Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шахматтан әлемді әлденеше рет мойындатқан қазақ қызы

Дата: 29 декабря 2012 в 11:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шахматтан әлемді әлденеше рет мойындатқан қазақ қызы


Астана. 29 желтоқсан. Baq.kz-Шахматтан әлем чемпионы 12 жасар Жансая Әбдумәлік өзімен шарша тақта үстінде бәсекелескісі келген бір топ адаммен бір мезетте ойнап, әдеттегідей бәрін ұтып шықты. Бұл ойынды Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Еркін Исрайлов ұйымдастырған.
Ойын классикалық шахмат түрінде өтті. Уақыт шектеусіз. Жас чемпион өзімен ойнаймын деп тілек білдіргендердің бәрін 1 сағат 20 минутта жеңіп шықты. Жансая өзін шахмат әліппесімен таныстырған әкесін де оп-оңай ұтып кете береді екен.


–Жансая мені 8 жастан бастап жиі ұта бастады. Бірақ, ол маған қарсылас ретінде емес, әкесі ретінде көп жеңілдіктер беретін,– деп күледі әкесі Данияр.
Жансаяның балалық әуестігі кейін кәсібіне айналды.Бірақ, әкесі оған емес, ағасы Санжардан үлкен шахматшы шығады, гроссмейстер болады деп сенген. Жансаяға онша мән бере қоймаған. Ол тек 12 жасқа дейін шахмат ойнапты. Осы уақыт ішінде бірнеше дүркін Алматы қаласының чемпионы атанған. Сондай-ақ, ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленген. Санжар қазір жеңіл атлетикаға ден қойған. Онда да табыссыз емес.
Жансая өзінің үлкен жеңісін 6 жасында әкеліпті. Алматы қаласында шахматтан өткен чемпионатта қыздар арасында бірінші орын алған. Одан кейін Вьетнамда әлем чемпиондығын жеңіп алған. 2010 жылы Түркиядағы әлемдік додада тоғыз кездесу өткізіп, бәрінде ұтып шыққан. Бұл керемет көрсеткіш. 2011 жылы мамыр айында Польшадағы шахмат турнирінде әлем чемпиондығын үшінші рет дәлелдеді. Қаршадай қыз сол жылы қараша айында Бразиля чемпионатында өзі қатарлы қарсыластарының бәрін тағы да қапы қалдырып, өзінің шахматтан теңдессіз талан екеін дәлелдеді. Енді Халықаралық шахмат федерациясынан халықаралық гроссмейстер атағын алуды күтіп отыр. Ол қазір 2013 жылы Біріккен Араб Әмірлігінде шахматтан өтетін әлем чемпионатына қатысып, бас жүлдені жеңіп алу үшін дайындалып жатыр.

 

По сообщению сайта Baq.kz