Мысырдан алтын шығаруға тыйым салды
Мысыр елден алтын шығаруға толық тыйым салды.
Үкімет өкілдерінің хабарлауынша, министрлер кабинеті кеше осындай декрет қабылдады.
Тыйым тек алтын құймаларына ғана емес, зергерлік бұйымдарға да салынып отыр.
Бүгіннен күшіне енетін құжаттың мерзімі ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін сақталады.
«Мұндай шешім «жағдай тұрақтанғанша, елдің ұлттық байлығын сақтау қажеттілігімен» түсіндіріліп отыр», — деп хабарлайды РБК агенттігі.
По сообщению сайта Nur.kz