Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызметкерін ұрып өлтірген полиция басшысына қатысты жаңа деректер шықты

Дата: 10 января 2013 в 22:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Лейтенант Әбдрахман Шәленовтың өліміне Бейнеу аудандық Ішкі істер басқармасы бастығы себепкер болыпты. Арнайы тексеру жүргізген Қаржы полициясы осындай қорытынды шығарып отыр. Басшыға бір емес, бірнеше айып қатарынан тағылған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазанында кәсіби мерекесін кафеде атап өткен бейнеулік сақшылар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаға жыртыс Шәленовтың өлімімен аяқталған-ды. Марқұмның туыстары бұған аудандық Ішкі істер басқармасы бастығы Арыстан Борановты кінәлаған. Алайда облыстық Ішкі істер департаменті әубаста-ақ «төбелесті Шәленовтің өзі бастаған» деген болжам жасапты.

Содан қылмысты тергеу Қаржы полициясына өткізілген. Нәтижесінде аудандық полиция жетекшісіне үш бірдей айыппен қылмыстық іс қозғалып отыр.

Шаттық Өтеев, Маңғыстау облыстық ЭҚСЖҚК департаменті бастығының орынбасары:

— Ішкі істер басқарма бастығына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде өзінің қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін. Ол қызметкер бүгінгі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

По сообщению сайта Nur.kz