Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Екі қарияны сабаған жігіт жазасыз қалмайды – полиция

Дата: 11 января 2013 в 17:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Екі қарияны сабаған жігіт жазасыз қалмайды – полиция

Астана. 11 қаңтар. Baq.kz Алматы қаласында, Әуезов және Шевченко көшелерінің қиылысында екі қарт кісіні соққыға жыққан жігіт туралы видео интернетті шарлап кетті бүгін. Оқиғаның қалай болғанын, екі кісіні көшеде сабап кеткен жігіттің кім екенін білу үшін bnews.kz тілшісі құзырлы органдарға хабарласты 

«Бұл оқиғаға қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Біз ауруханаларға хабарласып шықтық, жарақаттанып, дәрігерге жүгінген үлкен кісілер жоқ. Видеоны жеке көліктегі бейне бақылағыш жазып алған. Бірақ, қалай болғанда да, тіпті азаматтардан арыз түспеген күннің өзінде біз қосымша тергеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Видеодағы жігіт жазаға тартылады. Көліктердің мемлекеттік нөмірі белгілі. Ол жазадан қашып құтылмайды. Тиісті шараларды қолға аламыз», — деді Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Бәріміз білетіндей, бүгін оқырманымыз екі қарияны көше ортасында жағасынан алып, жұдырықтаған жігіт туралы видеоны редакциямызға жіберген болатын.


Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ 

По сообщению сайта Baq.kz