Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Стратегия-2050» – орталық қызметінің басымдығы

Дата: 11 января 2013 в 07:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 11 қаңтар, 2013

«Стратегия-2050» – орталық қызметінің басымдығы

«Назарбаев орталығы» ММ-інде  Президент Н.Назар­баев­тың Қазақстан халқына арнаған ұзақмерзімді «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланды.

«Назарбаев орталығы» ұжы­мы­ның алдында сөз сөйлеген мекеме директоры Қанат Саудабаев елдің ұзақмерзімді стратегиялық бағытынан туындайтын міндеттер туралы айта келіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын Елбасымыздың көрегендігі мен стратегиялық ұтқырлығының және бір нақты дәлелі» деп атады.
15 жыл бұрын, 1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев қа­зақ­стандықтарға көптеген адамдар үшін қиял болып көрінген «Қа­зақстан-2030» мақсатты Стра­те­гиясын ұсынған еді. Оның сәтімен жүзеге асырылуына күмәндануға да негіз жоқ емес-ті. Өйткені, ол уақытта Қа­зақ­стан Кеңес Одағының ыдырауы­нан енді ғана айыққан әрі бір­ың­ғай экономикалық жүйесі жоқ, шын мәнінде күн тәртібіне егеменді мемлекет ретінде өмір сүру мәселесін қойған ел-тін. Аға буын кәсіпорынның бүйірінен қадалған қаржының құнсыздануы мен жұмыссыздықтың жоғары шегін, электрдің өшірілуі мен дүкеннің жартылай бос сө­ре­лерін және басқа да сол кезеңнің белгілерін әлі ұмыта қойған жоқ, деді Қ.Саудабаев. Дегенмен, елдің ұзақмерзімді стратегиялық даму бағытын айқындап алған Мемлекет басшысы елдің ма­гис­тральді бағытынан ауытқымай, сенімді өсу жолына түскен нақты бағдарды белгіледі. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар белгіленсе, олардың ең бас­тыларына бүгінде қол жеткізілді. Оның жарқын дәлелі Қазақстанның посткеңестік және одан тыс елдерде жетекші позициядағы табысты, динамикалық дамушы мемлекетке айналғанына сенуге болады. Қазақстан Республикасы болашаққа ұмтылған қуатты мемлекет, халықаралық аренада жауапты серіктес ретінде қалыптасты.
Сөзін әрі қарай жалға­ған Қ.Саудабаев «2050 Стра­те­­гиясы» Қазақстанның ұзақ­мер­зімді басымдықтары мен мүмкіндіктерінің прагматикалық бағаларын, әлемдік өркениеттің дамуы мен нақты жағдайын есепке алып әзірленгенін атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа бағдарламасының Қазақстанда, сон­дай-ақ шетелдіктердің арасында кеңінен қолдау табуы да кездейсоқтық емес… Сөз Қа­зақ­станның 2050 жылға қарай әлем­нің дамыған және өркендеген 30 мемлекетінің қатарына қо­сы­луы туралы болып отыр, стра­те­гияның ең басты мақсаты – қа­зақ­стандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын түбегейлі арттыру. Және ол әрдайым Мемлекет басшысының барлық жасампаз қызметінің квинтэссенциясы болып келеді.
Жаңа Жолдауында Президент Н.Назарбаев мемлекетті әрі қарай нығайту, оның қауіпсіздігі мен азаматтарының әл-ауқатын арттырудың кешенді шараларын, қазақстандық қоғамды жаңғыртудың жаңа белесіндегі стратегиялық басымдықтарды анықтады.
«Назарбаев орталығы» жұ­мы­сы­ның басты бағыты – тәуелсіз мемлекетіміздің қалып­та­суы мен дамуын зерттеу мен көпшілікке кеңінен таныту біздің бұдан кейінгі жұмысымыздың негізі болып қала береді, деді өз сөзінде «На­зарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі мұра­ғат­тық-кітапхана қызметінің басшысы Әсия Тоқтауылқызы. Әсия Сүлейменованың пікі­рін­ше, «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сында болашақтың нақты, толық жоспары қамтылған. Ол «Біз­дің болашағымыз қандай болады?» деген сұраққа жауап береді. Оның табысты жүзеге асырылуы үшін біз өзіміздің санамызды өзгертуіміз керек, өз-өзімізді тәрбиелеуіміз керек, алдымызға биік мақсаттар қойып, елімізбен бірге соған ұмтылуымыз керек.
«Назарбаев орталығы» музей құндылықтарын есепке алу, сақтау, реставрациялау және консервациялау қызметіндегі қор сақтау бөлімінің бастығы Наталья Вовк Жолдауда көтеріл­ген ең маңызды мәселе деп адам капиталын дамытуды атады. Сөзімнің дәлелі ретінде Қа­зақ­станда туып-өскенімді, тегін бі­лім алып, беделді ұжымда ма­ман­дығым бойынша қызмет етіп келе жатқанымды айтар едім. Мемлекет маған еңбек етуге, дем­алуға, медициналық қызметке ке­пілдік береді, «Назарбаев ор­талығында» әрі қарай да кәсі­би жетілдіруге: біліктілікті те­гін арттыру, жаңа технология­лар­ды меңгеру, заманауи құ­рал-жабдықтармен жұмысқа жағ­дай жасалған. Осы қаңтар айында Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушы ре­тін­де көптен күткен пәтердің де кілті қолыма тиді, деп ұжымға өзінің қуанышын жеткізді.
«Назарбаев орталығының» ұжымы соңғы 20 жыл ішіндегі республикада жүргізілген кең ауқымды реформалар ту­ралы және Қазақстанның көп­конфессиялы және көп­этнос­ты қоғамдағы бей­бітшілік пен келісімді сақ­тау­да­ғы жетістіктерін атап өтіп, эко­­номикалық және саяси тұ­рақ­тылық пен аймақтық қауіп­сіздік мәселелеріне де тоқталды.
Жиналыста сөз алған экспо­зициялық-көрме, экскурсия жұмысы мен экспонанттарды қорғау қызметіндегі экскурсия бөлімінің сарапшысы Алтынтас Сатарбай: «Нұрсұлтан Назарбаев бізге лайықты болашаққа бағытталған жаңа саяси және экономикалық жолды нұсқады. Сондай-ақ Президент бүгінде мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Бұл – жастар үшін басымдықтары нақты көрсетілген өте маңызды құжат», деді.
Жиналысқа қатысушылардың пікірінше, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі межеле­рін елдегі және шетелдегі қалың қауымға жеткізу мен түсіндіру «Назарбаев орталығы» қызметінің маңызды басымдығы болып белгіленген.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бар­лық бастамаларын толығымен қол­дай отырып, біздің Орталық­тың қызметкерлері өзге де қазақ­стан­дықтар сияқты барлық күш-жігерін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауға жұмсайтын болады деп сенемін. «2050 Стра­тегиясында» мазмұндалған жос­парлардың барлығы сәтті іске асырылатыны сөзсіз, оған ұлтымыз бен Елбасымыздың бірлігі, халқымыздың сарқылмас күші мен жасампаз қуаты кепіл болады, деп қорытындылады Қ.Саудабаев.

«Егемен-ақпарат».

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті