Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шымкентте бүйірінде Алла жазуы бар қауын өсіп шықты

Дата: 27 августа 2012 в 15:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шымкентте бүйірінде Алла жазуы бар қауын өсіп шықты

Шымкентте бүйірінде Алла жазуы бар қауын өсіп шықты

Ежелгі дүниеде қауыншылар елі – Жетісай, Қаңлы-хұн елі деп аталған. Сырдария (Сейхун) өзені бойы мен сағаларын мекендеген халық бертін келе, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін ғана «мақташылар жері» атанды.

Өткен жылы рамазан айында Мәскеу­дің қауын базарларының иелері қай ел­дің, қай жердің қауыны ең тәттісі, ең сапа­лысы екенін анықтау үшін бейресми байқау өткізіпті. Сол байқау қорытындысында ресейлік сарапшылар: «Ең тәтті де сапалы қауын Қазақстанның Мақтаарал ауданында өсіріледі. Соның ішінде Аязхан Қалыбеков атындағы ауылдық окру­гінің Жамбыл ауылында өсірілген қауындар ерекше тәтті», – деген ұйғарымға келген екен.

Соны растағандай, биылғы ра­ма­зан айында сол Жамбыл ауылында еңбек ететін «Алтын алқалы» батыр ана, егінші-диқан Жәміш Сандыбаеваның қауын алқабында бір бүйірінде «Алла» деп жазыл­ған ерекше қауын пісіп жетілді.

«Қауынды ежелде «періштелер дәмі» деп атаған. Бұл сол ерекшелік ел есінен шықпасын деген белгі, Алла-тағаланың нұры түскен өнім дегенді білдіреді», – дей­ді он бала тәрбиелеген Ж.Сандыбаева. Мұны жақсылыққа балаған Жәміш таяуда­ ауылдастарымен бірге Құдайы ас берді. Бүйіріне Алланың аты жазылған ерекше қауынның суретін мәскеуліктер де көруге мүмкіндік алды.

Жамбыл ауылының­ диқандары күн сайын жеті қауын қырманынан әрқайсысы 20-30 тонналық жеті ав­токөлік толы қауын керуенін Мәскеу қаласына қарай шығарып салуда. Сол қауын керуендерімен бірге әлгі ерекше қауынның суреттері қоса жіберіліп жатыр.­

По сообщению сайта Nur.kz