Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Титаник» даяшысының ұрпақтары Costa Concordia кемесінде болыпты

Дата: 14 марта 2012 в 15:44 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат — РИА «Новости«-дің хабарлауынша, Лондонның тумасы, өткен ғасырдың басында апатқа ұшыраған «Титаникте» даяшы болып қызмет еткен және сол оқиғада қаза тапқан адамның екі ұрпағы биыл 14 қаңтарда Тиррен теңізінде атапқа

ұшыраған Costa Concordia лайнерінің жолаушылары қатарында болған.

Оңтүстік Италиядағы Кампания облысының Авеллино қаласының тұрғыны 30 жасар Валентина Капуана сол күні лайнерде досы, інісі және інісінің қызы төртеуі болған. Валентина мен інісі жоғарыда айтылған Джованни есімді даяшының жанама ұрпақтары болып табылады. Ол 1912 жылы 14 сәуірде болған апатта 25 жасында 1,5 мың жолаушылар және кеме экипажымен бірге қаза болған.

Дегенмен олар бабасының тағдырын қайталамай, әйтеуір кеме апаты кезінде аман қалды. Алайда әжелерінің Джованни туралы айтқан әңгімелері сол сәтте олардың ойларына оралып, қатты сасқандарын айтады.

Costa Concordia кемесінің бортында 4,2 мыңнан астам адам болған. Бүгінде олардың 11 өлгені белгілі болса, 24-і жоғалғандар тізімінде.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы