Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шығыс шамшырағы

Дата: 29 октября 2011 в 09:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сенбі, 29 Қазан, 2011

Шығыс шамшырағы


ҚАБЫРҒАЛЫ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

– Орағаң істеген қара шаңырақ бұл! Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті туралы сөз болса қалса, мұндағы жұрт осылай мақтан етеді. Жөн-ақ, Орағаң – Оралхан Бөкеев жас кезінде осы газетте көркем очерктің көрігін қыз­ды­рып, қара сөздің хас шебері болып шық­пап па еді. Оны қалай мақтан етпеске.

Алайда бұл газеттен жалғыз Оралхан ғана емес, өзге де мықты қалам­герлер шық­қан. Шерияздан Елеукенов, Жұма­ғали Ыс­мағұлов, Ғаб­бас Қабы­шев, Қапан Қам­баров, Жүніс Ыбы­раев, Кә­дірбек Сегізбаев, Ке­ңес Юсу­пов, Әтина Жәке­това, Тоқтархан Шә­ріп­жанов, Уахап Қыдырханов, Тоқ­тарбек Қызықбаев, Дидахмет Әшім­­­ханов, Ұлықбек Есдәу­летов, Серік Ғабдул­лин, Мү­сі­лім Құ­марбеков, Мұ­рат Әміренов, Оңдасын Елубай, Қайырды Назыр­баев, Әлібек Қаң­тарбаев, Ғалым Байба­тыровтардың әр кездегі жа­рия­ланған естеліктері газетке деген ыстық ықылас, қи­мастық сезімге толы.

Міне, енді сол «Дидар» газеті биыл сексенге толып отыр. Ал той қарса­ңында «Дидар» жаңа белеске шы­ғуы керек еді. Шық­қан да се­кілді. Заман талабы бо­йын­ша «Дидар» жаңа дида­рын да тапты. Жаңа айдарлар ашыл­ды, жаңа жобалар жасалды.

Жалпы, осы 80 жылда газетке он адам редакторлық еткен екен, қазіргі редактор Айтмұханбет Қасымұлы – он біріншісі. Біз осы мерейтойда облыс­тық газеттің өсіп-өр­кендеуіне ересен еңбек сіңірген, ба­сы­лым­ның басшы­лары болған Мақсұт Тай­шы­баев, Бейсек Исабеков, Бейсен­ғали Тәйкі­манов, Мұқан Әбуғалиев, Омарбек Қай­санов, Манап Салықбаев сынды ағала­ры­мыз­ды кұрмет­пен еске аламыз. Ғұмырын осы облыстық газетке арнаған, оның ішінде жиырма бір жыл осы басылым­ның ұжымын басқарған, Қазақ­стан Журналистер одағы облыстық бө­лім­шесінің төрағасы Жұмәділ Әділ­баев ағамызға деген құрметіміз де ерекше.

ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМ. ОНЫҢ АЯҚ АЛЫСЫ ҚАНДАЙ?

2008 жылдың соңғы екі айы облыс­тық екі басылым – «Дидар» және «Руд­ный Алтай» газеттері үшін өте бір жұмыс­бастылықпен өткен екен. Өйт­кені, Шығыс Қазақстандағы негізгі ақпараттық құрал­дарды бір ортадан басқару мақсатымен «Шығыс ақпа­рат» атты жаңа ком­муналдық мемлекеттік мекеме құрылған.

Жаңа құрылым газетке қандай жақ­сылық әкелді, не бере алды? Бұған дейін облыстық, орыс тілді «Рудный Алтай» газетінің баспаханасы болып келген баспахана жеке құрылым ретінде «Шығыс ақпараттың» құрамына енгізіліп, газет бастырғаны үшін жы­лына ондаған миллионды көрші газетке төлеп жүрген «Дидар» одан құ­тылды. Бір жағы соның есебінен қызметкер­лердің жалақылары өсірілді. Ал газет шығару жұмысындағы көп жылғы сабақтас­тыққа ешқандай нұқсан келген жоқ.

«Дидар» облыс әкімінің өткізетін іс-шараларын, тың бастамаларын жедел көрсе­тіп отыруға күш салып келеді. Сондай мақсатпен «Шығыс ақ­парат» құрамындағы екі облыстық газет 2009 жылдың 1 мау­сымынан бастап кезектесіп күнде шығатын болды.

Жалпы, құрылғанына үш жыл тола қоймаған «Шығыс ақпарат» кәсіп­орнының құрамына қазір екі облыс­тық газет, баспахана, баспа, талдау орта­лығы және веб-технология бөлімі кіреді. Біздің поли­графистердің қазір об­лыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей мұрындық болуымен сатып алын­ған «Sitу Line Express» офсеттік рулон­ды баспа маши­наларының арқасында жоғары сапалы газеттер басып шыға­ратын мүмкіндіктері бар десек, мерекелік нөмірлер бүгінде түрлі-түсті болып шығып келеді.

Соңғы екі-үш жылда басылым ре­дакторы Айтмұханбет Қасымұлының, ре­дак­тор­дың орынбасары Уәлихан Тоқпа­таев­тың, халқы­мыздың салт-дәс­түрінен хабары мол Бодаухан Тоқан­ұлының, фототілші Есімхан Орын­баевтың бай тәжірибесімен, Мейрамтай Иманғали, Серік Құсанбаев, Айнагүл Бәкім­баева, Нұржан Жақы­пов, Серік Әбілхан, Айжанат Иқса­нова, Лаура Наурызбаева сынды жур­налистердің ұсы­ныс­тары, Саят Жа­қыпов, Марат Мұқашев, Кенжехан Жамай сынды компьютерлік беттеу­шілердің шеберліктерімен астасып, газеттің бет-әлпеті өзгеріп, өңделіп, ажары ашылып, мазмұны байи түсті.

ГАЗЕТ ЖАҢА МАКЕТ-ДИЗАЙНМЕН ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

Газет шығару – ұжымдық жұмыс. Сон­дықтан түрлі салалардағы орын алған олқы­лықтарды редакцияға хабарлап отыратын, облыс басқармаларына сауал қоя алатындай «Дидардың» сенім телефоны ашылды. Әрбір шағын хабарға дейін айдар қойылды. Жаттанды та­қырыптарды жолатпай, жазылған мате­риалдарға ұтқыр, тосын, оқырман­ды бірден өзіне тартып алатындай тақы­рыптар қою жөнінде қатаң талап қойылды.

Содан соң ақпарат жанрының қысқа болуына баса мән берілді. Мақаладағы сөй­лемдердің де қысқа, анық, дәл, нақты болуына баса назар аударылады. Фотосу­реттердің сапалы болуы, олар­дың динами­калық қойы­лымы ерекше қадағаланады.

Сөйтіп, 2009 жылдың 1 маусымынан бастап «Дидар» жаңа макетпен шыға бастады. Газеттің маңдайындағы өл­шеулі орынға өңірде өткен ең маңызды шаралар жайында жазылған материалдар үлкен суретімен берілетін болды. Бір жақ қапталынан анонсқа, оң жағынан шағын хабарларға орын берілді. Бұрын да материалдар тақырып­тарына, гео­графиялық аумағына қарай іріктелгенімен, бұдан былай әр беттің шекесіне «Экономика», «Әлеумет», «Жарнама», «Руханият» деген сияқты ірі әріптермен айдар-тақырыптар жа­зылатын болды.

Оқырманның түрлі аудиториясын қам­ту үшін «Алқоңыр» деген бет ашыл­ды. Онда «Ауылдың айтқыш­тары», «Сөзіне сүйсінсең, өзіне құл боласың», «Қилы-қилы қызықтар», «Кө­кейде жүр­ген бір сауал» деген айдарлар өмірге келді. Солардың ішінде «Сұра­ңыз, жауап береміз» айдары оқыр­манның қызығу­шылығын тудырды. Осы айдар арқылы қаншама адам түрлі сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын қо­йып, жауап ала алды.

Өзіндік бет-бейнесі бар жаңа жобалар ойластырылды. Мәселен, «Алаштан алғаш шыққандар», «Белгілі адамдар­дың белгісіз қырлары», «Адамның кейбір кездері – көңілде алаң басылса», «Көне сөздер көм­бесі» деген жобалар­дың аяқалысы жаман болған жоқ.

Бұл ғана емес, «Дидар» ұжымы «Шығыс ақпарат» баспасымен біріге отырып, тағы екі үлкен кітап шығарды. Олар «Тарихи жол» және «Шығыс Қазақ­станның шынайы шежіресі» деп аталады, бұлар – «Дидар» басылы­мының тарихы мен қазіргі сипатына арналған, ұжым журналистерінің эссе­лері мен ардагерлердің естеліктері топтасты­рылған жинақтар.

Биыл мерейтой қарсаңында газет ұжымы алты ай жаз бірнеше ауданда болып, өзінің оқырмандарымен жүзде­сіп қайтты.

СЫН МАҚАЛАЛАР БАСШЫЛЫҚ НАЗАРЫНАН ЕШҚАШАН ТҮСКЕН ЕМЕС

Газетте сын бар. Ол – кемшілікті жою үшін керек. Онсыз газет – оқы­латын газетке айнала алмайды. Ал енді елді селт еткізген сынның бірі алға­шында Әлібек Қаңтар­баевтың «Қа­ладағы қазақ бала­лары дәрет­ханада оқып жатыр. Гречухин мырза (сол кездегі облыстық білім беру басқармасының бастығы Н.Қ.) бұл туралы бас қатыра ма екен өзі?» деген мақаласы (2009 жылғы 3 маусым) болды.

300 мың халқы бар Өскеменнің жар­тысына жуығын құрап отырса да, қазақ балабақ­ша­сының, қазақ мектебінің жетімсіздігін әңгі­мелей келген журналист №3 мектеп ұжымы жертөлені жөндеп, үш дәретхана бөлмесін қайта жаб­дықтап, кабинет етіп отырғандығын, жалпы қаладағы 45 мек­тептің алтауы ғана қазақша екендігін ашына жазады. Осындай деректерді келтіре оты­рып, №36 орыс мектебі артық-ауыс бөлмесін сауда орындарына жалға беріп отыр­ғанын да айтады.

Бұл мақаланың оқырман арасында ерекше резонанс туғызып, газет сөзінің салмағын сезіндіре түсуінің енді бір себебі – осы мақала бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың №3 мектепке барып, жағдайды өз көзімен көруі болды.

– Қаладағы мектептерді дәл бүгін-ертең шұғыл түрде аралау жоспа­рымда жоқ болатын. Алайда, об­лыстық «Дидар» газетіндегі сын мақа­ланы оқы­ғаннан кейін тағат тауып отыра алма­дым, – деген болатын облыс әкімі өзінің мектептерді аралау кезінде журналистке айтқан пікірінде. 860 балаға лайық­талған ғимаратта 1245 оқушы екі-үш ауысымда білім алып жатқан­дығын, мектепті күрделі жөндеуден өткізу биылғы жос­парға кірмей қалғанын естіген әкім жөндеу жұмыс­тарын жарты жылға жеткізбей өткіздіріп берді.

Газетте шыққан сынның нәтиже­лерін қалың оқырман осылай көзде­рімен көріп отырды.

«Дидарға» шыққан сын мақалалар әсе­рімен Өскеменде қазақ мектепте­рінің саны артты, Сағырда, Самарда, Таврияда тұрған Ленин ескерткіштері алынып тасталды, Өскемендегі, Семейдегі көшелер түзелді, ауылдардағы бірқатар мәдениет үйлері қалыпқа келтірілді, т.с.с. Бәрін тізіп жату шарт емес, әйтсе де, «Дидардың» жақсы шыққаны, өткір болғаны – бәрімізге абырой. Нөмірдің сәтті шығуы, ол – бүтін бір ұжымның еңбегі.

«ҚАҒАЗ БЕТІНДЕГІ АЙТЫС» ЖОБАСЫ ДА ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ҰНАҒАН ЕДІ

Ұсыныстарымыз, кеңестеріміз ре­дакция­лық алқада талқыланып, дәс­түрлі айдарлар жаңартылып, жаңа жобалар батыл енгізіліп «Алқоңыр» бетінде «Тылсым дүние», «Керек кеңес», «Адамның кейбір кездері – көңілде алаң басылса», «Сөзіне сүйсінсең, өзіне құл боласың», «Иманшарт», «Езу тартар», «Кө­нер­ген сөз көмбесі», «Алаштан шыққан алғашқылар» сияқ­ты көптеген жаңа айдарлар ашылды.

Мәселен, «Белгілі адамның белгісіз қыр­лары» деген айдармен ашылған жобадан оқырман қауым эстрада әншісі Сырым Исабаевтың кәсіпкер­лікпен айналысатынын, ал әнші Мәдина Сә­дуақасованың психология маманы екен­дігін, заңғар жазушымыз Ғабит Мүсірепов бос уақытында ағаштан таяқ жонғанды ермек еткен болса, ақын Серік Ғабдоллаұлы мүш­тік, жазушы Дидахмет Әшімханов галстук жинаумен айналысатын­дығын, Бауыр­жан Мо­мыш­ұлы – банкир, Тал­ғат Бигелдинов – омарташы, Тоқтар Әубәкіровтің атбегі екендігін қызыға оқыды.

Оқырман көңілінен шыққан 2009 жылғы тағы бір жоба – алты айға созылған «Қағаз бетіндегі айтыс» айдары болды. Оны ұйымдастырып, жүргізген журналистер – ақын, Моң­ғолия Жазушылар одағының мүшесі Бодаухан Тоқан, танымал айтыскер-ақын Серік Құсанбаев, газеттің руханият бөлімінің меңгерушісі Азамат Қасым болды. Ақпан айы бойы өскемендік Абаш Кәкенов пен ұлан­дық ақын Нұртай Тілеужанов өтірік айтыс бәй­гесіне түссе, наурыз айында өскемендік Серік Бақтыбаев пен ұландық Дарын Нұрсапаров қайым айтысында күш сынасты. Одан соң жұмбақ айтысқа түскен Мұратхан Кенжехан мен Есімжан Нақты­байдың, әзілдесе айтысқан Еділ Майзақов пен Құмар Зиятхан, өтірік айтыста бақ сынасқан Аян Өрібаев пен Оңал Мизам­ханның, Абаш Кәкенов пен Құралай Әлкен­бае­ваның тамаша өнер­лерін оқырман қауым мұқият қада­ғалап, редакциямен хабарласып, өз пікірлерін білдіріп отырды.

«Дидардың» қырық адамнан тұратын ұжымдық еңбегін қалың оқырман газет бетінен көріп, осы күнге дейін лайықты бағасын беріп келеді.

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ, «Шығыс ақпарат» медиахолдингінің директоры, жазушы, публицист, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті