Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Талап тас жарады

Дата: 04 октября 2012 в 08:52

Бейсенбі, 4 қазан, 2012

Талап тас жарады

Облыс орталығында еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен қанат жайған «Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауының ақтық сайыстары өтті.

Ұлттық өнерді жаңғырту, халық арасынан шыққан дарындарды қолдау мақсатында «Ел іші – өнер кеніші» атты жоба өмірге келді. Жобаның басты мақсаты – еліміздің түкпір-түк­пірінен, алтын бесік ауыл-аудандарда көрінбей жүрген жаңа дарындарды анықтау және талант­тарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету. Әнші, биші, күйші, термеші, қол­өнер шеберлері дегеніңіз халық арасында көп. Мамыр айында басталған бұл жоба Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өтті.

Бұл жолғы іріктеу кезегі Кереку өңіріне де келді. Кереку өңірі – ежелден дарындарға бай өлке. Өткен жылдарда біздің өңірде әуенімен бүкіл елді таң­ғал­дыр­ған, осы күнге дейін жұр­ты ән­дерін ауыздарынан тастамай айтып жүрген небір ән­шілер, ақын-жыршылар өтті. Ес­тай, Майра, Жа­рылғапберді, Жаяу Мұса… Осы­­­­лай тізіліп кете береді. Бү­гіндері елі­мізге танымал күй­ші Ербол Айтбаев, сыбыз­ғы­шы Асыл­­бек Әбді­кә­рімұлы, Май­ра­ның сің­ліле­рі атан­ған әншілер Раушан Ерасыл, Әсел Ботаевалар өткеннен жеткен өнер жолын жа­лғастыруда. Осыдан он­шақты жыл бұрын облыс орта­лығында Нұрболат Ахметжанов құрған «Әл-Аки» ан­самблі сол кезде ұлттық өнерді жаңғыртып, об­лыс­тағы ауызға ілік­кен өнер ұжымы болып еді. Қазір де бұл ансам­бльдің жастары хал­қы­мыз­дың ән-күйлерін насихаттауда бас­қаларға үлгі боларлық қыз­мет жасап келеді.

Бұл күні өнерпаздар облыс орталығындағы «Шаңырақ» мә­дени-сауық халық шығарма­шы­лығы орталығында тоғысты. Сахна мерекедегідей әсем безен­ді­рілген. Құрманғазы, Дәулетке­рей, Нұрғиса Тілендиевтің күй­лері орындалуда. Ақын Естай­дың атақты «Құсни-Қорлан» әні қа­лық­тайды. Екі күнге созылған байқау «Күй», «Дәстүрлі ән», «Эстрада жанры», «Би өнері» номинациялары бойынша өтті. Оған барлығы 50-ден аса өнер­паз қатысты. Қазылар алқасы­ның шешімі бойынша ІІ кезеңге 8 ұжым, 21 жеке орындаушы жолдама алды. Қазылар алқасына ҚР халық әртісі, сазгер Алтынбек Қоразбаев төрағалық етті.

Осы байқау аясында қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Оны тамашалаушылар көп болды. Байқау барысында байқалған бір жай, жастар эстрада әндеріне құмар. Хамит Сатханов, Саят Жүнісбаев, Жәнібек Айдарғазы, Гүлнәр Хабай, Баймырза Қап­пасов, Ербол Дінмұхаммед, Бақ­тыяр Қожанов, Кенжебай Тілеу­ғали сынды өнерпаздар осы қы­рынан жарқырай көрінсе, баян­ауылдық Қамысбай Құрмет, Әсел Ботаева, Тоқтар Нұрбеков, Көпежан Сұңғат, Жомарт Қабы­лов, Жадыра Қарманова, Қар­лығаш Серғазина, Сағай Аман­келді, Хамархан Бақыт және «Атамекен» ансамбльдері халық ән­дерін нақышына келтіре шыр­қап, көрермендер құрметіне бөленді.

Байқау аяқталғаннан кейін біз қазылар алқасының мүшесі, мәдениет қайраткері Ербол Айтбаевты әңгімеге тартқан едік:

– Өте пайдалы шара болды деп ойлаймыз, – деді ол. – Өнер­ге, ән айтуға, күй тартуға талабы бар жастарды іздеуіміз керек. Бұрын ауылдарда әншілер, күй­шілер қандай көп еді.Қазір заман ағымы өзгерді ме, олардың қата­ры сиреп қалған сияқты. Ел ішін­­дегі өнерлі жастарды, ұлт­тық бояуда ән айтатын, дәстүрлі әндерді шырқайтын жастарды тауып, өнер бәйгесіне қосқан дұрыс. Ауылдың қазақ өнерін жалғастырып келе жатқан жастарын көріп, көңіл толды. Дәстүрлі ән айтатын жастар да көріне бас­тады. Облыс орталығындағы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің қазақ ұлт аспаптар бөлімінің оқытушысы Рыскүл Сәбекова­ның шәкірттері қазақтың қара домбырасын шетелдерге танытып жүргенін білеміз. Респуб­ликалық өнер додаларына қатыс­қан Батырхан Кенжеханов, Сәу­ле Оразалина, Біржан Әкім­жа­нов, Мәдина Мусина, Нұргүл Қуан­дық, Өркен Қайыргелді, Ерасыл Әділбек, Дәмелі Сейфуллина, Айдана Байкенова, Мейір­ман Бай­босынов және тағы бас­қала­ры лауреат атанып қай­тыпты.

Олармен бірге күй додасын Қуат Таймасов, Данат Қайыр­жа­нов, Сәбит Барлыбаев, Темірлан Олжабаев, «Кереку» ансамблі қыздырды. Жиналғандар Евгений Кривобоков деген орыс баласының өнеріне де риза болды. Жүре-жүре оның да көсіле шабатын түрі бар.

Бишілер арасындағы сайыс та тартысты өтті. Железинка ауданынан келген «Шабыт», Қа­шыр ауданынан «Әдемі», Екібас­тұздан «Ясмин», Баянауылдан «Баянауыл» ансамбльдері сахна сәніне айналды. Әнші, сазгер Алтынбек Қоразбаев төрағалық еткен өнер сынында жұлдызы жанған керекулік жас дарындар енді Астанада өтетін қорытынды гала-концертке қатысады. Қазы­лар алқасының шешімі бойынша гала-концертке ақсулық «Жігіт­тер» үштігі, күйші Евгений Кривобоков, «Өнеге» үштігі, ән­ші Әсел Ботаева баратын болды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті