Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ертеңгі ел тірегі – бүгінгі өскелең ұрпақ

Дата: 30 октября 2012 в 08:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сейсенбі, 30 қазан, 2012

Ертеңгі ел тірегі – бүгінгі өскелең ұрпақ

Тәуелсіздігіміздің әр жылы ғасыр­ға бергісіз тарихи ке­зеңдер. Себебі, өткен ке­зеңнің әр жылында, әр кү­нін­де еліміз үшін, оның бо­ла­шағы үшін аса маңызды қан­шама ше­шімдер қабыл­да­нып, қаншама айтулы тарихи оқиғалар жүзеге асты.

Бабалардан мұраға қалған жердің иесі, егеменді елдің ертеңі – жастар осы қол жеткізген табыстар мен жетіс­тік­те­ріміз­ді, әрине, тек мақтан тұтамыз. Біз, жастар қазақстан­дық­тардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буынын құраймыз. Және бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұландары – мына біздер жан-жақты білім алып, мамандық иесі атанып, жұмысқа орналасып, ғашық болып, отбасын құрып, болашаққа жоспарлар құрудамыз…

Қазіргі таңда және болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар. Міне, осындай биік мақ­саттар бізді тек алға жетелеуде. Мұны халқы­мыз­дың сан ғасыр­лар аңсаған арманының, қазақ арманының орындалғаны деп білемін. Сан ғасырлар аңсаған қа­зақ ар­манының шындыққа айна­луы­на Елба­сы­мыз Н.Ә.Назарбаев кепіл болды және мызғымас мемлекет қана емес, түбірімен жа­ңар­ған демократиялық қоғам құр­ды. Бүгінде әлемнің озық ел­дерінің үлгілеріне, тәжірибеле­рі­не сүйене отырып, өзіндік жолын таба білген Қазақстан қоғамының қарыш­тап дамуының басты ерекшелігі де осында. Елбасымыз ел тәуелсіздігінің алғашқы жылда­рын­да орын алған қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, барша қа­зақстандықтарға, әсіресе, жастар­ға барлық мүмкіндіктерді жаса­ды. Мұның айқын айғағы – ешбір елде болмаған «Болашақ» бағ­дар­ламасы­мен жастарымыз шет елдердің озық жоғары оқу орын­дарында білім алуы және кәсіби оқу орындары, «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәрізді жаңа үл­гідегі оқу орындарының ашылуы. Бұл тұстағы басты мақсат: са­па­лы білім – болашаққа салынатын инвестиция.

Елбасымыз әрқашан жастар­ды еліміздің алтын қоры ретінде бағалап келеді. Тәуелсіздік та­ңын­да сепкен дән­дер бүгінде бүр­шік атты, өркен­деді. Елбасы­мыз: «Бақ-дәулет, барша игілік адамның өз қолымен жасала­ды», дейді. Бізді еңбекқорлыққа, ұм­ты­лыс пен үнемі ізденіске ша­қырған: «Өз Отаның бұл дүние­дегі жәннатың мен шуағың. Сон­дықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүд­де­сіне жұмсаңдар», деген сөздері жастар үшін үлгі-өсиет. Н.­Ә.На­­зар­­баев Елбасы ретінде ел тірегіне айнал­ды, ал жастар өздерін Елбасының тілегіміз деп сезінеді. Жастарға үлгі болған Нұрсұлтан Әбішұлы, жоғары амбиция, сенімділік, «қазіргі заманғы қазақ­стандық» образын жастар жүре­гіне ұялатты.

Жоғарыда айтқан сөздеріміз­дің барлығы Елбасымыздың «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамы­на қарай 20 қа­дам» бағдарла­ма­лық мақаласы, «Қа­зақ­стан білім қоғамы жолында» актілік дәрісі және жыл сайынғы халыққа жол­дауларында нақты-нақты аталып, бүгінгі жастардың бойына білім, еңбек құндылықтарын сіңіру жолында өте жоғары септігін тигізуде. Осындай бәсекеге қабі­лет­ті патриот азаматтар тәрбиелеу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл Мемлекеттік жастар саясаты туралы тұ­жы­рымдамада нақты белгіленбек.

Қазіргі таңда баршаның наза­рын­дағы, қоғамдық мәртебеге көтерілген, жастар арасында ең көп талқыланып жатқан Мемлекеттік жастар саясаты туралы тұ­жырымдамада баланың дү­ниеге келген күнінен бастап өмір бойы өсіп, жетіліп, дамуына қажетті инфрақұрылымдарды қалып­тас­ты­ру, жас ұрпақ бойында пат­риоттық құн­ды­лықтарды үздіксіз сіңіру жүйесін жасау сияқты міндеттерді атқару белгіленген. Тұ­жы­рымдамада жастардың әлеу­мет­тік қорғалуы көбірек қамтыл­ған. Десек те, егер біз ХХІ ғасыр­да бар біліміміз бен күшімізді ел өркен­деуіне жұмсайтын ел құ­рамыз десек, қазірден өскелең ұрпақтың бойында рухани, адамдық, ізгілік, парасат­тылық, еңбексүй­гіш­тік қасиеттерді қалыптастыру қа­жет. Сонымен қатар, кадрлық өсу мәселесі де ерекше назарда тұр­ғаны абзал.

Жас ұрпақтың тәрбие мәселе­сі Ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың ерек­ше наза­рында. 2011 жылғы 11 ақпан­да өткен «Нұр Отан» ХДП XIII съезінде Ел­басы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан­ның жас азаматтары­ның басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйым­дары­ның жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Айтылған сөзі араға жыл салмай бес ай ішінде іске асы­рылды. 2011 жылдың 6 шілдесінде, яғни елорда күнінде «Жас Ұлан» бі­р­ың­­ғай балалар мен жасөспі­рім­дер ұйы­мы құрылды. «Жас Ұлан» ұйымы­ның мақсаты – өс­ке­лең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақ­станның бүгіні мен бола­ша­ғына деген жауапкершілікті қа­лыптастыру. Ал «Жас Ұлан» ұйымының басты міндеттерін келесідей етіп тізбектеуге болады:

Қазақстан халқының тілін, мә­де­ниетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бой­ын­да рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; балалар мен жас­өспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арт­т­ы­ру; танымдық жұмыстарды ынталан­ды­ру; балалар мен жасөспірім­дер­дің зияткерлік, шығарма­шы­лық және әлеу­меттік дамуы үшін қолайлы жағ­дайлар жасау; жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көш­бас­шылық және ұйымдастыру­шы­лық қабі­лет­терін дамытуға бағыт­тал­ған баланың жеке тұлғалық қасиет­терін дамыту.

Әр өңірде «Жас Ұлан» ұйы­мы­ның бөлімдері құрылып, жұ­мысы жандана бастады. Жоспар біреу, ой ортақ бол­ғандықтан, іс нәтижесін бере бастады. 2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қа­ла­сындағы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жас Ұлан» бір­ың­ғай балалар мен жасөспі­рім­дер ұйымының алғашқы мүшеле­рін салтанатты түрде қабылдады. Дәл осы сәттен кейін ұйым қа­тарына мүшелікке қабылдан­ған­дар саны ай сайын көбейе берді. Қазіргі уақытта «Жас Ұлан» қа­тарында 700 000-нан аса оқушы бар.

Бүгінгі таңда жасұландықтар – республикамыздағы балалар қозғалы­сы дамуындағы Елбасы­ның белсенді көмекшілері. Бір жыл ішінде олар ұйымды да қалыптастырып, сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінде өз жұмыстарын бастап үлгерді. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөс­пірімдер ұйымының бел­сенді мүшесі Рысбек Жанар өзінің бір шығар­масында: «Мектеп бітіріп шыққан ұрпақ бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өмі­ріне білім жүзімен ашылған сана­лы ақыл көзімен қарай білсе, адал ісімен жарай білсе, білім­діліктің көздейтін мақсатына жеткеніміз емес пе?! Нағыз білімділер ғасыры келгендей. Жастар – еліміздің үміті мен бола­шақ­қа сенімінің дәнекері іспетті. Болашақтың сәулетіне нұрын ша­шатын, кемел білімге жол аша­тын ұр­пақ болуға міндеттіміз. Ота­нымыздың намысты өр ұрпа­ғы, шабысты Құлагердей тұлпа­ры болайық! Қыран құстай сам­ғай­тын сұңқары болайық! Төрт­күл дүниенің төрт бұрышында көк байрақты желбірететін, пай­да­сын тек халқына келтіретін биік рухты жастар болайық! Қон­сақ, тек әлемді таңдандырар шың­дарға қонайық! Жар­қын бо­лашағымызды бірге қа­лайық! Өйткені, еліміздің тірегі де, ертеңгі жүрегі де біздер – жас­ұландықтар!» деп жазыпты.

Ел ертеңі – өскелең ұрпақ осы­лайша мақсат қойып, алға ұм­тылады. Жас ұландар болашағын құруды бүгіннен бастап кетті.

Нәзира БӨЛТІРІКОВА,

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен

жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрайымы.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті