Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Балалар денсаулығы – ұлт саулығы

Дата: 16 декабря 2012 в 02:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жексенбі, 16 желтоқсан, 2012

Балалар денсаулығы – ұлт саулығы

Ел Тәуелсіздігінің мерекесі құрметіне облыс орталығында Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы шеңберінде облыстық балалар ауруханасының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыстық көп бейінді 200 төсектік балалар ауруханасының жалпы көлемі 26492,9м². Сметалық құны 4 674 090,0 мың теңгені құрайды. 4 қабатты емдеу корпусынан және 2 қабатты физиобөлім мен сумен оңалту рәсімін жасау үшін қойылған екі бассейннен тұрады. Құны – 779 000 мың.теңге болатын барлығы 156 заманауи медициналық құрылғылармен (компьютерлік томография, ИФА – анықтау, сандық Р-аппараты, ішкі ағзалар құрылысын тексеретін ультрадыбысты зерттеу құрылғысы, жансыздандыру мен жан сақтауға арналатын жабдықтар, эндоскопиялық препараттар және т.б.) толық жабдықталған. 30 төсектік хирургия, 15 орындық урология, 30 науқасқа арналған нефрология мен нейрохирургия, 20 адамға арналған травмотология, лор, оңалту бөлімі секілді барлығы 9 бөлімшеден тұратын аурухананың 16 маманы биылғы жылы жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін ғылыми орталықтарда біліктіліктерін арттырып келді. Аудандарда балалар хирургтерінің аздығына байланысты ауруханада хирургиялық ақауы бар балаларды алғашқы және қайтадан қабылдауға арналатын «Балалар амбулаторлық хирургиясы орталығы», 25 төсектік балалар нейрохирургия және 15 орындық оңалту мен қалпына келтіру бөлімшелері ашылатын болады. Алдағы уақытта мұнда жылына 55 мың келушіге диагностикалық кеңес беру мен амбулаторлық хирургия орталығы ашылмақшы.
Жаңа ауруханада лапароскопиялық диагностика жасау, бейнеэндоскопиялық ота әдісі, іш перде қуысы ауруларына хирургиялық араласулар жасау, 1 жасқа дейінгі балалардың жүйке жүйелерін обструктивті түбекше арқылы кең ауқымды рентген диагностикалау қызметі т.б. жасалатын болады.
2008 жылға типтік жобаны бейімдеу үшін 74 950 000 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген (100%), жобалау-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеу аяқталып, ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2011 жылға республикалық бюджеттен құрылыстың аяқталуына 1 243 147,0 мың теңге бөлінді.
Аурухана құрылысын аяқтау үшін 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 2 758 212,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 185 489,0 мың теңге бөлінген. Есепті кезеңге бөлінгені 2 370 603,0 мың теңге, игерілгені 2 365 031,1 мың теңге, яғни 99,8 % құрап отыр. Мердігері – «Құлагер» ҚК.

Толқын Өмірбаева,
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы
баспасөз орталығының жетекшісі.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті