Германияда мыңдаған фермалар жабылды
Малға арналған жемнің ірі мөлшері диоксинмен уланғаны анықталғаннан кейін, Германияда 5 мыңға жуық ферма жабылды.
Дегенмен жемдегі диоксин мөлшері адам денсаулығына қауіп төндірмейді және фермалар сақтық шара ретінде жабылған.
Сарапшылар өнімдерде улы зат жоқтығына көзі жеткізбей, бұл шаруашылықтар тауарларын сата алмайды.
Өткен аптада диоксинның кесірінен Германия бір мыңдай құс шаруашылығына жұмыртқа сатуға тыйым салған.
Мал жеміндегі диоксин желтосан айының соңында табылған.
Алайда 3 мың тонна жем уланғаны анықталғаннан кейін, бүкіл елде дабыл қағылып, кең ауқымды қауіпсіздік шаралары қабылданды.
По сообщению сайта Nur.kz