Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 9

Қала көшелеріне құм мен тұз себілді

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:12

Қала көшелеріне құм мен тұз себілді
Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов пен Ақтөбе гидрометерология орталығының бөлім басшысы Айгүл Саимова ауа райындағы өзгерістер, көктайғаққа байланысты қалада атқарылып жатқан шаралар турасында баспасөз мәслихатын өткізді.Ақтөбеде 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын түсті.

Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдан өзгерек

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:12

Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдан өзгерек
Сәуір айында басталған атаулы әлеуметтік көмек биыл 31 желтоқсанда тоқтатылады. Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдан өзгеріп, жаңадан толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, қайта тағайындалатын болады. Бұл туралы журналистерге Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Тұрмағамбетова егжей-тегжейлі айтып берді. — Жалпы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларына тағайындалады.

Бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдарға қол қойылды

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:12

Бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдарға қол қойылды
Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қаладағы ірі бөлшек сауда кәсіпорындары және азық-түлік базарларындағы жергілікті тауар өндірушілермен бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдарға қол қойды.Келісімнің мақсаты — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, қала тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде өзара келісім механизмін орнату және жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету.Меморандум арқасында қаладағы ірі сауда желілері («Анвар», «Дина», «Сапамаркет») азық-түлік тауарларының негізгі бағасына 5 пайыздан аспайтын үстемақы ғана қосады (бұрын 10-15 пайыз болатын).Жергілікті тауар өндірушілерге («Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Атамекен-нан» ЖШС, «Наным» ЖШС, «Айс плюс» ЖШС, «Агрофирма «Тау» ЖШС, «Актобе Фудс» ЖШС, «АДМ Инвестмент» ЖШС, жылыжай қожалықтары, ет өндірушілер және т.б.) Ақтөбе қаласының ішкі нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ азық-түлік сауда базарларында жалға алушыларға бағаны негізсіз көтермеу міндеттері қойылды.Шара соңында Мавр Абдуллин Ақтөбенің 150 жылдығына орай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға мерекелік медальдар табыс етті.

Амантай Өтегеновты еске алды

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:02

Амантай Өтегеновты еске алды
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінде ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының және Халықаралық Пен-клубтың мүшесі Амантай Өтегеновты еске алуға арналған «Ақын. Аудармашы. Публицист» атты кеш өтті. Еске алу кеші Ақтөбе гуманитарлық колледжі өнерпаздарының орындауындағы төкпе күйлер попурриімен басталды.

Өмір сабағы

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 01:52

Өмір сабағы
Қаншама жасқа келіп, шама-шарқымызша бір биіктерге көтерілгенімізбен, көңілдің терең түкпірінде біздің осы ғұмырымызға бастау болған, жақсы жол сілтеген, бір жағынан сыртымыздан сынай қарап отыратын асыл әке бейнесі сақталып тұрғаны жасырын емес. Өмір болған соң кейде алдыңнан қиындықтар кезігеді, енді бірде өзіңді тығырыққа тірелгендей күй кешесің.

Желтоқсан: жыл түйіні

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 01:52

Желтоқсан: жыл түйіні
Міне, ескі жылмен қоштасып, Жаңа — 2020 жылдың есігін ашатын уақыт та келіп жетті. «Ескі жылда есірке, жаңа жылда жарылқа!» дейді қазақ.Желтоқсанда жыл бойғы көп шаруаның түйіні түгенделіп, алдағы кезеңнің атқарылар тірлігі болжамдалады. Сонымен, бізге бұл ай не берді дегенге тоқталсақ… Тұғырлы «Тәуелсіздік» стеласы Облыс орталығындағы Абай даңғылы бойында еңселі «Тәуелсіздік» стеласы бой көтерді.

«Ақтөбе»  футбол клубы ардагерлер кеңесі  бұрын істі болған азаматтың жұмыстан кетуін талап етті

Ақтөбе газеті, 27 декабря 2019 в 17:12

«Ақтөбе»  футбол клубы ардагерлер кеңесі  бұрын істі болған азаматтың жұмыстан кетуін талап етті
27 желтоқсан күні «Қобыланды батыр» атындағы стадионның конференция залында спорт саласына еңбегі сіңген ақсақалдар «Ақтөбе»футбол клубы басқарма төрағасы Артур Смағұлов, облыстық спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровпен кездесті. Ардагерлер кеңесі үшін футбол клубының бұрынғы басшысы Смат Смақовтың орынбасары Данияр Шадыевтың бұрын істі болған азамат болғандығы туралы жаңалық төбелерінен жай түскендей болған. «Мұндай бассыздыққа қарап отыра алмаймыз», — деген бір топ белсенді азаматтар спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровтан жағдайды біле тұра неге жасырғанын сұрады.Әлеуметтік желілерде Смақовтың орынбасары Шадыев 2010 жылы аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтағаны, сатып алғаны және тасымалдағаны үшін 10 жыл қатаң режимдегі колонияда отырғаны туралы ақпаралар тарай бастаған.Спорт басқармасының басшысы желтоқсанның 25-і күні Данияр Шадыевтың жұмыстан шыққаны туралы мәлімдеді.

2019 жылы қызылшамен ауырған 370 адамның 50 пайызы екпе алмаған

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 17:22

2019 жылы қызылшамен ауырған 370 адамның 50 пайызы екпе алмаған
Соңғы 100 жылда вакцинациялаудың нәтижесінде инфекциялық, яғни аса қауіпті оба, холера, қара шешек секілді аурулардың алдын алуға қол жеткізілді. Баланы өмір бойы мүгедектікке душар ететін полиемиелит ауруы екпенің арқасында біздің елімізде жойылды. Мәселен, қызылшаға қарсы вакцина шыққан 1960-жылдарға дейін әлемде аталған аурумен жылына 2,6 миллион адам көз жұматын болған.

Мұғалжарлық Аделя несие рәсімдеп, Египетке жолдама ұтып алды!

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:52

Мұғалжарлық Аделя несие рәсімдеп, Египетке жолдама ұтып алды!
«Банк Хоум Кредит» қараша айында өз клиенттеріне ерекше байқау ұсынды: «Ұшқыр отбасы» деп аталатын байқау нәтижесінде екі адамға Египетке жолдама беріледі! Жақында ақтөбелік Аделя Сұлтанғазина осы байқаудың жеңімпазы атанды. Енді ол ақпан айында жолдасымен бірге Египетке ұшады. Мұндай ерекше байқаудың жеңімпазы болатынына Аделя мүлде сенбегенін айтады. — Қазіргі уақытта банктер болсын, сауда орындары болсын, түрлі байқаулар ұйымдастырып жатады ғой.

Ақтөбеде Antıkor ortalyǵy ашылды

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:32

Ақтөбеде Antıkor ortalyǵy ашылды
Кеше Ақтөбеге екі күндік жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді. Аймаққа жасаған сапары аясында агенттік төрағасы мен облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанында орналасқан Antıkor ortalyǵy сервистік ғимаратының салтанатты ашылуына қатысты.

Офтальмологиялық орталықты аралады

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:22

Офтальмологиялық орталықты аралады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығын аралады. «Дару» оңалту орталығының директоры Ғалымжан Елеуов орталықтың мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл жерде стационарлық ем алу үшін 60 кереуеттік орын жасақталған.

Әділдік, парасаттылық және сенімге негізделген қоғам құру 

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:22

Әділдік, парасаттылық және сенімге негізделген қоғам құру 
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақтөбе облысына жасаған сапарында «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» атты жемқорлыққа қарсы халықаралық форумға қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен форум жемқорлыққа қарсы халықаралық күнге арналған.

Басқарма басшысы тағайындалды

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:22

Басқарма басшысы тағайындалды
Сейсенбі күні өткен аппарат жиналысында өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын тағайындалды. Бұл қызметті енді облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Бұлбұл Елеусінова атқарады. Кеше облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов аталған басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды:— Бұлбұл Ораққызы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін мұғалім және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Екі жүз оқушының ертеңгілігі

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:22

Екі жүз оқушының ертеңгілігі
Жекпе-жек сарайында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Біз — еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңажылдық ертеңгілік өтті. Дәлізде қала оқушыларының қолынан шыққан дүниелерден қыс мезгіліне арналған көрме ұйымдастырылыпты, кішкентай шеберлер эко-бұйымдарға басымдық беріпті, көздің жауын алады.Ал шырша орнатылған зал мерекеге сай безендірілген, адамға жаңажылдық көңіл күй сыйлайды. Қызылды-жасылды жылтырақтар тағынып, бар киімдерін киіп келген балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге би билеп, суретке түсіп жүр.Облыс әкімі шыршасына бұл күні аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балалар шақырылды.

Дарынды балалардың қуанышы  

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:22

Дарынды балалардың қуанышы  
Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің дарынды балаларға арналған жаңажылдық шыршасы өтті. Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылған шараға облыстағы 230 бала қатысты. Олардың барлығы да білім, спорт, шығармашылық саласында жетістіктерге жеткен оқушылар. Кең де жарық залдың іші әсем безендіріліпті. Әппақ мамықтай ұлпа қарға оранған атырапта ертегі кейіпкерлерінің бәрі жүр.

Алик ШПЕКБАЕВ: Ақтөбе облысының қарқынды дамып келе жатқанын өз көзіммен көрдім

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:12

Алик ШПЕКБАЕВ: Ақтөбе облысының қарқынды дамып келе жатқанын өз көзіммен көрдім
Кеше облыс әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс активімен және қоғам белсенділерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, сондай-ақ селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.

«112»: жаңа жүйені агенттік төрағасы жоғары бағалады

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:12

«112»: жаңа жүйені агенттік төрағасы жоғары бағалады
Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «112» бірыңғай диспетчерлік қызмет орталығының жай-күйімен танысып, мұндағы жаңа жүйенің таныстырылымына қатысты. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин, жедел қызметтің мамандары — дәрігерлер, өрт сөндірушілер, полицейлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысқан жиында алдымен «112» диспетчерлік қызмет орталығының іске асырғалы отырған жаңа жобасы жайында айтылды.

«Дала фольклорының антологиясы»: алғашқы бес том жарыққа шықты

Ақтөбе газеті, 25 декабря 2019 в 17:12

«Дала фольклорының антологиясы»: алғашқы бес том жарыққа шықты
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорындағы мұралар арқылы 10 томнан тұратын «Дала фольклорының антологиясын» шығару көзделген. Бүгінгі күні оның 5 томы жарық көрді. Сәрсенбі күні Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде осы кітаптардың өңірлік тұсаукесері өтті.

Сыйлық алған мемлекеттік қызметші жазаға тартылады

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 16:42

Сыйлық алған мемлекеттік қызметші жазаға тартылады
Жаңажылдық мерекелер қарсаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті азаматтарды, мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін сыйлық беруден және алудан сақтандырады.Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамамен лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен аспайтын сыйлық бергені үшін 200 АЕК көлемінде, ал мемлекеттік қызметшіге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.Сонымен қатар мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын жеке және заңды тұлғалар есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.Сыйлықты немесе қарапайым тәттілер себетін қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшінің әдебін өрескел бұзу ретінде бағаланады.

Бас шырша шамдарын жақты

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:52

Бас шырша шамдарын жақты
Кеше облыс әкімдігі алаңында биіктігі 30 метрлік бас шырша шамдары салтанатты түрде жағылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қатысты.Шырша маңына жиналған ақтөбеліктер мен қала қонақтары Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған театрландырылған көрініске, жасыл шыршаның жарқыраған оттарына тәнті болды.— Санаулы күндерден кейін Жаңа жылға қадам басамыз.

Ақтөбе облысы эстафетаны қолдады

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:42

Ақтөбе облысы эстафетаны қолдады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі табиғи шыршалардан бас тарту жөнінде бастама көтеріп, «Эко-шырша» челленджін Елордадағы «ӨКМ Операторы» компаниясы бастаған болатын. Министрліктің экологиялық бастамасын қолдаған Ақтөбе облысындағы қалдық шығарумен айналысатын «Neo Plus» компаниясы қалалық Мәдениет үйі ғимараты алдына биіктігі үш метрдей болатын жасанды шырша орнатты.

Патрульдік көліктердің макеттері қойылды

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:42

Патрульдік көліктердің макеттері қойылды
Жыл басталғалы облыста 792 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 99 адам қаза болған. Ал 981 адам түрлі дене жарақаттарымен аурухана түсіпті. Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жол апаты жиі орын алатын республикалық, облыстық маңызы бар тасжолдардың бойына патрульдік полиция көліктерінің макеттері қойылып жатыр.— Бұл жұмыстарды облыстық полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп атқаруда.

Елдің ықыласын жеткізді

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:42

Елдің ықыласын жеткізді
Өткен аптада облыс әкімі аппаратының жетекшісі Нұржауған Қалауов облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің арнайы тапсырмасымен Алматы қаласында филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Рабиға Сыздықтың шаңырағында болып, туған жердің ықыласын жеткізді. Аппарат жетекшісі 95 жастағы ғалымға Ақтөбе өңірінің экономика, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларының дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын табыс етіп, облыс басшысы атынан сый-құрмет көрсетті.Рабиға Сыздық туған жерінен арнайы жеткен марапатқа зор ризашылығын білдіріп, Ақтөбе жұртшылығына, облыс басшысына алғысын айтты.— Еңбегімді ескеріп, мені ұмыт қалдырмаған азаматтарға алғысым шексіз.

Асығыстық танытуға болмайды

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:32

Асығыстық танытуға болмайды
Гүлайым ТӨЛЕБАЕВА, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында латын графикасына көшу мәселесі де талқыланды. Президент өзінің сөзінде бұл мәселеде асығыстық жасауға болмайтынын атап өтті.«Латын графикасындағы әліпбиге көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды.

Жерді әр азамат шамасына қарай алуы керек

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:32

Жерді әр азамат шамасына қарай алуы керек
Ұлттық Кеңестің кезекті екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму министрліктеріне 2020 жылдың 1 мамырына дейін бірқатар облыстарда жерді космомониторингтеуге тапсырма берді. Сонымен қатарПрезидент жерді тиімді пайдалануға бақылауды күшейтудіңбасқа да шараларын қабылдау қажеттігін баса көрсетті.Бұл — дер кезінде қабылданған шешім.

Академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:32

Академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті
Алматыда «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Жиын ғалымның 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.Рәбиға Сыздық 1924 жылы Ойылда дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы Алға стансасында бастауыш мектеп мұғалімі болып бастаған.

Бос жұмыс орындары ұсынылды

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:32

Бос жұмыс орындары ұсынылды
«Keruen city» сауда, ойын-сауық орталығында қорытынды қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеде білім, құрылыс, сауда, мұнай және қызмет көрсету салалары бойынша 65 мекеме 602 жұмыс орнын ұсынды.Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Алтынай Маханованың айтуынша, жыл басынан бері 14 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 1000-ға жуық адам жұмысқа орналастырылған.— Бүгінгі өтіп жатқан жәрмеңке жыл сайын дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырлып тұрады.

Отшашудан от шықпасын!

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:22

Отшашудан от шықпасын!
Жаңа жыл мерекесіне санаулы күндер қалды. Осы кезде мерекелік сыйлықтармен қоса безендіруші заттардың да сауда орындарының сөрелерінде көптеп шығарылып, сатылатыны белгілі. Әсіресе, балалардың жыл қарсаңындағы басты ойын құралы — атылғыш пиротехникалық заттар. Мұны ересектер де қолданады. Мерекенің сәніне айналатын отшашулар, петардалар пиротехникалық бұйымдарға жатады.

«Ва-Банк» фильмі көрерменге жол тартты

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:22

«Ва-Банк» фильмі көрерменге жол тартты
«Keruen City» ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда «Ва-Банк» отандық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Жаңа туындыны көпшілікпен бірге Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин де тамашалады. Бұл фильмнің ел аймақтары арасында Ақтөбеде бірінші болып көрсетілуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені жаңа туынды Ақтөбе өңірінде туған талантты актриса Құралай Анарбекованың прдюсерлігімен түсірілген.

«Ақтөбе» футбол клубы неге мұндай жағдайға жетті?

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:22

«Ақтөбе» футбол клубы неге мұндай жағдайға жетті?
«Ақтөбе» футбол командасының ардагерлері Самат Смақов жергілікті футболдың түбіне жетті деп есептейді.Кеше «Ақтөбе» футбол клубы басқармасының төрағасы Артур Смағұлов, оның орынбасары және бас менеджері Горан Велькович, сондай-ақ спорт ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы Владимир Кореньков спорт ақсақалдарымен кездесті.Кездесуді аша отырып, Артур Смағұлов жергілікті футболдың деңгейін көтеру, оны дамыту аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесінсіз мүмкін еместігін айтты.«Ақтөбе» футбол клубының ардагерлері Арынғазы Беркімбаев, Рахым Қарабалиев, Николай Иванов, Нұрлан Аяпберген, Равиль Рамазанов және басқалар футбол клубының басшылығына шақыртулары үшін алғыс сезімін білдірді. Өздерінің айтуынша, оларды Ақтөбе футболы мен клубтағы жағдай бұрыннан да мазалап жүр екен.«Бүгін біз қордаланып қалған ойларымызды айтуға мүмкіндік алдық.
Показано 30 новостей из 7 311