Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүгінгі қазақты қазақ ететін не?

Дата: 30 апреля 2012 в 13:34 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Халықаралық саясат аренасында Қазақ елінің рөліне ықпал етуші фактор қандай? Бүгінгі жас бойына ұлттық мүддемен қатар сіңіруі тиіс құндылықтар нендей? Бұл сауалдарға бір-ақ жауап бар. Елдік мақсатта ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдыратын өмірлік мазмұндағы пәлсапалық категория — біртұтастық. Мемлекет тіршілігінің сан-саласында оның өзіндік сипаттары бар. Ал біз осы түсініктің түпкі мәнісін айқын аңғарып, жете түсініп жүрміз бе?

Француз ойшылы Ж.Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады» деген тұжырым айтады. Шынында, биыл алғаш рет 110 жылдың ішінде Қытай АҚШ-ты экономиканың жекелей салалары бойынша басып озды. Нақтырақ айтқанда, азық-түлік пен өнеркәсіп өндірісі тауарларының көлемі жағынан. Ақша дәуірі дәуірлеген кәрі құрлық та соңғы жылдары қаржылық дағдарыстың кезек-кезек соққысына ұрынып, күйзелістен көз аша алмай келеді. Бұл — нақты фактілер. Ал америкалық ғалым Ф.Фукуяма «Тарихтың соңы және ақырғы адамы» атты өзінің танымал еңбегінде «жаһандану үрдісі салдарынан Жер шарының барлық аймағы ең мықты әрі ірі экономикалық орталыққа бірлестіктер сипатында тартыла бастайды» деп жазады. Сипаттап айтсақ, атом ядросына электрон бөлшектерінің өздігінен тізбектеліп, жинала қалғаны секілді. Міне, атын естігенде жаныңды жаһаннамға жіберетін секілді әсер алатын әлем елдерінің жаһанданудан қорқатындай жөні бар-ақ екен. Өйткені оның бір ел түгіл, бүтін әлемдік тәртіпті, тіпті әлемдік басқару формасын өзгертуге осындай зор ықпалы бар. Соңғы жылдары әлемде Еуропалық одақты қоспағанда, АСЕАН, БРИКС сияқты ірі бірлестіктер құрылды. Демек, Фукуяма айтқан долбар шындыққа айналып, Жер шарында ірі экономикалық орталықтар бой көтере бастады. Осындай әлемдік көштен ілгерілеп қалмас үшін де біздің аймақта 2009 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық одақтың іргетасын қалаушы Кеден одағы құрылған-тұғын. Демек, бұл одақты құрудан біздің айналып өтуіміз мүмкін емес еді. Онда да оған үлкен дайындықпен келдік. Әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық факторларды есепке ала отырып, аса болжампаздық танытқан Елбасымыз 1994 жылы наурыз айында ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік — Еуразиялық одақты құру туралы ұсынысын алғаш рет жариялаған болатын. Биыл 1 қаңтарда Кеден одағы кезекті Бірыңғай экономикалық кеңістік сатысына аяқ басты. Осы жағынан алғанда, еліміз әлемдік геосаяси біртұтастыққа кірігіп, жұмылып жатыр. Бұл — еліміздің әлемдік геосаяси тәртібіндегі біртұтастық факторы.

Екіншіден, егер адам капиталының сапасын арттырмаса, онда мұндай бірлестіктен пайда болмай қалуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда білектілердің әмірі жүріп тұрған мына дәуірдің құрбанына айналып кету қаупі де туындайды. Сондықтан бізге бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылудың қатаң талаптарын қалтқысыз орындау қажет.

Осы жағынан алғанда, Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі — жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыру туралы ұсынысын өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті іс деп білген дұрыс. Яки бүгінгі қазақстандыққа мемлекеттік тілді, орыс тілін және ағылшын-шаны бірдей алып жүру міндет. Онсыз дамуымыз тежеле береді. Мұны еліміздің тілдік біртұтастық факторы дейміз.

Үшіншіден, экономикалық бірлестіктің іргесін тас-түйін бекіту үшін қазірден импортқа тәуелділікті азайтып, өз өндірісімізді арттыруға басымдық берілді. Ол үшін Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданып, негізінен, өнімі экспортқа бағытталатын өндіріс ошақтарын түзе бастадық. Сондықтан бүгінгі таңда «білім беру» ұғымының мағынасы да, қолданылу аясы да бұрынғыдан әлдеқайда кеңіп, әлеуметтіктен экономикалық сипатқа ұласты. Әлемдік өндірістегі инновациялық және жаңа технологияларды игеру бойынша ғылыми негіздемелер қайтадан қарастырыла бастады. Өтпелі кезеңде мәртебесі күрт төмендеген техникалық-инженерлік мамандық-тың, кәсіби техникалық училищелердің жағдайын оңалтуға айрықша көңіл бөлінді. Ол үшін арнайы білім моделі жасалды. Еліміздің іргелі жоғары оқу орындары жанынан әлемдегі электроника, техника және ақпараттық технология саласындағы атышулы, мықты компаниялардың өкілдіктері ашыла бастады. Соның нәтижесінде, Тәуелсіздік алған бастапқы жылдарғыдай заңгер, қаржыгер секілді гуманитарлық мамандықтар «сәннен» ақырындап шығып, технократияға жол кеңінен ашылды. Тіпті бүгіндері биліктің өзіне технократ мамандар көптеп тартылып жатыр. Осы жағынан алғанда, бүгінгі таңда білім беру саласының негізгі потенциалы өнеркәсіп секторында тың жаңалық пен ерен ерлік жасауы тиіс әмбебап та жан-жақты техникалық мамандарды даяр-лауға жұмылдырылып отыр. Демек, білім беру саласының біртұтастық категориясы еліміздің даму стратегиясы — ҮИИДБ аясында технократияны дамытуға бағытталған.

Төртіншіден, бүгіндері кез келген дамыған мемлекет экономикалық саясатының басты бағытын жергілікті халықты отандық тауар мен өнімді тұтынуға шақыру ретінде қарастырады. Тіптен қазір Еуропаның бірқатар мемлекеті нарығын кеңінен жаулай бастаған қытайлық тауарлардың жарнамасына тыйым салып та жатыр. Яғни жуан мемлекеттердің билігі мен халқы нарықтық қарым-қатынаста жатты жармастырып, бөтенді басындырып қоймау саясатына келгенде даусыз күш біріктіреді. Ендеше, макроэкономикаға ықпал етуші фактор — сауда мен тұтыныста жергілікті тауарларды тұтынуға басымдық беру үшін біздің мемлекетіміздің де бірқатар шаралар қабылдап, оны түрлі заңнамалық актілерге «қазақстандық қамту» нормасын енгізу арқылы нығайтуын заңды деп білген дұрыс. Бұл талап жергілікті ғана емес, сонымен қатар мұнай мен газ секілді табысы мол сектордағы шетелдік компанияларға да міндеттелді. Яки макроэконо-микалық саясаттағы біртұтастық категориясы тек өзіміздің ұлттық брендтегі өнімді тұтынуды жарнамалайды.

Қазақта «Тәрбие — тал бесіктен» деген жақсы сөз бар. Сөзіне, өзіне қарап қазақ атам кез келген жастың тегін байқап, баға береді. Бірақ кеңестік дәуірде ұлы бабамыздың осындай ұлағатты сөздерінің бірінің мағынасы бұрмаланса, бірінің мәнісі жойылды. Керісінше, кеңестік идеология қазақты басқаша тәрбиеге алды. Мәселен, КСРО-ның соңғы ышқыны-сындағы жылдары «Бетпақтық — екінші бақыт» деген орыс шовинизмінің қанатты сөзі қоғамға терең сіңірілді. Сол кезде «Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» дейтін орыс шовинистеріне ұқсас тәрбиедегі жастар легі көбейді. Бұл, мүмкін, саясатта өрескел қателік ретінде бағаланған «қайта құрудың» «жемісі» де шығар. Бірақ бүгінгі таңда мемлекеттік басқару формациясы күрт өзгеріске ұшырады. Тәуелсіздік алған жылдары нарықтық жолға «жабайы» түрде көштік. Тыйым салынып келген, халыққа мүлде жат дүниелер елімізге лап қойды. Бір орталықтан басқарылған білім, ғылым секілді әлеуметтік салалар абдырап қалды, қысқаша айтқанда, олар уақытша «үзіліс» алды. Сондықтан Тәуелсіздіктің бастапқы жас буыны тәлім-тәрбиесіндегі олқылықтардың болуы заңды да шығар. Дегенмен бүгін ел болып еңсемізді тіктеп, халықаралық аренада рөлімізді тәуелсіз ел ретінде нығайтып, даму бойынша алдымызға үлкен амбициялық мақсаттар қойдық. Сондықтан бүгіндері озық ойлы, терең білімді, көркем мінезді жас мамандар тәрбиелеу өзектілік танытып отыр. Ұлы Абай «Жан тазалығы — ақыл-ойдың кепілі» деген. Демек, еңбек нарығындағы бәсекелестік кешегі дүбара бетпақтарды көтере алмайды, бүгінгі жас маманның мықты жарнамасының басты көрсеткіші — ақыл-ойының ұшқырлығы мен жанының тазалығы. Бұл — ұлттық тәрбие мен кадр саясатындағы біртұтастық факторды айқындаушы категориялар.

Міне, геосаясиден бастап, отбасылық деңгейде жоғарыда аталған осындай біртұтастық факторлары бойынша Қазақ елінің ұлт пен ұлысы ұйысқанда ғана халықаралық аренадағы шоқтығымыз биік, беделіміз қымбат болады. Осылайша өз ортасында мәртебесі өскен қазақ қамқорлығындағы көп этносқа үлгі болар көшбастаушы, мемлекет құраушы атына лайық ұлт болып қана қоймай, ар ілімі мен адамгершілік құндылықтарына толы ұлттық болмысымен дүйімді тәнті етері сөзсіз.

Тақырыпқа көзқарас

Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:

— Унитарлық мемлекет болған соң, жергілікті халықтың ұлттық болмысы жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік трендтермен ұштасып жатуы тиіс. Яғни қазақты қазақ ететін құндылықтар тіршіліктің барлық саласына енгізілуі тиіс.

Жаңа ой мемлекеті аталатын Сингапурдың біздегідей аста-төк қазба байлығы жоқ. Бірақ ол Азиядағы азулы мемлекеттердің бірі ретінде танылады. Міне, осы мемлекеттің Президентінен: «Дамудың осындай жетістігіне қалай қол жеткіздіңіз?» — деп сұрағанда, ол: «Мен ештеңені өзгерткенім жоқ, тек сингапурлықтарда бар дәстүрді жаңа либералдық, капиталистік трендтермен бірге жүзеге асуына мұрындық болдым», — деп жауап берген екен.

Біздің халық — еңбексүйгіш, жауапты. Тек біздің мәдениетке жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік трендтерді кіріктіру қажет. Біз үлкенін сыйлаған, жетім-жесірін жылатып, жаутаңдатып, ешкімге қаратпаған халықпыз. Осының бәрінің өзіндік ұлттық жөн-жоралғысы бар. Яғни бүгінгі тең құқықты кешегі ұлттық этникалық жүйеге енгізу керек. Бізге сөз, сенім, ар-намыс тазалығы жоғары сапа көрсеткіші болып саналған. Сондықтан бізде сөздің өтімі мен салмағы сақталған. Бұл — үлкен артықшылық. Оны саясаттан бастап, барлық бағытта пайдалану керек. Әйтпесе, көп елдерде сөздің қадірі жоқ, көзің қалт кетсе, зұлымдық жасайды, оны дәлелдемесе болғаны, оған арланбайды да, намыстанбайды да. Міне, осындай Батыстың құндылықтары соңғы кездері, өкінішке қарай, біздің қоғамға дендеп еніп келеді. Оған тосқауыл болатын бізде мықты ұлттық болмыс бар. Соны қалқан етудің бізге мемлекеттік деңгейдегі тетігін жасау керек.

Кәмшат САТИЕВА
«Алаш айнасы» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы