Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ЭКСПО-2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі

Дата: 30 ноября 2012 в 09:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 30 қараша, 2012

ЭКСПО-2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі

Елордамызда Бүкілә­лем­дік EXPO-2017 көрмесі өте­тін болды. Көрменің де көрмесі бар. EXPO халық­ара­лық көрмесі күнделікті көп шараның бірі емес. Оны өткізуге ынталы елдер көп. Керісінше, шама-шарқы жет­пейтін көп мемлекеттер бұл көрменің көкжиегіне де бас сұға алмайды. Ал Қазақстан бұл халықаралық ауқымды ша­раны өткізуге 2008 жылы ниет білдірген. Күні кешегі қарашада алпауыт елдермен аламанға түсіп, сол бәйгеде Астана жеңімпаз атанды. Қазақ елі тағы да талайдың таңдайын қақтырды. Себебі, бұған дейін Орталық Азия аумағында, ТМД кеңістігінде EXPO-ны өткізу бақыты ешбір елге бұйырған жоқ.

ЕЛ ҮШІН ИГІЛІКТІ ІС

Бұл халықаралық ауқымды шараны өткізу үшін елордамыз алдағы 5 жыл ішінде зор шара­лар­ды іс жүзіне асыруы керек. Қазір Астанада қонақтарды қа­был­дайтын 171 қонақ үй бар. Оларға 7 мыңнан астам мей­ман­ды жайғастыруға мүмкіндік бар. Көрме кезінде қолда бар қонақүйлерге шамамен 45 мың адамды жайғастыра аламыз деген күннің өзінде, бұл меже мүлде аздық етеді. Сондықтан Астанада 4 және 5 жұлдызды қо­нақүйлердің саны еселей кө­бей­тілуі керек. Жолдар жаңар­ты­лып, инфрақұрылым жаңғыр­ты­лады. Жаңадан көптеген ең­селі ғимараттар бой көтереді. Бұл дегеніңіз мыңдаған қазақ­стан­дықтар үшін жаңа жұмыс орны мен негізгі табыс көзі болып табылмақ.

EXPO-2017 көрмесі бізге не береді? Бұл бүгінде әрбір қазақ­стандықтың көкейінде жүрген сұрақ. Оған экономистер мен мамандар нақты жауап бере жатар. Ал қазір өз бағамдауымыз бойынша, біздің елімізге мил­лион­даған туристер келеді. Дү­ние жүзі елдерінің Қазақстанға деген қызығушылығы артады. Іс басында жүрген кәсіп­кер­лер­дің қызығушылығы болса, инвестиция құйылады. Инвестиция дегеніміз, елдің игілігі. Со­нымен бірге, EXPO-2017 көрме­сі өтетін аумақта ондаған павильондар салынады. Қаламыздың инфрақұрылымы кеңейеді. Бұл тағы да жүздеген жаңа жұмыс орны деген сөз. Шағын және орта бизнес саласы дамиды. Ең бастысы, елімізге озық технологиялар мен ғылыми жетістіктер келеді.

Рысгүл ҚАУҒАБАЕВА,

Астана қаласының кәсіпкерлік

және өнеркәсіп басқармасы

бастығының орынбасары.

__________________________

БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

Қазір дүние жүзінде энер­гия­ның тапшылығы айрықша сезілуде. Электр қуаты шикізатының азайып бара жатқандығы әлем хал­қын кәдімгідей алаңдатып отыр. Адамзат бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіре бас­та­ғанына да біраз жылдың жүзі болды. Барлық саналы тіршілік иесін алаңдатып отырған осы бір жаһандық зор проблеманы шешуде Қазақстанның үні де ай­рық­ша шығуда. Оған 2017 жылы егемен еліміздің бас қаласы – Астанада өтетін Бүкіләлемдік EXPO-2017 көрмесінің негізіне «Болашақтың энергиясы» тақы­ры­бының алынуы да дәлел болса керек.

Ғалымдардың дерегі бой­ын­ша, табиғат қазыналары таусы­лып барады. Енді 35 жылдан кейін жер қойнауындағы мұнай қоры толық түгесіледі деген болжам бар. Бұл ғаламшар тұрғындарын энергияның балама түрлерін табуға мәжбүр ететіндігі сөзсіз. Енді адамзат жарық күннен, өкпек желден, тасқын судан энергия қуатын өндіруге көшеді. Ендеше, «Болашақтың энергиясы» атты Қазақстанның бұл бастамасы барлық адамзат болашағына деген толғаныстан туындап отыр.

Айдарәлі РОМАНОВ,

«Қазақстан темір жолы»

ҰҚ инженері.

___________________


ЖАҢА ИДЕЯЛАР ОТАНЫ

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің көреген саясатыңыздың тағы бір жеңісіне Қазақстан суретшілері құтты болсын айтады!

Астанадағы ЕХРО-2017 ТМД елдері мен Орта­лық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы ха­лық­аралық деңгейдегі көрме екені біз үшін мақтаныш.

Тарихи оқиға ретінде бұл біздің еліміздің да­муына қосымша импульс беретіні де сөзсіз. Осы жеңістің өзі де бүкіл әлем жұртшылығының Қа­зақстанды жаңа технология мен жаңа идеялардың отаны ретінде танып мойындап, елордамыздың жаңа мәдени орталық ретінде қалыптасқанын то­лық көрсете алады.

Еліміздегі әлемдік деңгейдегі бұл шараны лайықты өткізуге Қазақстан суретшілері де өз үле­сін қосатынына сенім білдіреміз.

Қ.Телжанов, С.Мәмбеев, Ә.Қайдар,

Б.Мергенов, Б.Өмірбеков, Д.Әлиев,

А.Ақанаев, Б.Зәуірбекова, В.Сергебаев,

А.Дүзелханов, Б.Досжанов, Е.Тұяқов.

АЛМАТЫ.

_________________________________

ЕЛ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

Астана Халықаралық көр­ме­лер бюросы­ның 161 мүше мемлекеті өкілдерінің жасы­рын дау­ыс беруі барысында бель­гиялық Льеж қаласын басып озып, ЕХРО-2017 Ха­лық­аралық маман­дан­дырылған көрмесін өт­кі­зетін қала болып таңдалды. Төрткүл дүние алдында өз мәрте­бесін асқақтата білген Қа­зақ елі үшін бұл үлкен қуаныш. Осы қуаныш барша қазақ халқына құтты бол­сын. Бұл, ең алдымен, әлемге та­нымал мықты сая­саткер, Ұлт көшбасшысы – Елбасымыз Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың ерен еңбегінің жемісі мен жеңісі деп бағалауға болады.

Елордамыз Халықаралық көр­мелер бю­ро­сы, Астана энер­гияның балама көзі және «жа­сыл» технологияға арналған «Бо­ла­шақ­тың энергиясы» тақы­рыбын ұсынды. М­е­нің­ше, энер­гияның балама көздеріне көшу – бүгінгі күннің ең өзекті тақы­рыбы. Себебі, әлем халқы ға­лам­дық экология лас­та­нуы­ның зардабын шегіп отыр.

Сонымен EXPO-2017 көр­ме­сі 5 жылдан кейін Астанамызда өтеді. Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілгелі тұрған бірегей шара болмақ. ЕХРО ауқымында салынатын ны­сан­дар болашақта Қазақ­станды және оның астанасын ірі халық­аралық, көрме және ақ­па­раттық-таныстырылымдық алаң ретінде қа­растыруға мүмкіндік береді. Елге шетелдік инвестициялар тартылып, бизнес-туризм­нің да­муына жол ашады. Әсем Астана қарыштап өсіп, бұрынғыдан да өршіл мақсаттарды жүзеге асы­руға жаңа серпін алады.

Осы тұрғыда, Рудный индус­триялық институтының ұжымы Халықаралық маманданды­рыл­ған ЕХРО-2017 көрмесінің ұй­ым­дастырылуы мен өтуіне ат­са­лысып, болашақтың іргесін бірге қалауға дайын.

Әбдірахман НАЙЗАБЕКОВ,

Рудный индустриялық институтының

ректоры, профессор.

Қостанай облысы.

 

ТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫ

Астана қаласының ЕХРО-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізу жөнінде әлемдік бәсекеде жеңімпаз болып танылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының тұрғындары арнайы митингі өткізіп, бүкіл қазақстандықтарға арналған үндеу қабылдады. Кешегі ғасыр тажалы  атанған ядролық сынақ алаңы –  Семей полигонының қақ ортасында орналасқан Курчатов қаласының тұрғындары  бұл жаһандық шараның маңызын барынша түсіне отырып, оның әлем халықтары арасында бейбітшілік салтанатын паш ететіндігіне сөзсіз сенім білдіріп, отандастарына арнаған үндеуде былай деп атап көрсетеді:

«Қазақстан өркениет қайнары  бастау алған қос құрлықтың алтын көпірі, Еуразия кеңістігінің Ұлы кіндігі болып табылады. Ол өзінің ғасырлар қойнауынан сыр шерткен шерлі шежіресімен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы мұра – халықтық дәстүрлерге де шексіз бай. Ұшқан құстың қанаты талар Қазақ даласы қазба байлықтарымен бірге, көнеден сыр шерткен ескерткіш жәдігерлер­ден  де кенде емес. Біздің егемен еліміз осын­дай  мол мұраларымен өткенді бола­шақ­қа жалғаған жасампаз өлке болып табылады.

Өзінің жиырма жылдық тәуелсіздік ке­зе­ңінде Қазақстан әлемнің саяси картасын­да «терра инкогнита» болудан қалды. Бүгін төрткүл дүниеде Қазақстанды білмейтін ел жоқ. Қазір Қазақ елі өзінің әлеуетті эконо­ми­касымен, тұрақты саяси көзқарасымен қай мемлекетке болса да сенімді әріптес бо­лып табылады. Қазақстанда салтанат құр­ған ке­пілді тұрақтылықтың өзара пайдалы ын­тымақтастық тұғыры болатындығын барлық әлем мойындаған. Біздің респуб­ликамыз қазір Орталық Азияның эконо­ми­калық локомотивіне айналған. Міне, ғасырға пара-пар осы даму жолын тәуелсіз Қазақстан Рес­пуб­ликасы өзінің Ұлт көшбасшысы, Елбасы, Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың дана басшы­лығымен өткеріп келеді.

