Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бағдарлама тиянақты орындалуы тиіс

Дата: 11 января 2013 в 08:02

Жұма, 11 қаңтар, 2013

Бағдарлама тиянақты орындалуы тиіс

Мемлекет басшысының ҮИИДМБ-ны іске асыру бойынша берген тапсырмасын орындау аясында Премьер-Министр Серік Ахметов селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңеске орталық және жер­гілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар басшылары қатысты.
Есепті баяндаманы Премьер-Министрдің орынбасары – Индус­трия және жаңа технологиялар ми­нистрі Әсет Исекешев жасады.
«Үш жылда Индустрияландыру кар­тасы аясында 537 нысан пай­далануға берілді. 1,4 трлн. теңгенің өнімі шығарылды. 2010 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім байқалады. Өндірістік саладағы физикалық көлем  индексі  2012 жылдың 11 айында 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда еліміздің 12 өңірінде өсті. Индустрияландыру картасы жобаларының экономикаға берген пайдасы қомақты», деп түйіндеді вице-премьер.
Ә.Исекешев сонымен қатар ҮИИДМБ-ны орындауда «назар аударарлық көкейкесті мәселелер де барлығын» айтты. «2010 жылы берілген жобалардың жетеуі тоқтап тұр. Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта тұсауы кесілген жобалардың 18-нің іске қосу актілері толық берілмей отыр», деп хабарлады Ә.Исекешев. Вице-премьер ҮИИДМБ-ны орындау қарқынын тежеп отырған бірқатар себептерді атады.
Кеңес барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары баяндама жасады.
Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр ҮИИДМБ мен Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру мәселесінде тиісті бақылау мен үйлестіру жасамаған атқарушы органдарды сынға алды.
«Бүгінде Бағдарламаны орындау орталықтан өңірлерге ойысып барады. Сайып келгенде өңірлерде отандық сондай-ақ, шетелден инвестициялар тарту жұмысы жүргізілмейді. Алдағы уақытта жаңа, заманауи технологиялар мен өндіріске көшуді қамтамасыз ету қажет. Өңірлер экономикасын өсірудің барлық мүмкіндіктерін толығымен пайдалану жұмыстарын күшейту керек», деп атап көрсетті С. Ахметов.
Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы тиісті органдарға ҮИИДМБ жоспарланған мақсатты индикаторларын орындау, сондай — ақ 2013-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ-ны жүзеге асыру іс-шараларының нақты жоспарын әзірлеуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
«Әрбір проблемалы жобалар бойынша оларды жобалық қуатқа шығару мәселесіндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Олардың орындалуына қатаң бақылау жасау қажет. Жобаларды іске асырудағы шынайы амалдар жаңа жағдайларды, оның ішінде БЭК-ке қатысу және ДСҰ-ға өту жағдайын есепке ала отырып, қауіп-қатерлерді барынша азайтуы тиіс. Президент алдымызға  таяудағы екі жылда ҮИИДМБ-ның алғашқы бесжылдығын табысты аяқтау міндетін қойды. Мемлекет басшысы жүктеген барлық тапсырмаларды біз толық орындайтын боламыз», деп түйіндеді сөзін С. Ахметов.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті