Балқашта ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытуына арналған кеңес өтті
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Алматы облысының Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды.
Жасаған сапарының қорытындысы бойынша «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған жиын өткізді.
Бұл жиынға облыс әкімі Серік Үмбетов, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, мал шаруашылығымен айналысушы фермерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтарының басшылары қатысуда.
Ө.Шөкеев сапарының барысында Миялы селолық округіндегі «Agrofood» серіктестігінің қасапхана цехының жұмысымен танысты.
2010 жылы салынған бұл нысанның құрылысына 22,2 миллион теңге инвестиция салынған, цехтың мал сою қуаты тәулігіне 20 ірі қараны, 40 ұсақ малды құрайды.
Осы жерде Ө.Шөкеевке сондай-ақ «Динара» өндірістік кооперативінің күріш өңдеу зауыты таныстырылды.
Зауытқа салынған инвестиция — 1,8 миллион теңге.
Зауыт жылына 1800 тоннадай күріш өңдей алады.
По сообщению сайта Nur.kz