Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін «Ақ бұлақ» бағдарламасы қалай жұмыс істеп жатыр?

Дата: 23 января 2013 в 13:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін \"Ақ бұлақ\" бағдарламасы қалай жұмыс істеп жатыр?

Астана. 23 қаңтар. BAQ.KZ. Қазақстанда ауыз суға жарымай отырған елді мекендер көп. Мемлекет басшысы 2011 жылғы халқына арнаған Жолдауында республика бойынша орташа алғанда ауыз суға қолжетімділік 2020 жылы 100 пайызға жуықтауы тиістігін атап көрсетті. Сондай-ақ, шалғайдағы ауылдарды, республикамыздың ауыз суға мұқтаж барлық елді мекендердің қажеттілігін өтеу үшін «Ақ бұлақ – 2020» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Ауыз су мәселесін Елбасы желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да атап өтті.
 

Павлодар облысы биылғы жылы «Ақ бұлақ» сапалы ауыз сумен тұрғындарды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 749,5 млн теңге алады.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 127,3 млн теңге қосымша қаржы қаралған.
Бұл қаражатқа Шербақты ауданының Галкино ауылында суаққы салынып, Ертіс және Қалқаман ауылдарында су құбырлары қалпына келтіріледі.
2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес, Павлодар облысында 412 ауылдық елді мекеннің 330-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Қостанай облысында «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 23 жоба жүзеге асырылады.

«Қостанай облысында «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы қалалар бойынша 2,3 млрд теңгенің 8 жобасына және ауылдар бойынша 4,1 млрд теңгенің 15 жобасына тапсырыс берілген», дейді Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылы 4 мыңдай адамды ауыз сумен қамтамасыз ететін 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы, «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020 жылға дейін 1,3 трлн теңге қаражат бөлу жоспарлануда.

 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысының 40 мың тұрғыны ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қосылады
Қызылорда облысында ағымдағы жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 20 жоба жоспарланып отыр, олар іске асырылғаннан кейін жылдың қорытындысы бойынша 40 мыңдай адам ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.
«2012 жылы қалалар бойынша 2,2 млрд. теңге соманың 2 жобасын, ауылдар бойынша — 1,9 млрд. теңге соманың 18 жобасын іске асыру жоспарлануда», — дейді Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
Оған қоса, 2013 жылға қалалар бойынша 3 млрд. теңге соманың 3 жобасына, ауылдар бойынша 8,3 млрд. теңге соманың 34 жобасына өтініш жасалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ бұлақ — 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты халықты қажетті көлемдегі және сапасы кепілдендірілген ауыз сумен жабдықтау, сумен жабдықтау жаңа нысандарын салу мен бұрынғыларын қайта жөндеу кезінде жүйелі жолдарды енгізу, елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Оны жүзеге асыру екі кезеңде жүзеге асырылады. Оның біріншісі 2011-2015 жылдарға, екіншісі — 2015-2020 жылдарға есептелген.
 

По сообщению сайта Baq.kz