Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Салтан Сәкен. «Қазақ полицейлеріне қарсы жиһад» жарияланғаны рас па?

Дата: 12 июля 2011 в 15:15 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Салтан Сәкен. «Қазақ полицейлеріне қарсы жиһад» жарияланғаны рас па?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Дүйсенбіге қараған түнде Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының АК156/21 жалпы режимдегі түрмесінде атыс болды. Бір топ қаруланған сотталушылар түрменің сыр­тын күзеткен Ішкі істер департаментінің ішкі әскеріне шабуыл жасап, оқ атқан. Атыс ба­ры­сында бақылау қызметінің сержантына оқ тиіп, жарақат алған. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенімен, сержант қаза табады. Сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесінің үш адамы жарақаттанады. Сотталушылар соншама қаруды қайдан алған? Әзірге белгісіз. Бірақ қаруланған сотталушыларға бес қаруын асынған арнайы жа­сақ шабуылдап, қылмыскерлерді қолға тү­сі­­ру­дің бар айла-шарғысын жасауда. Бұл жайын­да кеше Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков хабарлады.

Сағат түнгі бір жарымда қа­шу­ға тал­пын­ған қылмыскерлер түр­ме­нің ішіндегі өндіріс це­хының ғи­маратына жасырынып үлгерген. Кей­бір бұқаралық ақпарат құрал­да­ры олар­дың 30 адамды тұт­қын­дап алғанын жа­зып­ты. Тұт­қын­да­ғы­лардың көбі жазасын өтеп жат­­қан­дар екен. Алайда бұл а­қ­па­рат­ты Қылмыстық-атқару жүйесі ко­ми­теті жал­ған­ға шығарып отыр.

Ресми емес деректерге сүйен­сек, бас кө­теріп, бүлік шығарып жүр­ген бұл топ Хизб-ут-тахрир діни экстремистік ұйымының өкіл­­де­рі көрінеді.

 

 

Себебі арнайы жасаққа берілмей, ылаң салып, алған беттерінен қайтпауына қара­ғанда, шатақ дінге шырмалғандар ма дей­сің. Әйтеуір, санасы сау адамның әрекеті емес. Бірақ бұл ақпаратты Қылмыстық-ат­қару жүйесі комитеті әлі нақтылаған жоқ. «Әзірге еш ақпарат жоқ», — деп жауап берді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақ­парат және жұртшылықпен байланыс бө­лімінің бастығы Ғалымжан Хасенов.

Жалпы, соңғы кездері діни-экстремистік ағымдардың ықпалымен болып жатқан небір жантүршігерлік, атыс-шабыс, жарылыс оқиғалары елімізде жиілеп бара жатқан сияқты. Былтыр Маңғыстау облысы Ақтау қаласында да сотталушылар түрмеде соғыс ашып, 21 адам қашып шыққан. Олардың да радикалды діни ағымға қатысы бар болып шықты. Масқара болғанда, бас бостандығы шектелген олардың қолына қару ұстатқан сыбайлас жемқорлыққа батқан түрме басшылары екені артынан анықталды.

Ал биылғы оқиғалар жарылыстан басталды. Ақпан айында Ақтөбедегі 168/2 жалпы режимдегі түрменің қасында тұрған көлік жарылады. Осы қаладағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жанын­дағы жарылыс та жаншошытарлық. Енді, міне, Шұбаршидегі қанды қырғын соғыс. Олар да діни ағымның «жиһадшы­лары» болып шықты. Алматыдағы «Сұң­қардың» жігіттерін жайратып салатын басбұзарлар да елдің есінен кете қоймаған шығар.

Бұрын-соңды ести бермейтін оқиғалар неге енді белең ала бастады? Елімізде діни-экстремистік, радикалды секталарға қарсы күрестің өз деңгейінде болмай, секталар­дың семіргені ме? Әлде бұл ағымдардың артындағы ықпал етуші күштің мықты болып тұрғаны ма?

Әркім әртүрлі себеппен түсіндіруі мүмкін. Бірақ, біздіңше, барлық мәселе былтыр «Хунафа» деген сайтта саудтық Әбу Мунзир әш-Шинқити деген ғалым­сымақ біреудің «Қазақстан полицияларына қарсы жиһад туралы» пәтуасынан басталып отыр ма деп ойлаймыз. Ол «Минбару-ль-Таухид уәль-Джихад» (Таухид және жиһад мінбері) сайтының пәтуалар коми­тетінің мүшесі екен. Соған еліміздің бір топ жастары хат жазады. Хатта былай делінген: «Біз қазақстандық жастармыз, біздің елде полицейлер бізге қысым жасайды, кейбіреуімізді түрмеге де жауып жатыр. Біз мынадай сұраққа айқын жауап алғымыз келеді: кәпірлермен соғысудан бұрын олар­ды дінге шақыру қажет деген ғалым­дардың бірауыздан айтқан пікірін біле тұра, күпірлігімен асқан және ислам мен мұсылмандарға деген дұшпандығы­мен ерекшеленетін кейбір полицейлерді өлтіре бастасақ бола ма? Және біздің әрекеттеріміз Алла жолындағы жиһад санала ма?»

Бұған әлгі ғалымсымақ былай жауап қатады: «Құрметті бауырым, сен атаған соғысудан бұрын дінге шақыру міндеті жайындағы ғалымдардың бірауызды пікірі шақыру жиһадына қатысты айтылған. Ал қорғану жиһадына келер болсақ, онда алдын ала дінге шақыру міндет емес. Бұл жағдайда, керісінше, жиһадты кейінге қал­дыр­май, бастау міндет болып саналады. Бұған қоса сен полицейлер қысым көрсетіп, түрмеге отырғызып жатыр дейсің. Бұл жағдайда олармен соғысу шабуыл жиһадына емес, қорғану жиһадына жатады. Ал әділетсіздікке, езгіге қарсы тойтарыс берулерің Алла жолындағы жиһад болады. Кім осы жолда өлсе, сол, Алла қаласа, шәһид болады. Бұған Саид ибн Зәйдтен жеткен Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім өзінің мал-мүлкін қорғау кезінде өлсе, сол — шәһид, кім өзінің дінін қорғау кезінде өлсе, сол — шәһид, кім өзінің отбасын қорғау кезінде өлсе, сол — шәһид» деген хадисі дәлел бола алады.

Алайда сендердің шектен шыққандарға қарсы жиһадтарың одан нәтиже мен өзгеріс болмайтын жалғыздың (яғни жеке бір адамның) реакциясы болмауы керек. Шындығында, сендердің әрекеттерің ұжымдық және ұйымдасқан болуы қажет», — дей келе, әлгі жастардың бұл әрекеті шариғатқа еш қайшы емес деп, жастарымызды уландырады. Міне, дәл осы пәтуа Қазақстанда тұтанған жиһадтардың шырпысы болмағанына кім кепіл?! («Хунафа» сайты қазір ашылмайды, бірақ одан көшіріп басқан веб-сайттар бар, соның бірі мынау — http://www.magas.ru/content/fatva-o-dzhikhade-protiv-kazakhstanskoi-poli... -)

Енді түрмедегілердің жағдайына келер болсақ. Осыдан бір жарым жыл бұрын интернет беттерінде Қазақстандағы құпия түрме жайында қауесет тарап кеткен болатын. Сол ақпаратта «осыдан екі жылдай бұрын Қостанай облысында діни-экстремистік ұйымдардың өкілдері ғана оқшауланған арнайы лагерь жұмыс істеді» деп жазылған екен. Ол жайында газетімізге де жазған болатынбыз (Құпия түрме туралы қауесет кімге керек болды? Алаш айнасы, 26 қыркүйек, 2009 жыл). Онда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жалғанға шығарып, ондай түрменің жоқ екенін мәлімдеген еді.

Айтпағымыз, бізге осындай түрме қажет секілді. Себебі жалпы режимдегі түрме­де жұмыс істейтін бір танысым түр­меге түскен діни-экстремистік ұйымдар­дың өкілдері өздерінің идеологияларымен өзгелерді де улап жатқанын айтып, оларды оңаша ұстау қажет деген пікір білдірген еді. Бұл пікірдің де жаны бар сияқты. Өйткені олар темір торға қамалса да, еш нәрседен ұтылып жатқан жоқ. Іштен-ақ әскерлерін «жа­сақтай» береді. Олардың әсерлі уа­ғыздарына арбалған камераластары мерзімі жетіп, «рухани ұстаздарынан» ерте шығып жатса, «іштегі бауырларын» бос­тандыққа шығарып алу үшін кез келген жағдайға барады. Түрмедегі жүйе мен түрменің қуыс-қуысын бес саусақтай білетін оларға сырттан жүріп, сыр алу тіптен оңай. Сондықтан да діни-экстремистік ұйымдардың өкілдерін оңашада ұстайтын түрме қажет деп ойлаймыз. Әйтпесе іс насырға шаба бермек.

Автор: Салтан Сәкен

http://www.alashainasy.kz/main/25515/

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы