Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Талдықорғандағы полицей қоғамды дүрліктірді

Дата: 11 января 2013 в 10:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Талдықорғандағы полицей қоғамды дүрліктірді

Астана. 10 қаңтар. BAQ.KZ. Талдықорғанда ішімдікке сылқия тойған қалалық полицей көшенің қақ төрінде жанжал шығарып, елді дүрліктірген. Мас күйінде рөлге отырған полиция өкілі автотұрақта әлдебір көлікпен соқтығысып, оның иесін әбден балағаттаған. Бұл жанжалдың аяғы өзіне таяқ болып тиді. Оны құзырлы органдар тәртіптік жауапкершілікке тартып, жұмыстан қуды.  

Бұл жанжалды жергілікті газеттің тілшісі өз көзімен көріпті. Полиция өкілі қызметін асыра пайдаланып, көшенің ортасында жанжал шығарған. Қайта жәбірленуші тез арада журналистер мен полицияға хабарласып, өзін қорғап қалмақ болған. Алайда, жанжал шығарушы олардың да басуына құлақ түрмеген.
Көркем Қаражанова, журналист:
– Ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Қайта өзін әдепсіз ұстап, бейпіл сөйледі. Бұл оқиғаның алдын алу үшін Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасынан қызметкерлері келгенмен, оларға да құлақ аспады.
Келесі күні ол қаладағы барлық газет біткеннің «қаһарманына» айналды. Куәгерлердің айтуынша, жанжалдың кесірінен қалалық полицейдің ұжымы Жаңа жылды тойламапты. Бұл жанжал қалада үлкен әңгіме тудырды. Тіпті, құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің аттестациялаудан қалай өткендігіне сенімсіздікпен қарады.
Көбейген Нұрахмет, Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің бастығы міндетін атқарушы:
– Біз қызметкеріміздің мас болғандығын анықтадық. Қазір оның үстінен қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде ішкі істер органының қызметінен босатылды.
Аттестациялау кезінде Алматы облысы бойынша 800 қызметкердің лауазымы төмендеді. 200 адам қызметтен босатылды.
 

По сообщению сайта Baq.kz