Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шаңырақ шырақшысы

Дата: 11 января 2013 в 08:12

Жұма, 11 қаңтар, 2013

Шаңырақ шырақшысы

Бұл кісінің есімі көпке танымал еді. Мәселе Ғазиза Мәткенқызының әйгілі Балуан Шолақ Нұрмағамбет Баймырзаұлының кіші келіні болғандығында ғана емес. Ғазиза анамыздың халық мәдениетінің өркеш төбесіндей ерен тұлғаға есті келін бола білгендігінде десек, жан дүниесі мен табиғат келісімі барынша айқындала түседі.
Бурабай аймағындағы Кіндікқарағай ауылының молдасы Мәткен-Иман Мұхаммедтің қызы Ғазиза 1920 жылы туған. Ал, 1919 жылы Балуан Шолақтың қайтыс болғаны белгілі. Дүйім жұрт Балуан әнімен, келісті сәнімен, халықтық жанымен тербелетін. Кең қолтық Бурабай, Қотырдың көлі, Тастыөзек, Бұланды, Көкшетау, Қызылжар өңірін дүбірлетіп жүретін серінің Кіндікқарағайға да атбасын бұрып, Мәткен шаңырағының шаттығын тасытқаны бар. Тағдырдың жазуы десеңші, Ұлы Отан соғысының орта кезінде көңіл жарастырып, батыр әулетінің болашағын тербету нәсіп етіпті.
Жұпыны ғана үйді Балуан Шолақ рухының қуатты лебі көтеріп тұрғандай. Мәткен молданың ерке қызы сілкініс үстінде. Бала күннен Арқаны былай қойып, жалпақ қазаққа молынан тараған ақын тәлімімен тәрбиеленген Ғазиза өз мойнына түскен салмақтың жүгін енді сезінгендей. Ауыр жылдар еді. Соғыс зардаптары. Ел еңсесін тіктей қоймаған. Құдайбергенінің етегінен ұстап талай жердің дәмін татты, кәсіп талғамай тер төкті. Қой бақты, сиыр қайырды, кірпіш құйып үй салды, қара жұмыстың бәрін көрді. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. «Әкесінің аузынан түсіп қалғандай» жарымен 36 жыл әй-шәйсіз күн кешіп, 14 құрсақ көтерді. Ел-жұртқа есігі ашық, ағайын-туысқа сыйлы, дастарқаны жиылмаушы еді дейді бүгінгілер. Үйдің де, түздің де тіршілігін тең ұстады дегеніңіз осы болса керек.
Орман қойнауындағы Тастыөзектегі Шола­қов­тардың үлкен шаңырағы Балуан бабамыздың дерек қоймасы деуге келетіндей. Оның «Желдірме», «Аңшылы-айырық», «Көкшетау», «Кенже қоңыр», «Қос алқа», «Балуан Шолақ», «Ғалия», тағы басқа әндерінің көшірмелері мен пластинкалары, кейбір жәдігерлері ұқыптап сақталған. Танымал музыка зерттеушісі А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән мен күйі» кітаптары құрмет тұғырында тұр.
Ауыл-аймақтың той-думаны, дұға-жоралғылары Ғазиза әжейсіз өтпейтін. Жады мықты қарияның алдынан талай ғалым, тарихшылардың, өнертанушылардың, ақын-жазушылардың көңіл тоғайтып шыққанын көргенбіз. Әсіресе, «Ұлы Дала» қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары Марат Нәбиевті қатты құрметтейтін. Ғазиза әже батасын алған белгілі кәсіпкердің қозғау салуымен Балуан Шолақ қорымына ескерткіш тас қойылған. Сонда ғазиз ана тәубе сөзін айтып, тебірене сөйлеген. Одан кейін Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бөрібай Жексенбин бастап келіп, баба бейітіне 16 метрлік мемориалдық ескерткіш орнатылғанда Ғазиза анамыздың бойына қанат бітіп, зыр жүгіре қызмет еткенін көрдім. Сол тойда еліміздің ардақты азаматтары Өмірбек Байгелди, Оралбай Әбдікәрімов, Ақселеу Сейдімбеков, Арғынбай Бекбосынның тебіреністі сөздеріне құлақ қандырғанбыз. Дәл осындай, дәлірегі 20 метрлік ескерткіш Жамбыл облысының Шу қаласында да бой көтерді. Салтанатқа Ғазиза анамыз арнайы қатысып, мерекелік медаль тағып қайтты.
Мұндай кісі әсте қара жаяу болмайды. Әкесі Мәткен оқыған-тоқығаны мол ірі молда, кең жауырын балуан болғанын жазушы Естай Мырзахметовтің кітаптарынан білеміз. Анасы Ұмсынай 17 бала тәрбиелеп өсірген ғазиз жан еді. Ғазиза анамыздың біз көрген інілерінен Құрбан колхозда есепші, Ғани отыз жылдай мектеп директоры, Қадыр Жезқазғанның Қарсақпай зауытында директор қызметін атқарды. Сіңлілері Нәсипа мен Қазина республика оқу ісінің үздіктері. Бұл да дүние тұтқасынан тәлім тарқатар ойға жетелейді.
– Әкеміз қайтыс болғанда Манат, Әйбат, Хайролла, мен ес біліп қалғанымызбен, Асыл, Хамидолла, Есенбай әлі кішкентай еді,–дейді бізбен әңгімесінде Макин қаласының әкімі Шайдолла Шолақов. – Анамыз үкіметтің берген 4 рубль жәрдемақысымен бәрімізді жеткізді. Қажырлылығының арқасында мен Алматы физкультура институтын, Асыл Қарағанды кооперативтік институтын, Есенбай Целиноград машина жасау техникумының күндізгі бөлімін бітірді. Әйбатымыз қажы, коттедж үй сатып алып, өз балаларымен бірге жетімдер үйінің алты баласын асырап отыр. Бұл апамыз туралы «Қазақстан әйелдері» журналы жазып, «Қазақ күнтізбесіне» енгізілгені бар. Бәріміз ел қатарлы жұмыс істеп, анамызды қуантқандаймыз. Ол кісінің 24 немересі, 38 шөбересі бар.
Әттең… Осының бәрін өткен шақпен айтуға мәжбүрміз. Ғазиза Шолақкеліні өткен айдың 3 желтоқсанында, 93 жасқа қараған шағында дүние салды. Міне, қырқы да болып қалыпты… Мәңгілік ғұмыр ұғымының мағынасы терең. Пәниге келген пенденің діт қойған тірек-тілегі де осыған сай болуында. Ғазиза анамыздың мағыналы ғұмыры жалғаса береді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Бұланды ауданы.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті