Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алты «ағасын» арқаланған аудан абаттанып келеді

Дата: 11 января 2013 в 07:42

Жұма, 11 қаңтар, 2013

Алты «ағасын» арқаланған аудан абаттанып келеді

Алматыдағы Алатау ауданында 2 күн ішінде 2 мектеп ашылды 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алма­ты қаласында  кейінгі жылдары құрылған Алатау ауданына келді. Елбасы «Шаңырақ-5» шағын ауданында жаңадан бой көтерген №180  мектепті аралап көріп, аталған ауданды дамытудың бас жоспарымен танысты.

Бұл шағын аудан ресми түрде «Шаңырақ-5» деп тіркелсе де, қаланың солтүстік-батысына құлашын кеңге жайып келе жатқан жаңа елді мекен «Саялы» деп аталады. Алматының іргесінде жатқан бұл жерде сәл ілгеріде ғана  12 елді мекеннен тұратын 22 мыңдай тұрғыны бар «Пригородный» кеңшары орналасқан болатын.
Тәуелсіздіктің табалдырығын енді аттаған жылдары қалаға тиіп тұрған жерге қаладан жұмыс іздеп ағылған ел өздігінше қоныстанып, сол кезде Шаңырақта шыққан шудың бүгінде баянды аяқтал­ға­нына қалай қуанбасқа?! Ес­ке алу қиын болса да, бұл мәселені де мемлекетіміз оңтайлы шеш­кен екен-ау. Баспана мәсе­ле­сі толқытқан қаншама қан­дастарымыз «Саялыда» қоныс тойын тойлады. Бұл шағын аудан­ның да басына бас, жасына жас қосылып жатқан жайы бар көрінеді.
Аудан алғаш құрылған кезде халқының саны 122 мың адам болса, 5 жылдың ішінде тұрғындар саны 200 мыңнан асыпты. Алатау ауданы өзінің бір жылдығын атап өткенде, қаладағы бұрынғы алты аудан – алты ауылдың ақшаңқан киіз үйлерін тігіп, кенже ауданның алғашқы мерейтойын жақсылап тойлап бергені де кеше ғана.
Жаңадан салынып жатқан құ­рылыстар, самаладай жар­қырағын жаңа мектеп өмір­дің тек жақсы жағына қарай өзгеріп бара жатқанын әйгілеп тұрғандай. Қаңтар айы болса да, Алматының жайма-шуақтана қалатын күнінде тұрғындардың жүзінен сабат күйді көрдік. Қаракөз қандастарымыздан құ­ралған саялылықтар да Елба­сы­ның келетінінен құлағдар болса, олардың жүздерінен Мем­лекет басшысының аяғымен жақсылықтар ілесе келетініне бек сенгендей сыңайды аңғармау тағы мүмкін емес еді.
Осылайша, Елбасы да жаңа мектепке келіп жетті. Іші-сырты келіскен, заманына сай салынған ғимаратқа күлімдей бас сұққан Нұрсұлтан Әбішұлы алдымен білім ордасын аралап көрді. Мұнда қазіргінің баласын заманына сай тәрбиелеп, оқытуға қажеттінің бәрі де бар.
Мемлекет басшысы жаңа мектептің тұңғыш шәкірттерімен, мұғалімдерімен дидарласты. Кейбір ата-аналар да Елбасымен қауышуға мүмкіндік алды. Балапандарын қыстың суығы мен көктемнің батпағында алысқа сандалтпай, шағын ауданның дәл ортасынан ғажайып, сән-салтанаты келіскен мектеп салып берген  мемлекетке олар  дән риза.
Президент мектепті аралап көрген соң, мұғалімдермен және аудан тұрғындарымен аз да болса тіл қатысып үлгерді.
– Алатау ауданы 300-400 мың адам тұратын үлкен қала болғалы тұр.  Онда өндіріс орындары мен халыққа қызмет көрсететін барлық әлеуметтік мекемелер салынады. Сондай-ақ, 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиаданың қалашығы да осында орын тебетін болады», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекет басшысы ауданда бизнес үшін жақсы перспективалар мен өнеркәсіп кәсіпорындары бар екенін, жер және қажетті коммуникация ғимараты болуына байланысты зор мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті.
– Алатау ауданы қаланың даму проблемасын шешу мақсатында құрылды. Қазір мұнда өнеркәсіп дамуда, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандары салынуда, атап айтқанда, мектептер мен мамандандырылған ХҚО жұмыс істеуде. Келешекте мұнда Универсиада нысандары, түрлі спорттық кешендер, кино-концерт залдары орналасатын болады. Бұл үшін қажетті инфрақұрылым тартылады. Алматының жаңа солтүстік-батыс ауданында келешекте 300 мыңға дейін халық тұратын болады. Бұл – оңтүстік астана тұрғындарының 20 пайызы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы келешекте Алматы қаласы Алатау ауданы арқылы дамитынын айтты.
Ал жаңа №180 мектептің жалпы аумағы 8600 шаршы метрді құрайды. Үш қабатты ғимараттың құрылысына 1 млрд. 600 млн. теңге қаржы жұмсалған. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған білім ордасында 21 интерактивті тақта, 4 информатика кабинеті, 4 лингафон кабинеті, 6 мультимедиялық кабинет бар. Онда физика, химия, биология кабинеттері, сондай-ақ оқу шеберханалары (ағаш пен металл, аспаздық, тігін шеберханасы) үшін мамандандырылған техникаларды қоса алғанда, тиімді оқу үдерісіне арналған өзге де қажетті жабдықтар бар.
Жоғарыда атап өткендей, құрылғанына бар болғаны 5 жылға жуықтаған Алатау ауданында бұл жаңадан ашылған тоғызыншы мектеп болып отыр.
Осы арада жалпы қалада кейінгі үш жылда 40-қа жуық білім ордасы салынып, пайдалануға берілгенін айта кеткен орынды.
Мемлекет басшысы аудан тұрғындарының өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.
Тек соңғы екі күнде Алатау ауданында мемлекеттік тілде білім беретін әрқайсысы 1200 орындық жаңа 2 мектеп пайдалануға берілгенін бөле-жарып айтуға болады. Оның алғашқысы – бұрнағы күні ғана «Қарасу» шағын ауданында ашылған №179 жалпы білім беретін мектеп. Бұл білім ордасында да 6 мультимедиялық кабинет, 4 лингафондық, 4 информатикалық кабинеттер, 21 интерактивті тақта, 60 оқу кабинеті және 234 орындық мәжіліс залы, 204 орындық асхана мен спорт залы бар.
Елбасы тұсауын кескен жаңа мектепке қазірдің өзінде 500 ата-анадан балаларын осында оқыту туралы өтініш түскен. Реті келіп тұрғанда қаладағы мектептердің  жалпы саны 181-ге жеткенін айта кетейік.
Аудандық ардагерлер алқасы­ның төрағасы Құдайберген Қабдолдин «Саялыны» саялаған елдің атынан Елбасына жақсы лебізін жеткізіп үлгерді.
– Өз Жарлығыңызбен құрылған Алатау ауданында 5 жылға жуық уақыттың ішінде көп жұмыстар жасалды.  Соңғы 3 жылда жаңадан 9 мектеп, 5 балабақша, 3 аурухана пайдалануға берілді. Халықтың әл-ауқаты да бұрынғыдан әлде­қайда көтеріліп қалды. Қала әкі­мі де, аудан әкімі де сіздің тапсырмаларыңызды орындап, елдің ризашылығын алып отыр. Ал біз – ардагерлер де көптің  алғысын өзіңізге айтқымыз келеді, – деді Құдайберген Назарұлы.
Алматы қаласында соңғы үш жылда 40-қа жуық білім ордасының салынып, пайдалануға берілгені айтарлықтай жағымды жаңалық екені де анық.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті