Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тарихпен таныстырған топтама

Дата: 11 января 2013 в 08:12

Жұма, 11 қаңтар, 2013

Тарихпен таныстырған топтама

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет тарихы институты ғалымдары шығарған кітаптардың тұсаукесері өтті.

Былтыр Білім және ғылым министр­лігінің бастамасымен «Ғылыми қазы­на» атты бағдарлама жасалып, оның ая­сындағы зерттеуге әлеуметтік-гума­ни­тарлық саладағы барлық жетекші отандық ғылыми және білім орталықтары тартылған болатын. Нәтижесінде Мем­ле­кет тарихы институты көпшілікке түрлі кітаптардан жинақталған топтаманы тарту етіп отыр.
Тұсаукесер рәсімінде институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған  бұл кітаптардың еліміз егемендігінің қайнар бастауларын түсіндіруде маңызы зор екенін атап өтті. «Қазіргі буын әлі де болса өз ұлтының ұлы тұлғалары мен тарихи қайраткерлері туралы аз біледі. Сондықтан, бүгінгі күнде, әсіресе, ғылыми-көпшілік кітаптарға сұраныс арта түсуде. Бұл еңбектер жас буынды өз халқының көрнекті өкілдерінің өмірбаяндарымен, олардың елдің дамуы­на қосқан нақты үлестерімен таныстырады», – деді ол.
Мемлекет тарихы институты қызметкерлері  тұлғаларға арналған кітаптар сериясын еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянынан бастауды жөн көріпті. «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства» кітабы Елбасының КСРО-ның құлдырауы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы барысындағы үлкен тарихи дәуірдегі қызметін зерттеу­ге арналған.
Қазақ мемлекетінің  іргетасын қалауда педагог – ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры Әлімхан Ермековтың еңбегі де ұшан-теңіз. Мемлекет тарихы институты қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Жанна Қыдыралинаның авторлығымен шыққан «Әлімхан Ермеков» ғылыми басылымында өмірінің 18 жылын ГУЛАГ лагерінде өткізген, көп жылдар бойы есімін атауға рұқсат етілмеген тұлғаның өмірі жан-жақты ашып көрсетілген.
Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, ғалымдар Сейітқали Дүйсен мен Қанат Еңсеновтің авторлы­ғымен жарық көрген «Жұмабек Тәшенев» ғылыми басылымы да жаңа теориялық-әдістемелік тұрғыдан жазылуымен, ғалымдардың мемлекеттік қауіпсіздік мекемесінің құжаттарын, отбасы және мұрағаттың сирек кездесетін құжаттық куәліктерін пайдалануымен құнды еңбектердің қатарында.
Мемлекет тарихы институтының ұжымы Қазақстандағы Болгария ел­шілігімен бірлесе отырып «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мем­ле­кеттің негізін қалаушы» атты кітаптың болгар тілінде басылып шығуына мұрындық болған. Сондай-ақ, институт қызметкерлері авторлығымен жарық көрген  топтамада «Қазақстанның жаңа тарихы: кеңес жүйесінің дағдарысы және ыдырауы» атты үш томдықтың, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» басылымының, «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты» ұжымдық монографияларының алатын орны ерекше. Былтыр өткізілген халықаралық конференцияның материалдары негізінде дайындалған «Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы атты» кітап ашаршылыққа байланысты жоғарыда жазылған кітаптың заңды жалғасы деуге тұрарлық.
Институт ұжымы ұсынған барлық басылымдардың жаңа методологиялық көзқарастар тұрғысында дайындалып, еліміздің жаңа тарихын зерттеудегі тиянақты еңбектер екені тұсаукесер рәсімінде атап өтілді. Жиынға қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, Әлімхан Ермеков пен Жұмабек Тәшенов сынды тұлғалардың туыстары қатысты.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті