Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан Республикасының Заңы №515-ІV

Дата: 05 января 2012 в 09:12

Бейсенбі, 5 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Заңы №515-ІV

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жыл­ғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):

1) кіріспе «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік органдарының және» деген сөздермен толықтырылсын;

2) бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік бағдарлама – өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;»;

2) тармақшадағы «әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтік мін­деттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «орындаушыны» деген сөз «ықтимал өнім берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі – өнім беруші) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;»;

«8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мем­лекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақ­тастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;»;

мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;

12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мем­лекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалып­тас­тыру және іске асыру жө­ніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;

13) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі.»;

4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) уәкілетті органды айқындайды;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заң­намасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтер­ді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;

4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

5) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:

«4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалып­тастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады;

5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласын­дағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;

6) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы­ның заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

Мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптас­тыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;

3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

6) 5-баптың 13) тармақшасы «келісімді» деген сөзден кейін «және ұлттық бірлікті» деген сөздермен толықты­рылсын;

7) 6-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.»;

4-тармақ алып тасталсын;

8) 7-баптың екінші бөлігіндегі «жүзеге асыру» деген сөздер «іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат, 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құ­жат­тар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж.,  № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):

17-баптың 1-тармағы «конкурстық құжаттаманың негізінде» деген сөздерден кейін «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 22-і. №515-ІV ҚРЗ

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті