Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жастар «Әділетті» жақтайды, уәдеде тұрады деп сенеді

Дата: 04 января 2012 в 08:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сәрсенбі, 4 Қаңтар, 2012

Жастар «Әділетті» жақтайды, уәдеде тұрады деп сенеді

Жаңа жыл мерекесі алдында Астанада «Әділет» партиясының «Әділ жастар» жастар қанаты алдағы болатын сайлауға байланысты іс-шара өткізді. Бұл іс-шара флэшмоб (би) түрінде Астана қаласындағы «Керуен» ойын-сауық орталығында ұйымдас­тырыл­ды. Флэшмоб орындалуына 50 студент қа­тысты. Олар қазақтың «Қара жорға», «Адай» сияқ­ты ұлттық билерімен қоса, шетелдердің, оның ішін­де Майкл Джексонның биін де орындады. Флэшмоб соңында бишілер 20 санын көрсететіндей етіп орындарына тұрды. Бұл сан Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты көрсетілді.

 «Әділ Жастар» жастар қанатының жетекшісі Абылайхан Іздібаев осы іс-шараны келесі сөздермен сипаттап берді: «Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен партия төрағаларының арқасында лайықты бағасын алуда. Сол партияға «Әділет» партиясын жатқызуымызға болады. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айнала отырып, әділеттің басшылары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болады. Міне, бүгін «Әділет» партиясының «Әділ жастар» жастар қанаты ұйымдастырып отырған патриоттық би кеші осының айқын айғағы деп есептеймін».

*  *  *

«Әділет» демократиялық партиясының бас хатшысы Мұрат Раев бастаған үгіт-насихат тобы бір аптадан бері Кенді Алтайдың қалалары мен аудандарын аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Шемонайха, Глубокое, Ұлан және Бесқарағай  аудандарындағы кездесуде Мұрат Құмарұлы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

– Елімізге белгілі заңгер Мақсұт Нәрікбаев басқаратын «Әділет» демократиялық партиясының аты айтып тұрғандай, әділеттің ақ туын көтеріп, адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш саламыз. Мен бір нәрсеге түсінбеймін. Қазір жер-жерді аралап жүрген бірқатар партиялардың депутаттықтан үміткерлері сайлаушылармен кездесу кезінде уәдені үйіп-төгіп, балабақшалар, мек­тептерді салып тастаймыз, жол, көпірді жөн­дейміз, жұмыспен қамтамасыз етеміз деп, орын­сыздық танытады. Осы орайда заңгер ретінде айтатыным, Ата Заң бойынша депу­таттың ондай уәдені беруге құқы жоқ.  Ондай шаруамен ат­қа­ру­шы органдар шұғылданады емес пе. Ал біздің партия Парламент Мәжі­лісінен орын ала қалған жағдайда мемлекеттік басқарудағы ақсап жатқан тетіктерді өзгертуге әрекет жасайды, деді М.Раев.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті