Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жас қазақстандық Лас-Вегастағы халықаралық каратэ турнирінде алтын алды (ФОТО, ВИДЕО)

Дата: 13 ноября 2012 в 15:02 Категория: Новости спорта

Жас қазақстандық Лас-Вегастағы халықаралық каратэ турнирінде алтын алды (ФОТО, ВИДЕО)

Астана. 13 қараша. BAQ.kz Жас қазақстандық, 10 жасар Теймур Алхазов Лас-Вегастағы (АҚШ) халықаралық каратэ турнирінде екі мәрте алтын жүлдені жеңіп алды. 

Теймур Алхазовтың каратэ секциясында жаттығып жүргеніне бес жылдан асты. Парвиз Мансұров жетекшілік еткен «Толқын» спорт кешенінің БЖСМ-дегі оның алғашқы жаттықтырушысы қазір Екатеринбургте тұратын Александр Гаплевский болды. Дарынды жас спортшыны Гаплевскийдің тәрбиеленушісі Максим Медимов атты басқа жаттықтырушы қабылдап алды.

Спорттық карьерасында келешегінен зор үміт күттіретін жас спортшы бірнеше рет әр түрлі аймақтық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып үлгерді.

«Бұл баланың жоғары жетістіктерге жетуі үшін барлық алғышарттары бар. Бастысы – жеңіске ұмтылу және үнемі жаттығу», — дейді Ақтау қаласы каратэ-до құрамасының аға жаттықтырушысы Әлихан Тұқаев.

«балалар спортын дамыту қазір – маңызды қажеттілік. Осыған байланысты балалар каратэсі – балалар үшін жұмылдырудың, дамытудың және жетілдірудің жақсы құралы», — дейді Әлихан Тұқаев.

«Психология мен тәрбие көзқарасы тұрғысынан балалар каратэсі баланы тәртіпке салады, жаңа ұжымда бейімделуге көмектеседі, іссіздік пен әрекетсіздіктен бездіреді, мақсаттылық пен жинақылыққа үйретеді», — дейді қала құрамасының аға жаттықтырушысы.

  



По сообщению сайта Baq.kz