Елбасы өзінің халқына зор сенім артса, халқы Елбасының жолына   өскелең үмітін  үкілейді. Өзінің еліне және халқына деген осы зор сенім Елбасы үшін Қазақстанды зор жеңістер мен жетістіктерге бастауда берік тұғыр болып келеді. Міне, күні кеше Тұң­ғыш Президентіміздің бастамасымен еліміз тағы да бір биіктікті бағындырды. Қа­зақ­станның бас қаласы – Астана дүние жү­зі­нің 161 мемлекеті мүше болып табы­ла­тын ЕХРО-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізу орта­лы­ғы болып танылды. Бұл егемен еліміздің халықаралық дәрежеде тағы да мойын­далған зор беделінің белгісі.

ЕХРО көрмесінде  әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін паш етеді. Осы көрме шеңберінде жаһандық дамудың жаңа бағыт­та­ры айқындалады. Оған барлық құрлықтардың жүздеген мемлекеттерінен  мил­лиондаған адам­дар қатысады. Үлкен бә­секемен өткен бұл байқауда Астана қала­сының жеңіске жетуі тегін емес. Біріншіден, бұл біздің елордамыздың әлемдік ауқым­дағы үлкен шараларды өткізе алатындығына берілген сенім. Екіншіден, бұл Қазақ­стан­ның әлемдік дәрежеде экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің толық мойын­дал­ғандығының куәсі. Үшіншіден, көрменің жалпы тақырыбы болып таңдалған «Бола­шақ­тың энергиясы» атты мәселенің маңыз­дылығының нәтижесі болса керек.

Курчатов қаласының тұрғындары осы үлкен жеңіспен барлық қазақстандықтарды қызу құттықтай отырып, ЕХРО-2017 көр­ме­сін өткізу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңына бұрынғыдан да берік топтасуға шақырады.  Қазақстан осы жа­һан­дық ғылыми жетістіктер көрмесін өткізу арқылы өзінің индустриялық-инновациялық даму жолында тың жетістіктерге қол жеткізеді. Астана қаласында өтетін бұл инно­ва­циялық шара еліміздің жас ғалымдарын жаңа ғылыми жетістіктерге жетуге бастамақ. ЕХРО-2017 Қазақ­стан­ның әлемдік аренадағы беделін бұрын­ғы­дан да биік белестерге көтеретіне даусыз».

«Егемен-ақпарат».

МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ

Егемен еліміздің айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы да халықаралық үлкен бәсекеде бас бәйгеге ие болды. Әлемнің 161 мемлекетінің арасында топ жарып EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болу үлкен мерей, зор құрмет. Бұл – біздің бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісі, бұл – біздің Тұңғыш Президентіміздің сара саясатының жеңісі. Сондықтан бұл жаһандық шараны елордамызда өткізудің ел үшін ерекше зор маңызы бар. Бұл біздің еліміз үшін әлемнің озық жетістіктерін көруге мүмкіндік береді. Елордамызда дүние жүзінің озық жетістіктері мен технологиялары салтанат құрады. Менің ойымша, бұл көрмеге Қазақстан да құрқол бармайды. Біздің де өндіріс саласында, өнеркәсіпте, білім және ғылым саласында, инновация саласында әлемге көрсететін жетістіктеріміз баршылық. Біз үшін бұл өзіміздің қай деңгейде келе жатқанымызды бағдарлайтын зор мүмкіндік. EXPO-2017-нің егемен еліміздің жас елордасында өтуі біз үшін зор саяси, рухани және ғылыми маңызы бар биіктік.

Рахман АЛШАНОВ,

«Тұран» университетінің ректоры.

_____________________________

БАҚ СЫНАЛАР ШАҚ

2012 жылдың қараша айы Қазақстан үшін, бүкіл қазақ­стан­дықтар үшін ерекше мерейлі де абыройлы болып, зор қуаныш әкелді. Біз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің арасында озық шығып EXPO-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізу құрметін жеңіп алдық. Бұл дегеніңіз, 2017 жылы әлемнің барлық мемлекеттері өз жетістіктерін Астанадағы көрме алаңына әкеліп, төрткүл дүние түгел Қазақстанға ағылады деген сөз. Әлемдік озық технологиялар мен сапалы өнімдер осы жаһандық көрмеде бақ сынасатын болады. Бұл сындарлы сыннан біз де сырт қалмауымыз керек. Қазақстандық өндіріс саласының озық үлгілерін паш ету үшін бізге уақыт сыны келіп тұр. Сондықтан отандық өнеркәсіп орталықтары бұл көрмеге барынша зор дайындықпен және жауапкершілікпен келуі керек. Еліміздің өнеркәсіп саласы еңбеккерлерінің атынан біз елімізді ұятқа қалдырмайтындығымызға сенім білдіреміз.

Қанат ӨСКЕНОВ,

С.М.Киров атындағы машина жасау

зауытының бас директоры.

ПЕТРОПАВЛ.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті