ірі жобаны – Жаңақоныс ауылында 300 төсектік көпсалалы аурухананың, Ақтөбе қаласындағы 12 шағын ауданында 500 қабылдауға арналған емхананың және Темір ауданы, Шұбарқұдық селосында 250 қабылдауға арналған аудандық емхананың құрылысын жүзеге асыру жалғасуда. Осы жылы барлық 3 нысанды іске қосу көзделуде.

Денсаулық сақтау нысандарын жобалау және құрылысын салуға облыстық бюджеттен 834,6 млн. теңге бөлінді. Саланың 11 жаңа нысанының құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Олардың ішіндегі ең ірісі  – Қарғалы қалалық ауруханасының Жилянка поселкесіндегі 80 керуеттік перзентхана бөлімшесі және облыстың селолық аудандарындағы 10 медициналық бекет.

Мемлекеттік – кәсіпкерлік серіктестік бағдарламасы аясында ең ауқымды жобалардың бірі «Дәру клиникасы» медициналық оңалту орталығының құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Аймақта дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен және тегін алуға құқылы азаматтарды қажетті дәрілік құралдармен үздіксіз қамтамасыз ету жолға қойылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— ана мен бала өлімін, қан айналу жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар салдарынан болатын өлімді, травматизмді, туберкулезді азайту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, көлікті медицинаны дамыту;

— алғашқы медико-санитарлық жәрдемнің әлеуметтік бағытталған моделін дамыту;

— емханалық дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, формулярлық жзүйені енгізу;

— денсаулық сақтаудың жалпы жүйесіне инновациялық жобалар мен озық технологиялар трансфертін енгізу;

— халықаралық нормаларға сәйкес медициналық көмек көрсетудің стандарттарын жетілдіру;

— менеджменттің заманауи құралдарын, мемлекеттік секторда корпоративті басқарудың қағидаттарын енгізу, мемлекеттік жеке меншік әріптестік, ресурстар жинақтаудың тиімді механизмдерін дамыту;

— денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың құрылымы мен мазмұнын жетілдіру;

— «Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту

 

Эпидемиологиялық жағдай

2012 жылы  инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Облыста 29 нозология бойынша аурулар тіркелмеген.

2011 жылмен салыстырғанда 14 нозология бойынша  аурулардың төмендеуі байқалады, оның ішінде туберкулез  ауруы 4,7 %, жіті ішек инфекциясы 9,2%, соның ішінде бактериалды дизентерия 44,7%, перинатальдық кезеңдегі ауру 44,6% және т.б.

Вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен  75,6 млн. теңге жұмсалып, оған  2010 жылы туған балаларға арналған  «А» вирустық гепатитіне қарсы 33,3 мың мөлшер вакцина және тұмауға қарсы 30,0 мың мөлшерден вакцина сатылып алынды.

Кедендік одақ аясында шеттен әкелінетін және сауда орындарындағы қоғамдық тамақтану орындарындағы, бөлшек сауда орындарындағы сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді. Азық-түлік өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін сынамалар үлесі 0,8%, санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша  сәйкес келмейтін сынамалар үлесі 0,2 % екендігі анықталды.

Ақтөбе облысы  аумағында радиациялық жағдай тұрақты.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— инфекциялық емес ауруларды алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алғашқы медициналық көмекпен бірітіру.

Білім беру

Ел  Президенті өзінің «Стратегия-2050» Жолдауында экономиканың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге бағытталған білім берудің қазіргі заманғы моделін құру қажеттілігі туралы атап көрсетті.

Білім берудегі жүйелі өзгерістердің катализаторы 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі  аспектілердің бірі білім беру қызметіне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ететін білім беру жүйесін қаржыландыру болып табылады.

Облыста білім беруді қаржыландыру соңғы 5 жылда 2 еседен аса жоғарылады. 2012 жылы білім беруді қаржыландыру көлемі 46,7 млрд. теңгені құрады.

2011 жылмен салыстырғанда, бір оқушыға жұмсалатын қаражат көлемі де артты: мектепке дейінгі ұйымдарда – 1,7 есеге дейін, жалпы білім беретін мектептерде — 1,2  есеге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында — 1,3 есеге артты.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облыста 7,7 мың орындық 141 мектепке дейінгі білім беру нысаны ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жеке балабақшалар желісін 7-ден 16 бірлікке дейін кеңейтуге әсерін тигізді. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бүгінгі күні 2000 астам сәби жеке балабақшаларға барып жүр.

Жалпы алғанда, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту  64,9% құрайды, ал республика бойынша — 47,5%, 3-тен 6 жасқа дейін – 85%,  бұл республикалық көрсеткіштен 14,4 % жоғары (ҚР – 70,6%).

Дегенмен, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына қажеттілік,  әсіресе, Ақтөбе қаласы тұрғындары үшін өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта 24 мыңнан астам бала кезекте тұр. Қарғалы, Ойыл, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласының балабақшаларында орындардың тығыздығы байқалуда.

2013 жылы бұл мәселені шешу үшін 1225 орынға 12 мектепке дейінгі ұйым нысандарын ашу көзделіп отыр, соның ішінде: республикалық және жергілікті бюджет есебінен бала бақша құрылсын жүргізу, ғимаратты қайтару және жеке балабақша ашу.

2012 жылы сапалы білім мен тәрбие алуға барлық жағдай жасалған, 3130 орындық жаңа үлгідегі 10 мектеп пайдалануға берілді.

Соңғы үш жылда типтік ғимаратта орналасқан мектептердің желісі 15 бірлікке артты.  Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2012 жылдың соңында облыс бойынша апатты жағдайдағы мектептердің үлесі   2,6%-дан 1,3%-ға дейін азайды. Апатты және үшауысымды мектеп мәселесін шешу үшін тағы 17 мектептің құрылысы жүргізілуде.

120 орындық жатақханасы бар 720 орындық «Назарбаев зияткерлік  мектебінің» құрылысы аяқталды. Жобаның жалпы құны 2,7 млрд. теңге. Бұл, балалардың интеллектуалдық дамуына мүмкіндік беретін бірден-бір жоба.

Күрделі жөндеу  жүргізілген  нысандар саны 2011 жылмен салыстырғанда, екі есеге артты. 69 білім беру нысандарына 1,8 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның он бірі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 4-бағытының шеңберінде жөнделді.

Бүгінгі күні облыс мектептерінің 50,5% жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен жабдықталды. Мектептің       материалдық базасын нығайтудың  перспективалық жоспары әзірленді.

Мектептердің барлығы интернет желісімен қамтылып, оның ішінде 73% кең жолақты интернет желісіне қосылған.

Мектептердің материалдық-техникалық жағдайы жалпы орта білім беру ұйымдарының тиімді және нәтижелі қызмет жасауына тікелей әсерін тигізеді.

Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттердің бірі  2012 жылғы ҰБТ нәтижесін жақсарту  және  облыстың орташа балын  Республикалық деңгейге жеткізу болды. Бұл міндет сәтті орындалды, ҰБТ қорытындысы бойынша облыс Республикада алдыңғы қатарға шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үшін қолайлы жағдай жасау – білім беру кеңістігінің маңызды құрамдас бөлігі.

2012 жылы облыста ыстық тамақпен оқушылардың 89% қамтылды, бұл республикалық  көрсеткіштен 10% жоғары (ҚР-79%).

Балалардың жазғы  демалысын, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру шараларымен оқушылардың 89% қамтылды. 2012 жылы  балалардың жазғы  демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруды қаржыландыру 1,4 есеге артты. Жергілікті бюджеттен 120,6 млн.теңге бөлініп, 45,4 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетілді, кәсіподақ ұйымы қаражаты есебінен 0,8 млн.теңге және ата-аналар есебінен 19,8 млн.теңге қаржы жұмсалды. Сәйкесінше 2011 жылмен салыстырғанда балаларды қамту 1,2 есеге артты.

Қосымша білім беру оқушылардың таным мен шығармашылықта тұрақты қажеттілікке ие болуына, өзін толыққанды жетілдіруге, кәсіби және жеке тұлға ретінде өз тағдырын өзі шешуіне мүмкіндік жасайтын жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретінде дамып келеді.

Оқушыларды қосымша білім берумен қамту 43,1%-ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР -22,9%).

Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау, түзету және оларға білім беру үшін арнаулы кабинеттердің саны артып келеді.

Қызмет етіп тұрған 6 түзету кабинеттері қатарына 2013 жылы Әйтеке би, Байғанин, Ойыл аудандарында 3 кабинет іске қосылады.

Жетім балалар санының азаюы байқалуды.

2012 жылы 152 бала асырап алынды. Мемлекеттік қолдау негізінде қорғаншылыққа, патронаттық тәрбиеге алынған балалардың саны 1175 баланы құрады (барлық жетім балалар санының 67%).

14 жетім бала тұрғын үй алды. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алуға 61,7 млн.теңге бөлінді.

Осы шаралардың барлығы Елбасының жас қазақстандықтарды өз бетінше өмір сүруге, ынталы еңбек етуге бейімдеудің тиімді жүйесін құру бойынша берген тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Бұл жерде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ролі маңызды болып табылады (бұдан әрі – ТжКБ). Мемлекет Басшысының бастамасымен ТжКБ қызмет етуінің принципті тұрғыда жаңа моделін қалыптастыру басталды. Жаңа модельдің маңызды элементтерінің бірі облыста бұрын қызмет жасаған 15 кәсіптік лицейдің жаңа мәртебеге – колледжге ауысуы болып табылады.

Бұл бір оқу орнының  қабырғасында бірнеше біліктілігі бар мамандық  алуға, ТжКБ оқудың тартымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп әрі жекелеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасымен мамандар даярлауды 42 колледж жүзеге асырып, онда 38,0 мың жастар білім алуда, оның 4,3 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша.

ТжКБ моделінде колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту  аса маңызды болып табылады. Өткен жылы соңғы 5 жылда алғашқы рет осы мақсатқа  225 млн. астам теңге бөлінді. 2013 жылы 7 колледжді республикалық бюджет есебінен 175 млн.теңгеге жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылып отыр. Сонымен қатар, ТжКБ 11 нысанына 582,4 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Оқу орындарының әлеуметтік серіктестіктермен бекітілген келісім-шарттарының саны артты. (2011 жылы – 144 келісім-шарт, 2012 – 163 келісім-шарт).

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен қазақстандық тәжірибеге дуалдық жүйені енгізу қарастырылуда. Облыста бұл жүйе 2009 жылдан бастап Хромтау тау-кен техникалық колледжінде (бұрынғы №4 КЛ) Дөң кен байыту комбинатымен бірлесіп енгізілді. 2013-2014 оқу жылынан бастап осы инновациялық жүйені пилоттық жоба ретінде  облыстың 5 колледжіне енгізу жоспарлануда.

ТжКБ моделінде 2012 жылы 36 оқу орны қатысқан кәсіптік дайындық сапасын тәуелсіз бағалау ерекше орын алады.

87 мамандық бойынша болашақ 6 520 бітірушінің 4778-і (73%) тиісті біліктілік деңгейін бірінші тапсырғаннан дәледеді, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 10% жоғары.

Техникалық және кәсіптік білім беру қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, оқу орнын бітірушілерді  жұмысқа орналастыру болып табылады.

Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша облыс республикада Қарағанды, Павлодар облыстарынан кейінгі 3-орынға ие.

Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі –  педагогтардың мәртебесін көтеру,  мұғалім еңбегінің беделін арттыру.

Облыстағы 16408 мұғалімінің 70% санаттарына қарай  еңбекақыларына жаңа үстеме ақы алады.  Сонымен бірге 466 мұғалім біліктілік арттырудың жаңа жүйесінен өту қорытындысы бойынша қосымша  ақы алуда.

Педагог қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыруға, әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шаралар жүргізілуде.

2013 жылға арналған міндеттер:

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстарды жалғастыру:

— мектепке дейінгі ұйымдар желісін және 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 90% дейін арттыру бөлінісінде «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру;

—        білім сапасын арттыру, соның ішінде жаратылыстану-математика циклі бағдарламаларын сапалы меңгерген оқушылар үлесін 58% арттыру;

—        инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайтын білім беру ұйымдары үлесін олардың жалпы санынан 20% жеткізу;

— техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының   жұмысқа орналасқан және қамтылған бітірушілерінің үлесін 90%, жетім балаларды жұмысқа орналастыруды 100% арттыру;

— жоғары және бірінші санатты жоғары білікті педагогикалық қызметкерлер үлесін 41% дейін арттыру.

Еңбек нарығының қажеттілігін жоғары білікті кадрлармен қаматамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру:

— ТжКБ ұйымдарына оқытудың дуалдық жүйесін енгізу;

— мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін еңбек нарығы қажеттіліктерінің ғылыми негізделген сараптамасын жасау.

 

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

Экономикалық әлеуеттің өсуі, жаңа  өнідірістерді ашу және жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейту, шағын және орта бизнестің дамуы  2012 жылы 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын  ашуға, 13 мыңнан астам жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыруға, 5,4 мың адамды қоғамдық жұмыстарға бағыттауға мүмкіндік туғызды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шаралары белсенді іске асырылуда. 2012 жылы 2400 жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға көмек көрсетілді, жастар тәжірибесіне 1772 жұмыссыз түлектер, 682 адам кәсіби даярлауға бағытталды

Ауылда кәсіпкерікті дамытуға ықпал ету үшін 264,5 млн.теңге көлемінде 145 шағын несие берілді, кәсіпкерлік негізіне 140 адам оқытылды, ШОК инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 60,8 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін Ақтөбе қаласының «Батыс-2» ықшам ауданында 71 пәтерлі тоғыз қабатты кірпішті тұрғын үй салуға 380,2 млн. теңге бөлінді. Экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендерден 68 отбасына пәтер берілді. Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге 6,5 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Бағдарлама аясында ауылдық елді-мекендерді дамыту мақсатында 559,5 млн теңгеге, білім саласының 11 объектісі және деңсаулық сақтау саласының 4 объектісі күрделі жөндеуден  өткізілді.

Барлығы «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға 2,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, оның 99,8% игерілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 0,2%  құрады, орташа  республикалық  көрсеткіш 0,4 %.

Облыс халқы санындағы аз қамтылған азаматтардың үлесі 2012 жылдың 1 қаңтарына 0,1% болса, жыл аяғында бұл көсеткіш 0,04%  құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 469 аз қамтылған отбасына 8,7 млн.теңге көлемінде, тұрғын үй көмегі – 4135 отбасына 67,1 млн.теңге көлемінде тағайындалды.

Кірістері азық –түлік себетінен төмен 8 мың отбасында тұратын 18 жасқа дейінгі 21 мыңнан астам балаларға 286,1 млн.теңге көлемінде жәрдемақылар тағайындалды.

Барлығы 2012 жылы облыстың 140 мың азаматтарына 2,9 млрд.теңге көлемінде әр түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Жалғыз басты қарттармен  және  мүгедектермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылы мүгедектерді оңалту жеке бағдарламалар бойынша 3756  мүгедек жүру техникалық жабдықтармен, протезді-ортопедиялық көмекпен, гигиеналық жабдықтармен, жеке көмекшімен, санаторді-курорттық сауықтандырумен 169,4  млн.теңге көлемінде қамтамасыз етілді.

2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 664  жалғыз басты қарт азаматтар және мүгедектер тұрады. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған  әлеуметтік бейімделу  орталығында 213  адам бейімдеуден өтті.

Еңбек ақы берешегі. Еңбек ақы берешегін жою үшін «борышты» – мекемелердің басшыларымен тұрақты түрде жеке жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылы еңбек ақы берешегі 394,5 млн.теңге көлемінде анықталды. Әрбір еңбекақы төлемінің кідіру фактісі бойынша жедел шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықты жою үшін жазбаша өкімдер берілді және жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде берешектер толық өтелді.

 

 

2013 жылға арналған міндеттер:

-12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу;

-9 мыңға жуық жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру;

-экономикалық белсенді халықтың санынан  жалпы жұмыссыздық деңгейі

5,0 %, табыстары күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 3,5 % асырмау шараларын қолдану;

-үкіметтік және үкіметтік емес секторларда жартылай стационар және үй жағдайында мүгедектерге қызмет көрсету үшін стандарттарды енгізу жұмыстарын жалғастыру;

— еңбек ақы берешегін жоюға арналған пәрменді шаралар қабылдау.

Мәдениет

Мәдениет саласын бюджеттен қаржыландыру көлемі 2827,3 млн.теңге құрады. 18  мәдени нысанының құрылысы мен қайта жаңғыртуына, күрделі жөндеуіне және оларға ЖСҚ даярлауға 81,7 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Бұл қаражатқа Ақтөбе қаласы және Ойыл ауданындағы мәдени және демалыс Орталық саябағының, Абат-Байтақ Мавзолейіндегі Шырақшы үйінің құрылысы жүргізілді.

Ақтөбе қаласында орталықтандырылған  кітапхананың қалалық филиалы, Ойыл ауданындағы Көптоғай селосының клубы, облыстық филармонияның залы, Байғанин ауданының Ноғайты және Алтай селолық клубы және басқалары жөнделді.

Өнер және мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға және жарақтау мақсатында 113,5 млн. теңге бөлінді.

Ақылы қызмет көлемі жыл сайын өсіп келеді, 2012 жылы 94,4 (2011 ж. — 90,5) млн.теңге құрады.

Облыстың кітапханалары үшін 65 мың дана жаңа әдебиеттер сатып алынды. Облыс кітапханаларының жалпы кітап қоры 2,6% өсті. Оқырмандар мен электрондық  кітапхана қызметін пайдаланушылар саны да өсіп келеді.

Ұлттық «Мәдени мұра» жобасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 21,7 млн. теңгеге Байғанин ауданындағы Індібай тамы толық қайта қалпына келтірілді, сонымен бірге Байғанин ауданының Жарқамыс селолық округіне ядролық жарылыс болған жерге ескерткіш белгі қойылды.

Қобда, Ойыл аудандарының  тарихи және мәдени ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау аймақтарын белгілеу, олардың жағдайын тексеру және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тұтастай алғанда «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 51,8 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Облыстық музейлердің қоры 2,2 % өсіп, 160,6 мың дана экспонатты құрады.

2012 жылы облыс бойынша 21 мыңнан астам мәдени шаралар,  театрландырылған көріністер мен концерттер өткізіліп, оларға 3,6 млн. көрермендер қатысты.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

—   мәдениет мекемелер желісін  дамыту аясында 2 кітапхана, 2 клуб ашу;

— салада құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу, жабдықтау мен жарақтандыруды, кітапханалар жүйесін моделдендіруді жалғастыру;

— Әйтеке би ауданы «Хан моласы» қорымында көрнекті мемлекет қайраткері Әбілқайыр ханның 320 жылдығына орай мемориалды кешен тұрғызу, Ақтөбе қаласында Т.Ахтановқа және Қ.Шаңғытбаевқа біртұтас ескерткіш кешен орнату;

— Алға ауданындағы «Есет батыр» Мемориалдық кешенді кеңейту жұмыстарын жүргізу;

— тарих және мәдениет ескерткіштерін құжаттауды, Шалқар, Ырғыз, Байғанин аудандарының ескерткіштер Жинағына материалдар жинауды жалғастыру, Мұғалжар ауданы ескерткіштерінің Жинағын шығару, Қобда және Ойыл аудандарындағы археологиялық қорғандарға қазба жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;

— мәдениет саласындағы халыққа қызмет көрсету сапасын қанағаттандыру деңгейін 60 пайызға дейін көтеру.

 

Мемлекеттік тіл саясаты

Облыста  оңтайлы  тілдік ахуал  қалыптастырылуда. Мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі 81,5%, орыс тілін меңгергендер үлесі 91,7%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі  27,3%.

2011  жылмен салыстырғанда, облыста мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған деп санайтындардың үлесі 10,2%-ға артқан,  бұл жайт осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігінің айғағы болып отыр.

Облыста тұрып жатырған өзге ұлт өкілдері балаларыны  қазақ  тіліндегі балабақша мен мектептерде оқуға ниет білдіруде. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім мекемелерінде 878  бүлдіршін, жалпы  мектептерде  437 бала  қазақ тілінде  білім алуда.

Облыста  жалпы білім беретін мектептердің 65% және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің 72% оқу және тәрбие  жұмысын қазақ тілінде жүргізеді.

Облыстың мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік тілде іс қағаздарды әзірлеу үлесі орташа  республикалық  көрсеткіштен  18% артып, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 98 пайызды құрады.

Жылдан-жылға мемлекеттік тілді  үйренушілердің  құлшыныстары арта түсуде.  Ағымдағы жылы өткізілген зерттеу қорытындылары  қазақ тілін оқып-меңгеру қажет деп санайтын тұрғындар үлесі 92%-ды құрап отырғанын көрсетті.

Тілді  үйренемін деген адамға облыста ересек тұрғындардың қажеттілігін  қанағаттандыру үшін барынша қолайлы материалдық-техникалық, методикалық жағдай жасалып отыр. Мемлекеттік тілді оқыту курстарымен қамтылған тыңдаушылар  саны 2011 жылмен салыстырғанда  9%-ға (1601 тыңдаушы),  оның  ішінде  халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің үлесі 40%-ға, жеке тұлғалар үлесі 3 есеге артып отыр.

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде 2011 жылмен салыстырғанда көрнекі ақпарат саласындағы тіл туралы заң бұзушылықтар 6% -ға, ал көрнекі ақпараттар мәтіндеріндегі  заң бұзушылықтар 47,2 %-ға азайды.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

—       қазақ тілін отбасылық құндылық ретінде көпшіліктің қолданылуына  қол жеткізу жөнінде түсіндіру-насихаттау  шаралар жүйесін іске асыру;

—       мемлекеттік органдар қызметкерлерінің  қазақ тілін меңгеру деңгейлерін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалауды жүргізу;

—           мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 70% дейін арттыру.

 

Туризмді, дене шынықтыру мен  спортты дамыту

Туристік саланы дамыту үшін 2012 жылға бөлінген қаражат көлемі – 18,4 млн  теңге құрады. 2014 жылға дейінгі Ақтөбе облысының туристік кластерін құрылуының және дамуының шебер-жоспары жасалды.

«Батыс Европа-Батыс Қытай» транзиттік дәліз бойындағы Ақтөбе учаскесінде жалпы ұзындығы 621 шақырымды құрайтын туристік кластерді құру жұмыстары қолға алынуда.

Жол бойындағы заманауи кешендерді орналастыру орындары анықталып, оған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізу және кешендердің құрылысын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Ақтөбе қаласын солтүстіктен айналып өту» жол учаскесінің жанындағы «Грин Лэнд» демалыс базасына инженерлік инфрақұрылым өткізу үшін 2012 жылы 32,5 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Ақтөбе облысының туристік әлеуеті «ARTF – 2012» Ақмола аймақтық туристік жәрмеңкесінде, Алматы  қаласындағы «KITF – 2012» және «Astana Leisure-2012»  халықаралық туристік көрмелерінде көрсетілді.

Жыл сайын Ақтөбеде «ITFA. Туризм. Саяхат. Спорт» халықаралық туристік көрмесі мен қолданбалы өнердің және қолөнер шеберлерінің Республикалық фестивалі өткізіледі.

2012 жылы С.Бәйішев атындағы университет алғашқы жоғары білімді туризм мамандарын дайындап шығарды

Мемлекет басшысының салауатты өмір салтын насихаттауға, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуға аса көңіл бөлуіне орай, облыста спорт инфрақұрылымын дамыту шаралары қолға алынуда.

Бүгінгі таңда облыста  1520 әр түрлі үлгідегі спорттық құрылғылар, оның ішінде: 14 стадион, 1 спорт сарайы, 11 спорт кешені, 378 спорт залы, 27 ату тирі, 3 шаңғы базасы, 7 жүзу бассейні, 24 теннис корты, 26 хоккей корты, 1 ипподром, 867 жазық спорттық құрылғылар, 156 қоса салынған спорт залдары бар.

Облыс бойынша 385 мың тұрғындардың қатысуымен 1988 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Тұрғындардың жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың үлесі 22,9% -дан 23,9 %-ға дейін өсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорт резервін және жоғары деңгейдегі спорт шеберлерін  дайындайтын 27 спорт мектебі 15,4 мың  адамға дене шынықтыру және спорт саласында қосымша қызмет көрсетуде.

Облыс орталығында «Намыс» спорт клубы және  «Ел Қайраты» спорттық ауылдық қоғамы құрылды.

Щучинск қаласында өткен І республикалық ауылдық қысқы спартакиадасында облыс құрама командасы  жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болды. Қазақстан Республикасы Парламентінің жүлдесіне арналған І жекпе-жек республикалық фестивалінде Ақтөбе облысының спортшылары 10 спорт түріне қатысып, жалпы командалық есепте ІІІ орын алды.

2012 жылдың балалар және жасөспірімдер арасында 54 спорттық-бұқаралық іс-шаралары, 74 облыс чемпионаттары, 6 республикалық чемпионаттар өткізілді.

2012 жылы 5  халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  47 спорт шебері, 185 спорт шеберлігіне үміткер дайындалып, 123 адам І спорттық санат нормативтерін орындады.

2012 жылы  паурлифтингтен – Диана Ведюшкина, дойбыдан – Мират Жекеев, тоғызқұмалақтан – Кенина Диана, қазақша күрестен – Қойшыбаев Еламан, белбеу күрестен – Хайруллин Нұрлыбек Әлем чемпиондары атағына ие болды.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— аула клубтарын ашу, қарапайым спорт алаңдарының салу арқылы тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту;

— дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің санын ұлғайта отырып бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық инфрақұрылымдарды салу;

— «Батыс» мөлтек ауданындағы бассейннің құрылысын аяқтау;

— жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың  үлесін  24,9% жеткізу,  балалармен жасөспірімдердің үлесін 17,0% жеткізу.

 

Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау

2012 жылы жер қойнауын пайдалану саласында табиғатты қорғауға бағытталғын кешенді іс-шаралар, санитарлық-қорғау аймақтарын ұлғайту, жануарлар әлемін қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізілді.

Кең таралған пайдалы қазбалардың (одан әрі КТПҚ) бойынша 101 жер қойнауын пайдаланушы мекемелер, жер қойнауын пайдалануға 1,6 млрд.теңге инвестиция салды. Оның ішінде, әлеуметтік сала мен жергілікті инфрақұрылымды дамытуға 16,9 млн. теңге жұмсалып, 4,7 млн.тонна КТПҚ өндірілді.

Орман шаруашылығы саласында 812 га алқапқа орман ағаштары отырғызылып, орман тәлімбақтарында 3,8 млн. дана бұталар өсірілген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 0,6 млн. көп.

Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласының айналасындағы санитарлық-қорғау жасыл аймақты қайта жаңғырту жоспарын жүзеге асыру жалғастырылуда.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының айналасындағы санитарлық-қорғаныштық жасыл аймақты қайта жаңғырту бойынша 270,1 га алқабын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағына және «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешенінің ауданына жалпы көлемі 90 га жерге орман ағаштары отырғызылды.

Осындай жұмыстар аудан орталықтарында да жүргізіліп, елді мекендердің айналасына 50740 ағаш және бұта көшеттері отырғызылды.

Алғаш рет 2012 жылы Ақтөбе, Мәртөк және Темір орман шаруашылықтары зиянкестерге қарсы (жапырақ жегіштерге және шегірткеге) орманды қорғау жұмыстарын жүргізді.

Сулы-экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында облыстың су айдындарында Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ірі елді – мекендер шекарасындағы Елек өзені (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) су қорғау белдеулері мен аймақтары орнатылды.

Ақтөбе облысының  су объектілерінде Жалпы су пайдалану ережесі бірінші рет жасалып, облыс мәслихатының шешімімен бекітілді.

Көкжиде жер асты тұщы су қорын сақтау мақсатында, су сапасын  тексеруге бағытталған мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қолданылған шаралар нәтижесінде құмдағы «тарихи» ластанулар анықталып жойылды, 7 ұңғымада қалпына келтіру және құйылыстарды жөндеу шаралары жүргізілді.

Елек өзені алабының химиялық қосындылармен тарихи ластану мәселелері де өз шешімін табуда.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарапынан Елек өзенінің жерасты суларының алты валентті хроммен ластануынан тазарту жобасы жүзеге асырыла бастады. «Геотерм ӨК» ЖШС-мен 845,0 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды.

Облыс аумағындағы жануарлар әлемін сақтау мақсатында, қасқырлар санын азайту шаралары жүзеге асырылып, олардың 697-сі жойылды.

Су қоймаларды, балықтың бағалы түрлерімен балықтандыру жұмыстары да  жүргізілуде. Өткен кезеңде 400,0 мыңнан астам балық шабақтары облыстың су қоймаларына жіберілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) даму және орналасу схемасын жүзеге асыру шегінде алғаш рет Ақтөбе облысында Қарғалы ауданында «Эбита» жергілікті деңгейдегі мемлекеттік табиғи қорығы құрылды.

2012 жылы жергілікті мәндегі  «Орқаш» ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және «Көкжиде-Құмжарған» жергілікті деңгейдегі табиғи комплексті қорығына жерлерді резервтеу жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық реттеу  және  жобаларды сараптау

2012  жылы  мемлекеттік экологиялық сараптама  алу үшін  заңды және  жеке тұлғалардан  барлығы  1457  өтініш түсіп, 1214  сараптама қорытындылары берілді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 994 қорытындыға артық.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

—           мемлекеттік орман қоры жерінің орманмен көмкерілген алаңын 300 га ұлғайту;

—           орман өртінің орташа алқабын 8,4 га азайту;

—           Ақтөбе қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағын қайта қалпына келтіру іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру;

—    жоспарлы 812 га аумаққа орман екпелерін отырғызу;

— облыстың су айдындарында балық қорын көбейту мақсатында, балықтандыру жұмыстарын жалғастыру 400 мың дана;

— «Көкжиде Құмжарған» мемлекеттік кешенді жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи қаумалды құру бойынша жұмыстарды жалғастыру, сонымен бірге «Қобда»  жергілікті маңыз бар қаумалын құру  үшін техникалық экономикалық негіздемесін жасау.

 

Жер қатынастары

Елбасының берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін айналымға тарту және жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін түгендеу бойынша  шаралар қабылданды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланылмаған және мақсатты пайдаланылмаған  475,0 мың га 524 жер учаскесі анықталды, оны ішінде:

— 465 жер учаскесі (383,1 мың га) жалға беру келісім шартын уақытынан бұрын тоқтату арқылы мемлекет есебіне қайтарылды;

— 59 жер учаскесі (91,8 мың га) шара қолдану үшін Ақтөбе облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына жіберілді.

2012 жылы ауыл шаруашылығы жерлерін  айналымға тарту мақсатында қайтарылған жер учаскелерінен және босалқы жерлерден облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне  537,24 мың га жер учаскелері берілді.

Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін түгендеу барысында ауданы 102,1 га құрайтын, 1048 жер учаскесі мақсатты пайдаланбағандығы немесе заң бұзушылықпен пайдаланылғандығы  анықталды. Оның ішінде:

— 345 жер учаскесі (34,6 га) мемлекетке қайтарылды;

— 703 жер учаскесіне (67,51 га) қатысты материалдар тиісті шара қолдану үшін  құзырлы органдарға жіберілді;

Облыстың әрбір елді-мекендері бойынша нақты жер учаскелерін жеке меншікке бергенде жер учаскелеріне төленетін ақының базалық ставкалары әзірленді.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін айналымға тарту жұмыстарын жалғастыру. Тиімді пайдаланылмаған және мақсатты пайдаланылмаған жерлерді анықтау, сондай-ақ ол жерлерді мемлекетке қайтару  шараларын қабылдау;

— жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген пайдаланылмаған жер учаскелерін немесе заң бұзушылықпен пайдаланылғандарды анықтап мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастыру;

— жер пайдаланушылардың жерлерді тиімді пайдалануларына бақылауды күшейту;

— облыстың  әрбір елді-мекендері бойынша нақты жер учаскелерін жеке меншікке бергенде жер учаскелеріне төленетін ақының базалық ставкаларын бекіту;

— жер қатынастары саласындағы заң нормалының сақталуы сұрақтары  бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Сәулет және қалақұрылысы

Облыста бүгінгі күнге 13 елді мекен бекітілген бас жоспарлармен қамтамасыз етілді.

Бекітілген кестеге сәйкес 2013-2015 жылдары 86 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу қарастырылуда.

Оның ішінде 2012  жылы 4 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеуге Мұғалжар ауданы Ембі қаласы, Алға ауданы Есет батыр Көкіұлы селосы, Хромтау ауданы Хромтау қаласы және 2011 жылдың маусым айында түзету жұмыстары басталған Ақтөбе қаласының бас жоспарын түзетуге қаражат бөлінді.

 

2013 жылға арналған міндеттер:

— Ақтөбе, Ембі, Хромтау қалаларының бас жоспарларын әзірлеуді аяқтау;

Мәртөк ауданының Хлебодаровка және Саржансай ауылдарының, Темір ауданы Шұбарқұдық поселкесінің бас жоспарларын әзірлеу жұмыстарын бастау.

 

Тарифтік саясат

2012 жылы төрт базалық субъектердің ішінен, үш базалық субъектілерге орташа кезеңдік мерзімге шекті тарифтер бекітілді: «Ақбұлақ» АҚ 2013-2015 жылдарға, «Трансэнерго» АҚ 2013-2014 жылдарға, «Энергосистема» ЖШС 2013-2015 жылдарға.

Тарифтердің өсуі: суға 98 %, кәріз жүйелері қызметіне 74 %, жылумен қамту қызметіне 29,7 %, электр энергиясына 5,6 % құрады.

Тұрғындар үшін суға, кәрізге және жылуға тарифтер соңғы 6-8 жылдары өзгермегендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, тарифтің құрамында салынған инвестициялық қаражаттар коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жағдайын жақсартуға және активтерді жаңғыртуға бағыттауға мүмкіндік береді.

«Ақбұлақ» АҚ тарифтік табыстардың есебінен 2013-2015 жылдарда сумен қамту және кәріз жүйесі объектілеріне – 2,36 млрд.теңге инвестиция салу жоспарлануда, бұл алдыңғы 2 жылдан 4,2 есе көп.

Қаланы жылумен қамту саласына да тарифтердің есебінен 2013-2014 жылдарға 455 млн.теңге, ал электроэнергетика саласында 2013-2015 жылдарға 2,6 млрд.теңге инвестициялар салынады.

Келесі жүзеге асырылатын маңызды мәселелердің бірі, ол электр энергиясымен мен суды үнемді тұтыну мәселелесі. Осыған орай, Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында облыста сараланған тарифтер енгізілді. Электр энергиясына тәулік зоналары мен тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді қолдану нәтижесінде 2012 жылда облыс бойынша 60 млн.теңге шамасында электр энергиясы үнемделді.

Берілген норма энергия үнемдеу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге және облыс бойынша да, жалпы республика бойынша да қосымша электр энергиясының қорын құруға мүмкіндік береді.

Осындай көзқарас, яғни тұтынушылардың тобына және оның тұтыну көлеміне байланысты сараланған тариф сумен қамту саласына да қолданылды.

Суды тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифтер 2011 жылдан бастап енгізілді. 2012 жылы Хромтау, Алға, Қандыағаш қалаларында тұрғындар үшін суды тұтыну көлемі бекітілді. Бекітілген көлемнен суды асыра тұтынғаны үшін екінші деңгейіндегі тариф бойынша төлем алынатын болды.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай норма Ақтөбе қаласында да енгізілді. Аталмыш саралау тарифтері, бірінші кезекте суды ұтымды пайдалануды ынталандыруға бағытталған.

 

Кадр саясаты

2013 жылдың 1 қаңтарында Ақтөбе облысындағы  мемлекеттік қызметшілердің  штаттық саны 4553 адамды құрады, олардың 174-і саяси, 4379-ы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер.

Әйелдердің саны -2571 немесе барлық мемлекеттік қызметшілердің  60,4%-ы (өткен жылы -59,4%), олардың ішінде саяси -17, әкімшілік -2554.

Басшылық санатта әйелдер санының артқаны байқалады. 20 облыстық басқарманың 5-де бірінші басшы лауазымын әйелдер атқарып отыр. Облыста 2012 жылы өткен сайлау қорытыныдысы бойынша 204 депутаттың 58 (28,4 %) – әйелдер, 2007-2011 жылдармен салыстырғанда депутат-әйелдердің  үлесі 9,4 % өсті.

2013 жылғы 1 қаңтарына 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің саны 1207, немесе олардың жалпы санының 27,5% құрайды, басқа жас ерекшеліктерімен салыстырғанда бұл неғұрлым ауқымды көрсеткіш.

2013 жылғы 1 қаңтарына жоғары білімді мемлекеттік қызметшілердің  олардың жалпы санына үлесі 83,7 % (3680 адам). Мемлекеттік қызметшілердің  орташа еңбек  өтілі 3,7 жыл құрап отыр.

2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  42 мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 988 мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырды (2011 жылы – 668).

Мемлекеттік қызметтің Жаңа Тұжырымдамасына сәйкес, барынша лайықты кадрлар іріктеліп, кәсіби және мансаптық жоғарлауы қамтамасыз етіледі.

Кадрларды таңдау және жоғарылату барысында қызметшілердің еңбегі ескеріліп, негізгі басымдық «А» басқару корпусын қалыптастыруға беріледі. «А» корпусына ҚР Президентімен айқындалатын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерек­ше тәртібіне сай қарастырылған арнайы кәсіби талаптар бойынша  стратегиялық жоспарлау білігі бар және басқару шешімдерін қабылдай алатын әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кіреді.

Облыс әкімі төрағалық ететін кадр саясаты бойынша өңірлік комиссия құрылып, оның  шешімінің негізінде өңірлік  «А» корпусының кадрлық резерві жасақталып, басқару лауазымдарына тағайындалады.

2013 жылға арналған міндеттер:

— өңірлік «А» корпусына іріктеудің жаңа тәртібіне сәйкес дайындығы бар кадрлардың жоғарылауын қамтамасыз ету;

— заңнамамен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің этикалық және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл міндеттерін бұлжытпай сақтау;

— жергілікті басқару органдарында басшылық лауазымдарға ынталы әйелдерді жоғарылатуға жағдай жасау.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру

Мемлекеттік сектор бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет стандарттарын, регламенттерін бекіту және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету үрдістерін жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне 572 мемлекеттік қызметтер түрі енгізілді, бұл 2011 жылғы тізілімнен 2,7 есе артық (211 қызмет).

572 мемлекеттік қызметтердің 77 түрі жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысымен 2012 жылы 71 регламент бекітілді, соның ішінде 18 электрондық форматтағы қызметтер.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 27 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (одан әрі – ХҚКО) көрсетіледі. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны 36 мыңнан 58 мыңға дейін өсті.

Ағымдағы жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету Орталығын ашу жоспарлануда. Мемлекеттік қызмет Тізіліміне кірген лицензиялаудың 7 түрі жергілікті атқарушы органдармен беріледі. 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап лицензиялар, тек қана электронды түрде беріліп келеді.

Есепті кезеңде облыстың барлық аудандарында 6 мемлекеттік қызметті «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесіне тарату жұмыстары жүргізілді.

2013 жылға арналған міндеттер:

— 5 мемлекеттік қызметті «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесін тарату;

— жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызды қызметтерінің 5 түрін электрондық түрге ауыстыру;

— мемлекеттік қызметтер, соның ішінде электрондық қызметтердің регламенттерін дайындау және бекіту;

 

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Ақтөбе облысының 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Аймақтық бағдарламасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар профилактикасы, есірткі қылмысы, құқықтық тәртіп және қоғамдық жерде, көшелерде азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған бағдарламадағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Ішкі істер органдарының материалдық техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы Дэу Нексия автокөлігінің 10 бірлігі, УАЗ автокөлігінің 10 бірлігі, бұдан басқа, учаскелік полиция пункттері үшін 16 ВАЗ 21214 «Нива» автокөліктері сатып алынды.

Аулаларды, тұрғын үйлерді, қоғамдық орындар мен көшелерді барынша  бейне бақылаумен қамту мақсатында бейне қадағалау жүйесін кеңейту жұмыстары жүзеге асырылуда. 2012 жылы жергілікті бюджеттен облыстық ішкі істер Департаментіне 70 бейне қадағалау камерасын сатып алуға 100  млн.теңге бөлінді.

2012 жылы Ақтөбе облысының Қандыағаш, Хромтау, Алға және Шалқар қалаларында жедел басқармасының шағын орталықтарын құру жұмыстары басталды. Учаскелік полиция бекеттерін ашу жұмыстары да қолға алынды. Ақтөбе қаласындағы «Болашақ» жаңа ықшам ауданында, Алға ауданының Алға қаласында, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында учаскелік полиция бекетіне арналған ғимараттар бөлініп, тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қоғамдық құрылымдармен жүргізілген жұмыстар жалғасын табуда. Ақтөбе облысы аумағында құрамы 2610 адамды қамтитын 580 қоғамдық құрылымдар және 53 консьерждер ішкі істер органдарымен тығыз байлансыта әрекет етеді. Облыстағы қоғамдық құрылымдардың құқық қорғау органдарымен: «Сақшы» тобы – 170  (784 адам), учаскелік полиция пунктері жанындағы қоғамдық кеңес – 132 (857 адам), сондай-ақ, 278 – қоғамдық көмекшілер жұмыс жасайды (912  адам). 2012 жылғы 12 айында қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 91 қылмыс ашылды, әр түрлі әкімшілік құқық бұзушы 1889  адам ұсталды.

Алынып отырған шараларға қарамастан қылмыс санының 57,6%-ға өсуі байқалады. Қылмыс санының көбеюі және оның ашылу деңгейінің төмендеуі республика бойынша қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық және объективті тіркеудің қатаң курсы жүргізілуімен түсіндіріледі. Сондай – ақ, қылмыстық қудалау органдар басшыларының қылмыстарды есепке алудан жасырып қалу жауапкершілігі күшейтілген.

Аса ауыр қылмыс санатына жататын қылмыстар саны 14,4%, ауыр қылмыстар саны 31,5%, орташа ауырлыққа жататын қылмыстар саны 61,2% өскен.

2012 жылы 130 есірткі қылмысы тіркелген (2011 жылы 93 қылмыс).

Сонымен қатар, қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстар 2,7 есе, көшеде жасаған қылмыстар 1,6 есе, жастары кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 1,9 есе, топпен жасалған қылмыстар 1,3 есе, бұзақылық 1,4 есе,  ұрлық 1,6 есе өскені байқалады.

70 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  – 4,4 % өскен. Сыбайлас жемқорлық құқығын бұзғаны үшін 155 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2013 жылға арналған міндеттер:

— қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жұмыстарының сапасын жақсартуды жандандыру;

— құқықтық түсіндіру жұмыстары мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттауды күшейту жөнінде шаралар қабылдау;

— мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігін қатаңдату;

— бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарымен бірігіп өз-ара іс – қимыл жүйесін жетілдіру.

 

Қоғамдық-саяси ахуал

Ақтөбе облысындағы қоғамдық-саяси жағдай қалыпты және тұрақты.

Өткен 2012 жыл Қазақстан мен Ақтөбе облысының тарихында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің  20 жылдығымен есте қалады. Облыс жұртшылығы осы атаулы күнге арналған іс-шараларға белсенді түрде қатысты.

Қазақстандық патриотизмді, мемлекеттік рәміздер тарихын, олардың мағынасы мен маңызын түсіндіру мақсатында Ақтөбе қаласы мен аудандарда барлығы 500-ге жуық шаралар ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда облыста 9 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жасауда, партия филиалдарымен тікелей қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған. Облыстық филиалдар арасында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының облыстық филиалы жетекші рөлге ие.

Облыста 90 астам ұлт өкілдері өмір сүруде, 18 этномәдени орталық жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда облыста 90 жуық үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Әсіресе, балаларды мен жастарды, әйелдерді қолдау, адам құқықтарын қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, рухани-мәдени мұраны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттауды жетілдіру бағытында үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары жетіліп, жақсы дамыған. Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың Кеңесі мен комиссия жұмысына белсене қатысып, әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының аумағында 56 бұқаралық ақпарат құралдары (мемлекеттік және мемлекеттік емес), (36 газет, 10 журнал, 1 ақпараттық агенттік), 9 электрондық БАҚ  (2 телеарна, 3 радиостанция, 3 кабелді теледидар,1 телестудия)  тіркелген.

19 бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тапсырыспен,  мемлекеттік ақпараттандыру саясаты жүргізілуде

2012 жылы діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет ету, және діни экстремизм көріністерінің алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жіргізілді.

Облысымыздағы діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде облысымызда 89 діни бірлестіктер мен филиалдар өз қызметтерін жалғастыруда. Оның ішінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қамқорлығында әрекет ететін 68 мешіт және басқа конфессиялық 21 діни бірлестіктер.

Кадрлық сұрақтар жөнінде де жұмыстар атқарылды. 27 имам біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, облыс мешіттеріне 19 жаңа имам тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас муфтийі Әбсаттар-қажы Дербісәлінің қатысуымен, республикалық конференция және көптеген көшпелі семинарлар өткізілді.

2012 жылдың қазан айында Діни істер агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің қатысуымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөнінде кеңес өткізілді.

Әлеуметтік тапсырыс және демеушілік қаражаттары есебінен «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығы және облыстық «Аңсар» кеңес беру-сауықтыру орталықтары жұмыс атқаруда.

Исламдық ланкестік пен экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша 2013-2020 жылдарға арналған жол картасының жобасы жасақталды.

Дәстүрлі исламды қорғауда ақтөбелік теологтардың жалпы тиражы 27600 дана 10-нан астам кітаптары менн брошюралары басылып шығарылды. Бұл кітаптар мешіттерде тегін таратылуда.

 

2013        жылға арналған міндеттер:

— қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институтын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді түрде жүзеге асыру. Әлеуметтік шиеленіс тудыратын проблемаларды уақытында анықтап, шұғыл түрде шешу;

— Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

— мемлекеттік ақпараттық саясатты мемлекеттік және тәуелсіз аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отыра жүзеге асыру;

— діни ахуалды және діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде мониторинг жасау;

— жоспарлы түрде халықтың арасында, білім беру мекемелерінде дәстүрлі емес, соның ішінде жалған исламдық діні ағымдарға еліктеудің жағымсыз зардаптарға әкеліп соқтыратыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

Жастар саясатын жүзеге асыру

Облыста тұрғындардың 30,7% құрайтын 241,8 мың жастар бар. Оның ішінде 134,5 мыңы қала жастары, 107, 3 мыңы ауыл жастары.

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы шараларды жүзеге асыруға 172,9 млн. теңге бөлініп, игерілді. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар саясаты саласының басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында 136,4 млн.теңге бөлініп, әлеуметтік-маңызды жобалар іске асырылды. Бұл жастар ортасындағы зиянды заттар мен девиантты мінез – құлықтың алдын алуға, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, еңбекке баулуға, сондай-ақ жастардың бос уақытын қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар.

Соңғы 6 жылда болашағынан үміт күттіретін талантты жастар өкілдерін, жас ғалымдар, студенттер, мүгедек және аз қамтылған отбасы балаларына қолдау ретінде стипендия, гранттарды тапсыру жүзеге асырылып келеді. 2012 жылы 25,5 млн. теңгеге облыс әкімінің гранттарымен және стипендиясымен 248 адам  марапатталды.

Облыста балалар мен жасөспірімдер және жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған 28 үкіметтік емес жастар ұйымдары тіркелген.

Жастар бастамалары мен жобаларына үнемі қолдау көрсетіліп келеді.

Жазғы еңбек маусымында студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарында 4350 жас тартылды. Ақтөбе облысы студенттік құрылыс жасақтарының жұмысын  ұйымдастыру бойынша республикада көшбасшылық орында.

Жалпы  алғанда, облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге  асыру  аясында  жастар мәселелерінің шешімін іздестіру жұмыстары  үнемі жүргізіліп келеді.

2013 жылға арналған міндеттер:

— жастар  ортасында болып жатқан жағдайларды талдау және  мониторинг жүргізу жүйесін ұйымдастыру;

— жастар ұйымдары көшбасшыларының ақпараттық-насихаттау және түсіндірме жұмыстарын жандандыру мен кеңейту;

— қолданыстағы бағдарламалар мен басқа да бастамашыл жобалар мен акцияларды қолдана отырып жастардың жұмыспен қамтылуын және бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету;

— жастармен жұмыс барысында оқу, жұмыс орны және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыстар жүргізу;

— аудандарда жастармен жұмыс жасайтын Ресурстық орталықтар құру;

— қоғамның  барлық  саласында жастардың шығармашылық, еңбек, білім алу мүмкіндіктерін дамыту.

 

Қорытынды

Өткен жылдың қорытындысы біздің экономикамыздың қарқынды дамуын айқындады, оған ақтөбеліктердің сіңірген еңбегі зор. Осылайша біз, басты принцип «түгел қамтитын экономикалық прагматизм» болып таблатын Қазақстанның  2050 жылға дейінгі даму Стратегиясынан туындайтын қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға жақсы негіз қаладық.

Мемлекет Басшысы «алдағы уақыттағы барлық шешімдер, инвестициялардың пайдалылығы мен қайтарымдылығы, бәсекеге қабілеттілігі және Қазақстанның ұзақ мерзімді мүддесінің сақталуы ескеріле отырып қабылдануы қажет. Экономикада статистикадағы дерексіз цифрлардың өсімі емес, қала, аудан, ауыл және селолардағы тұрмыстың нақты жақсаруы тиіс» – деп айқындады. Алдыңғы кезеңде жергілікті атқарушы органдармен жергілікті тұрғындардың бар күш жігері облыстың әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық ахуалын тұрақты сақтауға және оны дамытуға бағытталатын болады.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті