Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыдағы ұшақ апаты: Ұшақтың қонуына Алматы әуежайы рұқсат бермеген көрінеді

Дата: 29 января 2013 в 16:04 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыдағы ұшақ апаты: Ұшақтың қонуына Алматы әуежайы рұқсат бермеген көрінеді

Оқиға орнынан түсірілген сурет — Твиттер әлеуметтік желісінен алынды

Апатқа ұшырған ұшақ бүгін түскі сағат 13:30-да Алматы қаласынан 3 шақырым аумақтағы Қызылту Елдімекені маңында құлаған. Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашевтың айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Жолаушылардың ішінде тірі қалғандары жоқ. Апаттың тууына ауарайының қолайсыздығы себеп болған.

Бейресми ақпарат көздері Аламаты Әуежайы ұшақтың қонуына рұқсат бермегендіктен, қалың тұманда бағытынан адасып апатқа ұшыраған деген деректі алға тартып отыр.

Ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 29 қаңтар 2013 жыл)

29 қаңтар 2013

2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады.

Алдын-ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты.

Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға мән-жайлары, сондай-ақ құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Көкшетау — Алматы бағытындағы «Скат» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы  Алматы әуежайына қонуға бет алған сәтте Алматы облысы, Қызыту елді-мекенінің маңында құлағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бейресми мәліметке сүйенсек, ұшақ бортынды 22 жолаушы болған.

Әзірге ресми ақпарат таралған жоқ.

Оқиғаға қатысты ақпараттарды жедел жариялап отыратын боламыз.

Abai.kz

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы