Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақмола облысында белсенділік бар

Дата: 15 января 2012 в 13:32

Жексенбі, 15 Қаңтар, 2012

Ақмола облысында белсенділік бар

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағалығында біраз тәжірибе жинаған Әділхан Шаяхметов бізді жарқын жүзбен қарсы алды. Ширақ қимылдың адамы сұрағымызды күтпестен көкейімізге дөп келер әңгімесін өрбітті.
Өңірде 817 сайлау учаскесі құрылған екен. Сайлаушылардың ұзынырғасы 482 мыңнан асады.  Бүгін таңғы 7-ден бастап облыс тұрғындары  276 орыннан үміткер 730 азаматтың таңдаулысына дауыс беруде. Сайлау комиссияларында Норвегия, Швейцария, Сербия, АҚШ және Ресей мен Қырғыз республикаларынан, жалпы саны 40 адамдық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмыс істеуде. Қазір олардың тарапынан елеулі ескертпелер түспегені айтылды. Жалпы, облыстық комиссия екі сағат сайын сайлау учаскелерінен деректер жинап, жедел мәжілістер өткізуде.
Біз Бурабай мөлтек ауданындағы №32 және қала орталығындағы №6 сайлау учаскелерінде болғанымызда жауапты да мерекелік көңіл ауанын байқадық. Жұрттың бәрі бір-бірін құттықтап, дауыс беру рәсімін тыңғылықты ұйымдастырған қоғамдық белсенділерге ризалығын білдіруде. Сағат Нұрпейісов жетекшілік ететін №32 учаскеде 26 адам бірінші рет дауыс беріп, арнайы сый-сауғаға ие болса, 23 кісінің үйіне жылжымалы дауыс беру урнасы жеткізілді. Ал, қаладағы №1 орта мектепте орналасқан учаскедегі 5 дауыс беру кабинасында кезек күтушілер қатары кемір емес. Мұнда жастар және 490 зейнеткер мен 110 уақытша жұмыс істемейтін азаматтар айрықша белсенділік танытқанын атап өту қажет.
Сағат 12.00-де облыстық сайлау комиссиясына жиналдық. Төраға осы уақытқа дейін сайлаушылардың 45,3 пайызы дауыс беріп үлгіргенін хабарлады.

Ақмола облысы.
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті