Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Электронды әдіс – білім беру жүйесіндегі негізгі бағыт

Дата: 25 октября 2012 в 08:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бейсенбі, 25 қазан, 2012

Электронды әдіс – білім беру жүйесіндегі негізгі бағыт

Білім беру жүйесінің дамуы

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жылға қарай білім беру ұйым­дарының 50 пайызы электронды білім беру әдісін пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін жетеді», – деп мәлім еткен Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев интерактивтік дәрісінде осы мәселеге қайта оралып, үстіміздегі жылдың өзінде бұл орайда қыруар жұмыстар атқарылуға тиіс екенін атап көрсетті. «2012 жылы ол 581 мектепте енгізіледі», – деді Мемлекет басшысы.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, е-learning  жүйесі білім беруді жаңғыртуға арнал­ған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мәселен, Оң­түстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Францияда балабақшадан бас­тап үлкендерді оқытуға де­йін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуни­кациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елде­рінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжіри­беге әбден сіңісіп кеткен.
2012 жылдың 16 наурызында Астанада Қазақстан Республи­ка­сының білім және ғылым жүйесінде тарихи маңызы зор оқиға орын алды –  Қазақ­стан­дық электронды оқыту жүйесі үшін цифрлық білім беру кон­тентін жабдықтаушылардың Ха­лықаралық консорциумы құ­рыл­ды. Бұл құрылымның мақ­саты Қазақстанда электронды оқы­тудың 2020 жылға дейін белгі­ленген Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасына және 5-ші Халықаралық білімді ақ­парат­тандыру форумының резолюциясына сәйкес сапалы болуын қамтамасыз ету.
Консорциумның міндеті электронды оқытудағы және цифрлық контент дайындаудағы озық шетелдік тәжірибелерді отандық білім беру жүйесіне ендіру. Бұл қадам пән бойынша оқыту әдіс­темесін түрлендіре түседі, оны ағылшындар, поляктар, румындар, ресейліктер қол жеткізген дәрежеге жақында­туға мүмкіндік береді. Цифрлық білім беру ресурстарымен бірге қазақстандық білім беру ме­кемелерінің оқыту процесіне заманауи ақпараттық-ком­муника­циялық технология­ларға негіз­делген оқытудың жаңа парадигмасы болып табылатын пән бойынша жаңа оқыту әдіс­темелері келеді.
Қазақстанда алғаш рет мектеп пен колледж оқушыларына арналып электронды оқыту ен­гізіліп отыр. Өткен жылдан бері мемлекет электронды оқыту жүйесін жасауға қаржы бөліп келеді. Сондай-ақ, қаржы мектептер мен колледждерді қажет­ті инфрақұ­ры­лыммен, жүйені ма­ғына жа­ғынан мектеп және тех­никалық және кәсіптік білім беру пәндері бойынша цифрлық білім беру ресурстарымен  жаб­дықтауға да бө­лінуде. Мұнан басқа мұғалімдер мен колледж оқытушыларын жүйені пайдала­нуға арнайы дайындау да қолға алынған.
2011 жылы Астана мен Алматы қалалары және Қарағанды облысының орта, техникалық және кәсіптік білім беретін 44 мекемесінде «E-learning» элек­трон­ды оқыту жүйесінің жобасы бастау алды. Сонымен қатар, Білім беру жүйесінде басшылық кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институты базасында және облыстық білік­тілікті арттыру институттарында «E-learning» жүйесін зерделеу бойынша 8 мың педагогты оқыту курстары жүргізілді.
Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқым­­ды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттан­дырудағы серпіліс болып табылады. Елбасы өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі ха­лықаралық дең­гейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түр­лі қызмет аясында қолдана біле­тін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырға­нын атап өтті. Сондықтан да, дамыған елдерде кеңінен тара­ған «E – learninq» электронды оқыту жүйесі елімізде білім беруді дамытуды жүзеге  асыратын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Электронды оқы­­туды енгізу индикаторы 1 компьютерге шаққандағы бала санына, кең көлемді ғаламтор және сандық мазмұнмен қамта­масыз етуге негізделген.
Елімізде электронды оқыту жүйесін енгізу екі кезеңмен жү­зеге аспақшы.  Оның бірі 2011-2015, ал екіншісі 2016-2020 жыл­дарды қамтиды. Сәйкесін­ше, бастапқы кезең бойынша білім беру меке­мелерінің   50 па­йызы, екінші ке­зеңде 90 пайызы электронды түрге көшпек.  Осы жүйемен жұмыс жасауға мектеп мұғалімдері мен колледж оқы­тушылары арнайы да­йындықтан өткізілуде.
Үстіміздегі  оқу жылынан бас­тап М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі бұл орайда нақты қа­дамдар жасауда. Кол­ледждің электронды оқытуға  толық мүмкіндігі бар. Мате­риал­дық-техникалық базасы тың­­ғылықты. Қазіргі уақытта  оқу орнында интерактивті   тақ­та­мен жабдықталған 12 кабинет,   184  компьютер  жұмыс іс­тейді.     Кол­ледж  интернет желісіне қо­сылған. «Он-лайн  арқылы оқы­ту жүйесінің» жобасы енгізілу­де.  Сонымен қатар,  колледжі­мізге  бюджеттен  қосымша   69   ком­пью­тер беріліп, 4 интерак­тивті  тақта  орнатылатын  болды.  2012-2013 оқу жылына да­йындық ретінде Алматы облысында ал­ғашқылардың бірі болып,   18-22 маусым күндері  оқу орнында  55 оқытушы «Элек­трон­ды оқытуды  (e-learning) енгізу жағдайында  оқу үдерісін басқарудың дидак­тикалық мо­делі» бойынша да­йындық   кур­­сынан  өтіп, Білім бе­ру жүйе­сінің басшы және ғы­лы­ми-педагогикалық кадрлары білік­ті­лігін арттыратын рес­публи­ка­лық институттың сертификатын алды.
Елбасы атап көрсеткеніндей, электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім беру үрдісінің бар­лық қатысушыларының үз­дік білім беру ресурстары мен технологияларына қолжетім­ділігін қам­тамасыз ету. Білім беру жүйесін басқаруды қолдау­дағы басты құрал болуы себепті электронды оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәлі­меттерді сақтайды. Сондай-ақ, ол біріншіден, білімді дамы­тудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қам­та­масыз ету құралы, екіншіден, электронды оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәлімет­терді орталық­тандырып жинақ­тау арқылы білім беру жүйе­сінің мо­ни­торингін жасау құ­ралы, үшін­шіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статис­тикалық мә­лі­мет­терді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптас­тыруды қам­тама­сыз ететін ше­шім қабылдау құралы ретінде әрекет етеді.
Электронды оқыту жүйесі бар­лық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Электронды оқулық дегені­міз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулық­тың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған ти­імді қажет элементінің жанында жазуы болады.  Электронды оқы­ту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын ен­гізуге байланысты болып отыр.  Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-комму­ни­ка­тивтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Электронды оқулық пен оқы­тудың негізгі мақсаты – оқы­ту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім бе­рудің кез келген саласында «Электронды оқу­лық­тарды» пайдалану окушы­лар­дың та­нымдық белсенділігін арттырып қана коймай, ойлау жүйесін ка­лыптастыруға шығар­машыл­ық­пен еңбек етуіне жағ­дай жасайды.
Оқыту үрдісінде оқыту әдіс­терін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпарат­тандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту үдерісінің то­лыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Оқытудың тиімділігі оқыту­дың жеке тұлғалық стиліне, яғни оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабыл­дау ме­ханизміне тәуелді болады. Осы­ған байланысты оқу ісін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әре­ке­тін, оқытушы­ның әрбір оқу­шы­мен жеке тұл­ғалық оқу іс-әре­кетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыс­тарын оқы­тушылармен бірге ұйымдас­ты­руды жобалайды.
Қорыта  айтар болсақ,  электронды оқытуды жүргізу бі­лімді ақпараттандырудың жаңа дең­гейі   болмақ.
Жақсылық Сатылғанов,
М.Бейсебаев атындағы
Талғар агробизнес және менеджмент
колледжінің директоры,
экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Мемлекет білікті мамандарымен мақтанады

