Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өткен күннен бір белгі

Дата: 11 октября 2012 в 09:02

Бейсенбі, 11 қазан, 2012

Өткен күннен бір белгі

Жазушы Зейін Шашкин 1912 жылы 31 желтоқсанда Баянауыл ауданы Бозшакөл жерінде дүниеге келді. Балалық шағы Қызылтау-Жайма өңірінде өтеді.
Әкесі Жүнісбек отаршыларға қарсы бас көтергені үшін Сібірге айдалады. Жазушының мерейтойы аясында облыс орталығындағы мемлекеттік педагогикалық институтында «Зейін Шашкин мұрасы: Таным мен тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жиынға ғалымдар мен жа­зушылар қатысты. Ақын, аудармашы Амангелді Жұ­­ма­бековтің айтуынша, Зейін Шашкин өмірі қиындыққа толы болса да, рухы сын­ба­ған қайсар қаламгер. Оның соңында қалған мұ­раларын жаңғыртып, ұлты-жұрты үшін еткен еңбегін зерт­тейтін уақыт жетті, – деп атап өтті ол.
Бір жақсысы, жиынға қатысқан аудан, ауылдардан келген мектеп мұғалімдері мен студент жастар және басқа қатысушылар жазушы­ның шығармалары мен зерт­теулеріне өзіндік көзқарас­тары мен сараптауларын жасап әкеліпті. Зерттеле бастады деген сөз. Аз ғана ғұ­мырында оқырмандарына 4 роман, 2 повесть, ондаған әңгіме мен очерктер, кино­сце­нарий мен пьесалар жазып қалдырды. Қаламгерлік тағ­дырдың талайлы қиын­ды­ғын басынан өткерсе де, хал­қына тастап кеткен сарғайған рухани шығармаларына қайта үңіл­ген абзал. Зейін Шаш­кинді еске алуға жиналған жиын барысы осыны аңғарт­ты.
Жиынға қатысушылар әсі­ресе, «Доктор Дарханов» романы жайлы көп әңгі­ме­леді.  1938  жылы «халық жауы» деген атпен он жылға сотталуына байланысты әде­­­биеттен қол үзуге мәжбүр болды. 1945 жылы Иркутск медицина институтын бітір­ді. 50-ші жылдардан кейін Бурабайдағы «Бармашы» санаторийінде бірнеше жыл дәрігер болып қызмет жасайды. Ал, Дарханов бей­несі зиялы қауым келбетінің қазақ әдебиетіндегі жиын­тық көрі­нісі іспетті. Доктор Дарханов жазушының про­тотипі. Ке­зінде Ғабит Мү­сі­репов: «Зе­йінді түсіну үшін зерек-зейін керек», деген екен.

Фариза Бықай,
«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті