Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алғашқы «ІРО» өте сәтті өтті

Дата: 07 декабря 2012 в 10:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алғашқы «ІРО» өте сәтті өтті

Астана. 7 желтоқсан. BAQ.kz «Бұл нағыз халықтық ай-пи-о болды!» деді Үкімет басшысы Серік Ахметов. «Алғашқы «ІРО» өте сәтті өтті» деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев. 

Кеше Үкімет үйіндегі кеңесте «халықтық ІРО»-ның қорытындылары шығарылды. Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асырған жауапты тұлғалар бірін-бірі құттықтап, қуана қол алысып жатты: сұраныс ұсыныстан екі есе дерлік асып түсіпті!
— Мемлекет басшысының «халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсыр­масы бойынша қараша айында біздің еліміз үшін маңызды шараның бірінші кезеңі орындалды, — деді Үкіметтегі жиынды ашқан Премьер С.Ахметов. — Кеше, 5 желтоқсанда 19:00-де өтінімдер қабылдау аяқталды. «ҚазТрансОйлдың» — «Самұрық-Қа­зына» тобындағы өте маңызды ұлттық компа­нияның 27 миллиард теңгеден астам сомаға ак­циялары саудаға қойылған болатын. Бұл — 38 миллионнан астам дана акция, олардың әрқай­сысының құны 725 теңге болып белгіленген,-дей келе, Үкімет жетекшісі «халықтық ай-пи-о» бағ­дарламасының бірінші кезеңін іске асырудың алдын ала қорытындылары бойынша сөзді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевке берді.
— «Халықтық ІРО»-ға бірінші болып, «ҚазТрансОйл» шығып отыр,-деді Өмірзақ Естайұлы. — Ол өте тұрақты, бәсекеге қабілеттілігі жоғары, перспективті компания болып табылады. Оның нақты өндірістік, инвестицияның, соның ішінде «халықтық ай-пи-о» нәтижесінде қол жеткізген қаражаттарды пайдалану бойынша бағдарламасы бар. Өткен жылдар бойында «ҚазТрансОйл» дивидендтерді белсенді төлеп келді. Айталық, 2009 жылы 7 миллиард 340 миллион теңге, 2010 жылы 19 миллиард 330 миллион теңге, ал былтырғы жылы тіпті 60 миллиард теңге дивиденд ретінде төледі.
Бұл — маңызды көрсеткіш, өйткені акция иегер­лері қолындағы құнды қағазының табысының бір көзі ретінде осы дивидендтерден үміт ете алады. «Самұрық-Қазына» басшысының ай­туынша, «ҚТО»-ның жаңа дивидендтік саясаты ендігі бекітіліпті. «Оған сәйкес, «ҚазТрансОйл» енді дивидендтерді жалпы таза табысының 40 пайызынан кем емес деңгейде төлейтін болады» деді ол.
Сонымен, алғашқы «халықтық ай-пи-оның» алғашқы қорытындылары қандай? «Кеше, 5 жел­тоқ­санда өтінімдерді жинау аяқталды, ол шара тура бір ай бұрын, 6 қарашада басталған болатын, — деді Өмірзақ Естайұлы. — «ҚазТрансОйл» акцияларын орналастырудың алдын ала нәтижелері оның елеулі жетістіктерге жеткендігін көрсетеді. Ел халқының және жинақтаушы зейнетақы қорларының өтінімдерінің жиынтық көлемі 56 миллиард теңгені құрады. Ал орналастырылатын акциялардың ең көп дегендегі көлемі 28 миллиард теңге көлемінде ғана белгіленген еді. Яғни сұраныс ұсыныстан 2 есе асып түсті».

Егер тарата айтсақ, ЖЗҚ-лар мен маркетмейкерлер «ҚТО»-ның ак­ция­ларын 37,3 миллиард теңгеге сатып алуға құштар болып отыр. Алайда оларға күте тұруға тура келмек: бағдарлама бойынша ең алдымен құнды қағаздар халыққа сатылады. «Жеке тұлғалар 25 мың 207 өтінім берді, — деді Ө.Шөкеев. — Бірақ бұл алдын ала көрсеткіш. Өйткені бүгінде «Қазпошта» тағы 6 мыңдай өтінімді өңдеуде. Демек, біз өтінімдер 30 мыңнан асып түседі деген ойдамыз. Осылайша, азаматтардың акцияға сұранысының жалпы сомасы 18 мил­лиард 600 миллион теңгеге баруы мүм­кін». Ендеше, 10 мил­лиард теңге көле­міндегі акциялар ғана ЖЗҚ-лар еншісі­не тимек. «Самұрық-Қа­зына» басшысы бұл акциялардың елі­міздегі 10 зейнетақы қоры арасында пропор­ционалды түрде бөлінетіндігін жеткізді. «Сонда ЖЗҚ-лар 8 миллионнан асатын салымшыларының зейнетақы­-лық жи­нақтарын «ҚазТрансОйл» және басқа компаниялар акцияларына инвес­тициялайды, осы арқылы халқымыз жа­нама түрде еліміздің ірі компа­ния­лары­ның қосымша қожайындарына айнал­а­­ды» деп ой түйді Өмірзақ Шөкеев.
«Самұрық-Қазына» басқарма төр­аға­сының дерегінше, өтінімдердің 73 па­йы­зы 200 мың теңгеге дейінгі сомада болған. «Яғни ІРО шын мәнінде, ха­лықтық си­патта болып отыр және ак­цияларды не­гізінен қатардағы азаматтар сатып алған» деді Өмірзақ Естайұлы. Осы тұста «Қаз­ТрансОйл» басшысы «мем­лекеттік қыз­мет­шілердің ак­цияларды аз алғандығын» растады. Айтпақшы, оның мәліметінше, 6 мың 900-ден астам «қазтрансойлдықтар» акция сатып алған. Яғни «халықтық ІРО»-ға қатысушылардың 30 пайызда­йын осы компанияның өз қызметкер­лері құрап отыр. Осы орайда Үкімет басшысы «ҚазТрансОйл» басшысынан: «Өзің акция сатып алдың ба?» деп сұрады. «Міндетті түрде!» деп жауап берді ол.
Бір қызығы, «халықтық ІРО» бағ­дарламасын түсіндіру барысында көптеген қазақстандықтар «ЖЗҚ-ларда жатқан өз жинақтарын «суырып» алып, оған ак­циялар сатып алуға мүм­кіндік беруді» көп сұрапты. Бұл ұсыныс кеше Үкімет бас­шылығына жеткізілді. Егер оған ұлықсат етілсе, келесі ке­зеңде «ха­лықтық ай-пи-оға» шығатын компа­ниялардың ак­ция­ларына деген сұра­ныс алапат артары анық. Әйтпесе қарапа­йым бұқараның қо­лында құнды қағаз сатып алардай басқа бос ақша жоқ.
— Алда біз бірінші кезеңнің қоры­тындылары бойынша деректі фильм түсіретін болармыз, — деді Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мың­бай. «Бар­лық кезеңдерді сіздер ақпарат­тық сүйе­мелдеулеріңіз қажет! — деп тапсырды Пре­мьер. — Өйткені көптеген аза­мат­тарымыз осы­ның қандай нәтиже әкеле­тіндігін күтіп отыр. Олар алда басқа ком­паниялардың акциялары саудаға қойылатынын біледі. Олар бірінші ак­цияның нәтижелерін күтеді». Жиынды қорытқан Үкімет бас­шысы Елбасының тапсырмасы табысты атқарылғандығын мәлім етті.
«ҚазТрансОйл» мәліметінше, енді жел­тоқсанның 10-ы мен 19-ы ара­лығын­да ак­цияларды бөлу жүреді. Бірінші кезек­те, акциялар жеке тұл­ғаларға, содан ке­­йін ЖЗҚ-ларға беріледі. Ал 19-24 желтоқ­сан­да ақырғы есептер жасалуы қажет. Со­ның нәтижесінде акция сатып алуға өтінім берген қа­зақстандықтарға биржалық куәлік берілмек.

Айхан ШӘРІП  

По сообщению сайта Baq.kz