Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Семей қаласын дамытуға 16,6 млрд.теңге бөлу жоспарланған – Серік Ахметов

Дата: 11 января 2013 в 16:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласын дамытуға 16,6 млрд.теңге бөлу жоспарланған – Серік Ахметов

Астана. 11 қаңтар. Baq.kz Семей қаласын дамытуға 16,6 млрд.теңге бөлу жоспарланған. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

«Біздің кездесуіміздің Семейде өтуі кездейсоқ емес. Сіздерде қуатты қалақұраушы кәсіпорындар жоқ, сондықтан қаланы дамытуда шағын және орта бизнес маңызды орын алады. Мемлекет басшысы тарапынан Семейді дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Биыл қаланы дамытуға 16,6 млрд.теңге бөлу жоспарланған. Осындай қалалар ғана тиімді бизнес-ортаның үлгісі болуға тиісті», — деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Премьер-Министр уәкілетті органдарға «облыстың қарқынды дамуын ескере отырып, орталық пен жергілікті атқарушы билік органдары мен бизнес арасындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындау жұмысын үйлестіріп отыруды» тапсырды.

«Халықаралық тәжірибе мен облыс әлеуетін ескере отырып, перспективалық өңірлік кластерлерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру керек. Шетел инвесторларын тарту және еліміздің қаржы ұйымдары, оның ішінде даму институттары қызметтерін күшейтуге баса көңіл бөлу қажет», — деді С. Ахметов.  

По сообщению сайта Baq.kz