Менің есімімді бір естіген адамдар қазақша «Ойарыс» деп топшылап, өз­дерінше атап жатады. Шындығында Оярс деген адам әлемдегі аса қабілетті, қаншама адамдарды ажалдан арашалаған медицина мамандарының бірі болған көрінеді. Сондықтан өзі дәрігер әкем мені де дарынды дәрігердің бірі болсын деп, атымды «Оярс» деп қойыпты. Анам – Сәуле Бақытжанқызы да, әкем – Марат Төремұратов та Алматыдағы С.Асфендия­ров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлектері.
Есімді білгелі бері адамдардың басты байлығы денсаулық екендігін естіп өсіп келе жатқандықтан болар, бұл мәселе мені ешқашан бейжай қалдырған емес. Оның үстіне анам Сәуле де білікті медицина қыз­меткері болғанына қарамастан Қызылорда өңіріндегі Арал қаласында ерте көз жұмды. Мұның бір жағы эко­логияға барып тірелсе, екінші жағынан халықтың өз ден­саулығын қастерлеп дағдылан­бағанына да қатысты болар деп ойлаймын.
Сондықтан жаңа заманның адамдары өз денсаулығын қадірлеп, сақтап үйренуі тиіс.
Сондықтан мен Елбасының «Назарбаев Университетіндегі» лекциясын қызы­ғу­шы­лықпен тыңдадым. Мені қуантқаны – назардан тысқары қалып бара жатқандай көрінетін ең қажетті мамандықтарға Мемлекет басшысының назар аудартқаны. Қазіргідей қарбалас өмірде елдің дамуына нақты мамандар қажет. Инженер, дәрігер, биолог пен басқалай ма­ман­дық иелеріне мемлекетіміз мұқтаж екен­дігін Елбасы нақты және түсінікті түрде таратып атап берді. Мұның бір жағы қа­жет­тіліктен туындап жатса, екінші жағы – еліміздің өр­кендеп дамуына әрбір сала жауапты екендігін біз – жастар да түсінеміз.
Жалақысының мардымсыздығы болар, бір кездері дәрігер дейтін мамандық­тың мәртебесі түсіп қалған сияқты да көрінетін. Алайда, осының бәріне қара­мастан, мен әке-шешемнің бастаған ізіне түстім. Өйткені, ол кісілер бір адамдарды емдеп, жақсылық жасап отырғанда ылғи алғысқа бөленіп, елдің батасын алып жатқанын көріп ержеттім. Сондықтан болар, әлемдегі ең сауапты мамандықтың бірі дәрігер сияқты түсінік қалыптасты.
Бағыма орай, мектепте жақсы оқығандықтан болар, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетіне грантқа түстім. Біздің ата-анамыз оқыған білім ордасы қазір замана ағымына бейімделген. Университет қабырғасында жүргенде ең білікті, республикаға танымал профессор-дәрігерлердің дәрістеріне қатыстық.
Бірақ, мен үшін басты дүние – өз мамандығыңа деген құштарлық пен адал­дық, сенің көмегіңе деген науқастардың мұқтаждықтарына деген жауапкершілік деп ойлаймын.
Қай кезде де мемлекеттің басты бай­лығы – білікті мамандар. Елбасымыз­дың ең қажетті деген кәсіп иелерін қол­дап, оларды халықтың қажетіне қызмет еткізуге деген ниеті біздің өз кәсібімізге деген құрметімізді арттырады.
Оярс МАРАТҰЛЫ,
Қазақстан-Ресей медицина университетінің хирургия мамандығы бойынша 6-курс студенті.
АЛМАТЫ.

 

Адами капиталды айқындау жолы

«Білім беру саласы адамдарға тек білім ғана емес, әлеуметтік бейімделу үрдісі кезінде оны тиімді қолдана білу дағдысын беруі тиіс. Үкіметке 5 жылға арналған мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын жоғарылату бойынша ұлттық жоспарды жасақтауға тапсырамын»,  деп атап өтті Қазақстан халқына арналған Жолдауында Президент. Сонымен қатар, Н.Назарбаев елдегі білім беру үде­рісіне тәрбиелік мәнді енгізу қажеттігін де міндеттеп келеді.

Осы ұсыныстарды саралай келе мен австриялық білім бе­рудегі толерантттылық моделін зер­делеуді жөн көремін. Австрия негізінен шағын мемлекет бо­л­ғанымен оның әрбір мем­лекеттік құрылымы байыпты жұмыс жасайды. Оның ішінде білім бе­ретін ұйымдардағы тәрбиенің орны ерекше.
Сарапшылар білім жүйесін салыстыру үшін 48 елге зерттеу жүргізіпті. Олар алдымен білім саласына салынған инвестиция кө­лемін, мамандар дайындау мәселе­сін, оқу орындары ара­сындағы әріп­тестік, яғни 20 ба­ғытты басшы­лыққа алған. Нәти­жесінде білім беру жүйесі ең озық тұрған 26 елді атаған. Алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада, Финляндия және Дания кіріпті. Одан кейінгі кезекте Швейцария, Норвегия, Австралия, Нидерланды, Британия, Сингапур, Австрия, Бельгия, Жаңа Зеландия, Франция, Ирландия, Германия, Гонконг, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль, Жапония, Тайвань, Корея, Португалия, Испания, ТМД-дан Украина тұр.
Бүгінде Қазақстанның стра­те­­гиялық жолы «экономикалық табыстар мен қоғамдық игілік­терді қамтамасыз етудің оң­тайлы тең­герімін табуға» бағыт­талған. Өмі­ріміздің сапасын арт­тырып, экономика жетістік­теріне қол жеткізу, адами ка­питалдың негізі білім беруде жатыр. Адами капитал ұғы­мы – оны жетілдірудің көп қырлы әре­кеттеріне, парасатына, жа­уап­тылығына, баста­ма­шыл­ды­ғына, бұ­қарамен тікелей қарым-қаты­насына және сол жұмыс нәти­жесіне тәуелді. Және бұл әділ ба­ғалануды қажет етеді. Осындай жауаптылық қана адами капи­талдың сапасын арттырады, уақыт тезіне төзімділігін күшейтеді.
Осыған орай адами капиталды дамытудың бір бағыты болып табылатын қазақстандық білім беруді жаңғырту үрдісі осы күні жалғасу үстінде. Ол жыл са­йынғы Елбасы Жолдауында нақ­ты көрсетіліп, оны жүйелі жүзе­ге асыру дәйектеліп келеді. Бұл істе біз бірінші үз­діксіздік қағи­дасын еске­руі­міз керек. Бір сөз­бен айтқанда, Ота­ны­мыздағы адам капиталы тия­нақты бе­рілген білім­ге, өрке­ниетпен ұш­тас­қан ұлттық тәр­биеге тәуелді.
Нұржан ӘЛЖАНОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

 

Университеттегі оңды іс

Әсілі, қоғамның қозғаушы күшінің бірі – білім беру сала­сының уақыт талабына жауап бере алуы қуанарлық жәйт емес пе?! Елімізде білім шырағын маздата жаққан оқу орнының бірі І.Жан­сүгіров атын­дағы Жетісу мемле­кеттік уни­верситетінің құ­рылға­нына жа­қында 40 жыл толды. Салтанатты жиынды І.Жан­сүгіров атындағы Жетісу мем­лекеттік уни­вер­си­тетінің ректоры Әбдіманап Бек­тұрғанов ашып, құттықтау сөзді Алматы облы­сының әкімі Аңсар Мұсахановқа берді.
«Елбасы ұсынған «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасына же­тісулық ғалымдар да белсене қа­тысса білім, ғылым, инновация үштігінің экономикалық-әлеумет­тік дамуға тигізер пайдасы зор болар еді. Жалпы, ғылым мен өндірістің арасын нығайта түсу үшін тың ой, соны пікір, инно­вациялық жобалар ғалымдар тарапынан ұсынылса заңнама шең­бе­рінде өндіріске енгізуге біз дайынбыз. Бүгінгі күнге дейін Жетісу мемлекеттік университе­тін бітір­ген 40 мыңға жуық түлектің 80 пайызы Алматы облысында еңбек етеді. «Дипломмен – ауылға» атты бағдарлама аясында биыл 200-ден астам жас түлек ауыл мектепт­е­ріне барып жұмысқа орналасты» дей келе облыс әкімі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универ­си­тетінің ректоры Әбдіма­нап Бек­тұрғановқа Алматы облы­сының Құрметті азаматы атағын беріп, төсбелгісін тағып, университетке 5 млн. теңгелік грантын табыс етті. Университеттің бір қызмет­керіне жаңа пәтер бере­тіндігін де дүйім жұрттың алдында айтты.
Мерейтойдың екінші күні       «Еуразия кеңістігіндегі білім мен ғылымды ұштастыру мә­селелері мен перспективасы» ха­лықара­лық ғылыми-тәжіри­бе­лік конференциямен жалғас­ты. Онда Ұлы­бри­тания. Польша, Болгария, Лат­вия, Қытай, Оң­түстік Корея, Украина, Сербия мемлекет­тері­мен бірге ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазҰТУ сынды жоғары оқу орын­дарынан 120 ға­лым, профессорлар мен оқыту­шылар қа­ты­сып, ойларын ортаға салып, аталмыш оқу орны ұс­таз­да­ры­мен көптен бері тәжі­рибе алма­са­тындықтарын жеткізді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».

ТАЛДЫҚОРҒАН.

 

Баба тілге бүлдіршіндер құрметі

Өз қолымыз өз аузымызға жетіп, тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асып барады. Ал «Тіл туралы» заңның қабылдан­ғанына бақандай жиырма үш жыл өтіпті. Осы жылдардың бедерінде тілдер апталығын, онкүндігін дәстүрлі түрде тойлап келеміз. Сондай айтарлық іс-шараның бірі Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. 3-4-ші сыныптар арасында «Ойын – тіршілік нышаны» деген та­қырып­пен өткен сайыс көрермен көз­айымына айналды. Сайысы­мыз­­дың мақсаты – қазақтың ұлт­тық ойындарын ( «Асық ойыны», «Қыз қуу», «Теңге алу») оқушылар арасында насихаттап, олардың танымдық қа­білеттерін арттырып, ұлтқа, халық­қа деген құрмет пен өзара сүйіс­пеншілік, достық қа­рым-қаты­настарды нығайту.
Мереке шымылдығы күйші    С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйімен және ақын М.Ша­ха­нов­тың «Төрт ана» өлеңімен ашылды. Бұл шараны 3-сынып оқу­шылары Вероника Морская мен Ералия Ботанбаева жүргізіп, көп­шіліктің ықы­ласына бөленді. Әсі­ресе, көпшілік­ке олардың киімі, мәнерлеп оқу­лары, жүріс-тұрыс­тары – бәрі эсте­тикалық тал­ғамға сәйкестігі ұнады.
Шара барысында «Барыс», «Тұл­пар» және «Қыран» сынды топтар үш айналымнан тұратын сайысқа қатысты. Асық ойынынан он асықты ұтып алған «Барыс» тобы болса, «Қыз қууда» алдына жан салмаған «Тұлпар» тобы, ал «Теңге алуда» ат үстінен шардың ішіндегі теңгені аса бір шапшаңдықпен жарып, теңгені түсіріп алмай көп жинап қомақты қоржынымен көзге түскен  «Қы­рандар» өздерінің еп­тілігін таныта білді. Бұл кеште ұлттық ойынға байланысты фильм­дер тамашаланды. Сайыста көрер­мендер де құралақан қалған жоқ. Бәрі де ынталандыру сый­лығын алды, ал топ басшылары ерекше Мақтау қағазымен қатар, бағалы сыйлық­тар­мен марапатталды. Қа­зылар Лә­типа Шәкітқызы мен Нейля Санат­қызы әділ бағасын беріп, үш топ та бірыңғай жеңіске қол жеткізді. Қорытынды сәтте Қожа­берген жы­раудың «Баба тілі» өлеңі оқылып, сайыс өз мәресіне жетті.

Өрік СМАҒҰЛОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
АСТАНА.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті