Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 8

Мақсат — футболды дамыту

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:02

Мақсат — футболды дамыту
ТурнирОблыстағы Балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв дайындау мектебінде Ақтөбе қаласы әкімінің жүлдесіне арналған қар үстіндегі футболдан және шағын футболдан 38-ашық турнир басталды. Оқушылар арасында өтетін дәстүрлі жарыс биылғы жылы «Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.Бекет АЙСҰЛТАН.Мақаланың толық нұсқасын 07.01.2020 жылғы №1 «Ақтөбе» газетінен оқи аласыздар.

Қайырымдылық марафоны өтті

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:02

Қайырымдылық марафоны өтті
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта қайырымдылық марафоны өтті. Шараға 150-ден астам ақтөбелік қатысты. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, бұл шара қала тұрғындарының бастамасымен биыл алтыншы рет өтіп отыр. Алғашқы жылы шағын адам болса, қазір әлеуметтік желі арқылы қатысушылардың қатары өскен. Өткен жылы елуден аса адам келсе, биыл 150-ден астам қала тұрғыны жиналыпты.

Облыстық олимпиадаға 876 оқушы қатысып жатыр

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 10:52

Облыстық олимпиадаға 876 оқушы қатысып жатыр
Жексенбі күні Ақтөбеде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. 15 пән бойынша өтіп жатқан білім додасына облыс мектептерінен 876 оқушы қатысуда.Олимпиада Ақтөбе қаласындағы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты мен Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектепте өтіп жатыр.Ақерке САТЫБАЛДЫ.

12 мыңыншы жәдігер тапсырылды

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 10:42

12 мыңыншы жәдігер тапсырылды
Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық құндылықтарымыз, еліміздің тарихи мұралары туралы, инновациялық жаңашылдықты жүзеге асыру, қор құндылықтарын жарнамалау, аудан тұрғындарын экспонат тапсырып, музей қорын толықтыруға шақыру мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткен акция «Рухани құндылықтар және 12 мыңыншы жәдігер» деп аталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Жаңа 2020 жылмен құттықтауы

Ақтөбе газеті, 01 января 2020 в 00:52

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Жаңа 2020 жылмен құттықтауы
Қымбатты отандастар!Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жылтабалдырығымыздан аттайды.Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт.Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтіндеайтылатын ақ тілектің орны бөлек.Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние.Біздің бүгінгі басты бағытымыз –Жаңғыру жолы.Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі.Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңстратегиялық жолы сақталды.Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты.

Құрметті ақтөбеліктер!  

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 15:02

Құрметті ақтөбеліктер!  
Міне, Жаңа — 2020 жылды қарсы алып отырмыз.Өткен жыл ел тарихындағы елеулі оқиғаларымен есте қалды.Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігін тапсырып, мемлекет басшылығын қолына алған Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығын, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, ел үмітін ақтады.Тарихқа енген Доңыз жылының Ақтөбе өңірі үшін де бергені мол, берекелі кезең болды.Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар салынып, жаңа мектептер мен ауруханалар, балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді.Бірқатар елді мекендерімізге газ тартылып, сумен қамтамасыз етілді.Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы да абыроймен атқарылды.

Ақтөбелік 12 жас топ-300 құрамына енді

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:42

Ақтөбелік 12 жас топ-300 құрамына енді
Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Президенттің жастар кадрлық резервіне енген жастармен кездесті.Кездесуде облыс әкімі іріктеуден өткен 12 жас мемлекеттік қызметшіге сәттілік тілеп, алдағы уақытта мемлекеттік қызметте абыройлы, жауапкершілікпен еңбек етуге шақырды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқаратынын айта келе, мемлекеттік қызметке заманауи ойлайтын, жан-жақты жастарды тарту — басты мақсат екенін атап өткен болатын.

Қайырымдылық кеш: қаражат тұтастай мұқтаждарға беріледі

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:42

Қайырымдылық кеш: қаражат тұтастай мұқтаждарға беріледі
Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен қайырымдылық кеш ұйымдастырылды. Бұл шараға мемлекеттік орган өкілдері, ардагерлер мен кәсіпкерлер, мәдениет, спорт саласының саңлақтары қатысты. Шара барысында өңір басшысы биылғы жылдың облыс үшін табысты болғанын, тұрғындардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мақсатында қыруар жұмыс атқарылғанын айтты, жыл басынан бергі жасалған істер туралы бейнеролик көрсетілді.— Биыл облыста жүргізілген қайырымдылық шаралары аясында 120 мыңға жуық мұқтаж азаматқа 2 миллиард 740 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дейді халық даналығы.

Ұжымды құттықтап келді

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:32

Ұжымды құттықтап келді
Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы мен ардагерлерін басылымның 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. — Қазақ баспасөзіндегі көне басылымдардың бірі — «Ақтөбе» газеті. Ғасырға жуықтап қалған басылым қай уақытта да қоғамдағы өзекті мәселелерді халыққа жеткізе білді.

Қадірлі әріптестер!

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:32

Қадірлі әріптестер!
Сіздерді ұлттық баспасөздің байырғы басылымдарының бірі — «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!1924 жылдан бері «Кедей», «Алға», «Социалды жол», «Социалистік жол», «Батыс Қазақстан», «Коммунизм жолы» сияқты түрлі атаулармен жарық көрген шежірелі газет еліміз егемендік алғаннан кейін «Ақтөбе» болып өзгерді.Газеттің кемеліне келіп, қазақ баспасөзінің іргелі басылымдарының біріне айналуына Ж.Тілепбергенов, Қ.Қожамұратов, С.Мұқашев және басқа да аға буын өкілдері зор еңбек сіңірді.

Азық-түлікті қымбаттатпауды тапсырды

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:32

Азық-түлікті қымбаттатпауды тапсырды
Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Облысәкімініңорынбасарлары, қала, ауданәкімдері, басқарма басшылары қатысқан жиында бірнеше мәселе талқыланды.Аймақтағы экономикалық көрсеткіштер бойынша, көтерме және бөлшек сауданың жоспарланған өсу қарқыны орындалмай қалуы мүмкін.

50 бала аудан әкімі шыршасынан сыйлық алды                       

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:22

50 бала аудан әкімі шыршасынан сыйлық алды                       
Ақтөбе қаласындағы «Атамекен» мейрамханасында Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа жыл ғажайыптары» атты шарша кеші өтті.Шыршаға аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 50 бала қатысып, аудан әкімі атынан жаңажылдық сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ шарада балалар ертегі кейіпкерлерінің қойылымын тамашалап, Аяз ата мен Ақшақардың тілектерін тыңдады.— Биылғы жыл толағай табыстарға толы жыл болды.

Ақтөбенің құрметті азаматтары марапатталды

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:22

Ақтөбенің құрметті азаматтары марапатталды
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, мемлекеттік және қоғамдық қызметте белсенділік танытып жүрген 3 ақтөбелік азамат «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.Қала әкімі Мавр Абдуллинің ұсынысымен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен мұндай мәртебелі атаққа физика-математика ғылымдарының докторы, облыстық мәслихаттың 5 мәрте шақырылымының депутаты Кенжеғали Кенжебаев, ҚР құрметті металлургі, «Қазхром» Транс Ұлттық Компаниясының Президенті Арман Есенжолов және ҚР құрметті құрылысшысы, қаламызда жаңа аудандар мен бірқатар әлеуметтік нысандарды салған «Нектар» өндірістік кооперативінің басшысы Шамиль Каспранов лайық деп танылды.Дүйсенбі күні шаһар басшысы мерейлі марапат иелерін құттықтап, қаламыздың дамуы жолында аянбай еңбек еткен азаматтарға алғысын білдірді.— Мәслихаттың шешімімен бекітілген «Құрметті азамат» атағын беру Ережеге сәйкес қала әкімдігіне түрлі мекемелерден, ұйымдардан ұсыныс түсіп, солардың арасынан қалалық мәслихат депутаттары өздеріңізді қолдаған болатын.Бұл атаққа қаламызға айрықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, жемісті жұмыс жасаған азаматтар ие бола алады, — деген қала әкімі Ақтөбенің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» мәртебесіне ие болғандарға арнайы төсбелгі мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.Бұдан өзге салтанатты шара барысында Ақтөбе қаласының өркендеуіне өзіндік үлес қосып, жұмыс барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар азаматтар Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған мерейтолық медальмен марапатталды.Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Шалқарлықтар Мейрамбекке жаңа көлік сыйлады

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:12

Шалқарлықтар Мейрамбекке жаңа көлік сыйлады
Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізіп, 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған Мейрамбек Айнағұловқа Шалқар өңірінің бір топ азаматы жаңа «Тойота Камри» автокөлігінің кілтін табыс етті. Демеушілік жасағандар қатарында Өркен Мұзбаев бастаған меценаттар мен спорт ардагерлері бар.— Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін күрес залына кірген жоқпын. Қазіргі уақытта қаңтар айында Парижде өтетін Гран-При турниріне қызу дайындық жасап жатырмыз.

Облыстық футбол ассоциациясының президенті сайланды

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:12

Облыстық футбол ассоциациясының президенті сайланды
Облыс әкімінің орынбасары Расул Мамунов кезектен тыс өткізілген конференцияда облыстық футбол ассоциациясының президенті болып сайланды. 2020 жылдың соңына дейін құрамына ассоциацияның атқарушы комитеті кіретін қызмет органдары қайтадан сайланатын болады.— Футболды дамытуға қатысты жоспарларымыз көп. Өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге қарай соларды жүзеге асыратын боламыз.

Мерейтойлық журнал жарық көрді

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:02

Мерейтойлық журнал жарық көрді
«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдығына байланысты мерейтойлық журнал жарық көрді. Кеше Баспасөз үйінде жаңа журналдың тұсаукесер рәсімі жасалды. «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин биылғы жылдың редакция ұжымы үшін табысты болғанын, оның ішінде облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы кең көлемде аталып өткенін тілге тиек етіп, басылымның тарихын әрі мерейтойлық іс-шараларды қамтыған жаңа журналдың жарыққа шыққанын айта келіп, ол өз сөзінде аталған журналды жарыққа шығаруға үлес қосқан «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев пен басылымның жауапты хатшысы Сәтжан Дәрібайдың еңбегін жоғары бағалады.Журналда облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлы сияқты басқа да танымал тұлғалардың газет ұжымы мен оқырмандарға арнаған құттықтау сөзі, бір кездері осы басылымда еңбек еткен ардагер журналистер мен ақын-жазушылардың мерейтойлық лебіздері әр жылдардағы фото шежірелер басылған.Шара барысында ардагер журналистер мен газеттің қызметкерлері жаңа журналдың тұсаукесер рәсіміне қатысып, жылы тілектерін білдірді.Арайлым НҰРБАЕВА.

Жаңа жылдың жақсылығы мол болсын!

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:02

Жаңа жылдың жақсылығы мол болсын!
Раукен ОТЫНШИН,«Ақтөбе Медиа» ЖШС директорыМіне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады. 2020 жыл деп аталатын кезекті белес есігін айқара ашқалы тұр.Біз өткен жылмен қош айтыса отырып, алдағы жылдан елдің амандығын, айналаның тыныштығын, жақсылықтың мол болуын тілейміз.Облыстық «Ақтөбе» газеті өтіп бара жатқан жылда өзінің 95 жылдығын атап өтті.

Тұтынушылар құқығын медиаторлар қорғайды   

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:02

Тұтынушылар құқығын медиаторлар қорғайды   
Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бағлан Баймағанбетов, «Сіздің құқығыңыз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Расима Латыпова, «Тұтынушылар Ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің басшысы Сафура Түлкібаева, «Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Светлана Балпейісова бірлескен меморандумға қол қойды.

Шекара қызметі — бейбіт өмір кепілі

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:42

Шекара қызметі — бейбіт өмір кепілі
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен аталған комитеттің шекара қызметі «2087 — әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Олег Васильев Шалқар ауданында болды.Жұмыс сапары барысында аудан активі жиынына қатысқан Олег Васильев Шалқар ауданы басшылығының мемлекеттік шекараны қорғаудағы қызметі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жұмыстарының өз мәнінде жүруіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, аудан әкімі Бауыржан Қаниевке ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-майор Кәрім Мәсімовтің бұйрығымен берілген «Мемлекеттік шекараны күзетудегі үздік қызметі үшін» медалін табыс етті.

Дәуреннің жеңісі

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:32

Дәуреннің жеңісі
Ақтөбелік Дәурен Ермеков уақытша чемпиондық белбеуге ие болды.Аралас жекпе-жектен жуырда Алматыда өткен GFS 23 турниріндеGFS нұсқасы бойынша 84 кг салмақ дәрежесінде уақытша чемпиондық атаққа Arlan MMA Pro Team командасының мүшесі Дәурен Ермеков пен ресейлік Артур Гусейнов таласты. Бұл осы кештің басты жекпе-жегі болды.Жекпе-жек үш раундқа созылды.

Отшашудан абай бол!

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:22

Отшашудан абай бол!
Жаңажылдық мерекенің қарсаңында қала базарлары мен сауда орындарында түрлі бенгал оттары, түтіндету құтысы, петарда, фейерверк және басқа да пиротехникалық бұйымдар көптеп сатылады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті тұрғындарға мына жайттарды ескеруді ұсынады:– сауда нысандарынан жарамдылық мерзімі өткен, бұзылу белгілері бар және қолдану нұсқамасы жоқ пиротехникалық бұйымдарын сатып алмауды;– қолдану алдында өндіруші нұсқамасымен мұқият танысуды;– білте шамын жағу алдында бұйымның қай бөлігінен шоқтардың шығатынын анықтап алуды, сондай-ақ отшашуларды (фейерферктер) адамдарға қарата жағуға болмайтынын;– отшашуларды жандыру алдында ағаш, электр тарату желісі өтпейтін және басқа да бөгеттері жоқ ашық, түзу алаңдарды таңдауды, сонымен қатар, пиротехниканың тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта орналасу қажеттігін;– жанып жатқан петардаларды адамға және жануарларға лақтырмауды, оларды қолға ұстамауды;– балаларға петардалар жағуға тыйым салуды;– петарда жанбай қалған жағдайда оны тексермеуді немесе қайта жақпауды ұсынады және ескертеді.Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды сатушы заңды және жеке тұлғаларда Кеден одағының талаптарына сәйкестік жөніндегі декларациясы болуы қажет.

Олар жаңа жыл күні де жұмыс істейді

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:22

Олар жаңа жыл күні де жұмыс істейді
Жаңа жылды дастарқан басында, отбасыңның қасында қарсы алғанға не жетсін? Бірақ, қоғамға ауадай қажет мамандық иелерінің дәл осы күні кезекшілікке түсіп, түнгі 12-ні жұмыс барысында қарсы алып жататыны бар.Мереке қарсаңында біз олардың бірқатарымен тілдескен едік. Қоңыраулар екі есеге көбейедіМереке күндері адам денсаулығына алаңдайтындардың бірі — жедел жәрдем қызметі.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа форматы

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:12

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа форматы
Өңірлік коммуникациялар қызметінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа форматы тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова баяндама жасады. Биыл 1 сәуірден бастап Елбасының Nur Otan партиясының съезінде берген тапсырмасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің заңнамаларына елеулі өзгерістер енгізіліп, облыстағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар 1 сәуіріне дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санымен салыстырғанда 7,0 есеге артты (атаулы жылдың 1 сәуіріне 14560 адамы бар 2799 отбасына 266,7 млн теңге тағайындалып, төленсе, 1.12.2019 жылы 19748 отбасының 92648 адамына тағайындалды).2019 жылдың 1 желтоқсанына атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 92648 адамы бар 19748 аз қамтылған отбасының 65,9 пайызы немесе 61076-ы — балалар.— Атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыруға бүгінгі күнге жалпы 10,6 миллиард теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен 9,1 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңге қарастырылып, бүгінгі күнге бөлінген қаражат толық игерілді.

Жыл жаңалықтары

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:02

Жыл жаңалықтары
Жыл мәлімдемесі Наурыз айында Қазақстан Республикасын 30 жыл бойы басқарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ортал ық телеарналар арқылы халыққа Үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне сенім білдірген халыққа алғысын айтып, Президент ретінде қол қойған соңғы Жарлығын жария етті.

Қаламдастар қуанышы

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 12:32

Қаламдастар қуанышы
Доңыз жылы «Ақтөбе» газетінің ұжымы үшін жақсы жаңалықтарға толы болды. Басылым 95 жылдық мерейтойын тойласа, ұжым мүшелерінің жеке өмірлерінде де қуанышты жаңалықтар көп болды. Сонымен..МерейтойГазет 95 жылдық тарихында алғаш рет өз мерейтойын өзінің жеке ғимаратында қарсы алды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Баспасөз үйіне келіп, облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы мен ардагерлерін басылымның биік белесімен құттықтады.Ол сондай-ақ ардагер журналистер Идош Асқар мен Зияш Телеуоваға Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгілерін табыстады.

Жыл иелерінен жылы лебіздер

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 12:22

Жыл иелерінен жылы лебіздер
Тышқан жылы: 1900,1912,1924,1936,1948, 1960,1972, 1984,1996,2008,2020,2032, 2044, 2056, 2068,2080,2092Тышқан жылын халқымыз бейбітшілік пен тыныштықтың, молшылық пен берекенің жылы санаған. Келер жыл татулық пен тыныштық һәм той жылы болсын дей келе, жылдағы дәстүр бойынша жыл иелеріне әзіл сұрақ қойып, жылы лебіздерін білген едік.Мархаббат…1960Орынша ЕСЕНАМАНОВА, №19 мектептің мұғалімі:— Орынша Орынбайқызы, Жаңа жыл мерекесін қаншалықты асыға күтесіз?

Аяз атаға хат: ақтөбеліктердің жаңа жылда күтетін сыйлығы қандай?

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 12:12

Аяз атаға хат: ақтөбеліктердің жаңа жылда күтетін сыйлығы қандай?
Жаңа жылды қанша жерден балалардың мерекесі десек те, әрқайсысымыз әлі күнге дейін осы атаулы күнді үлкен үмітпен күтетініміз рас… Белгілі әнде айтылатындай, «әне-міне бақ қонардай боп», әлдебір ғажайыпты күтіп, тосыннан біреу тарту-таралғы жасайтындай сезімде жүретініміз және бар. Сонысымен-ақ жыл соңындағы мейрам ерекше һәм сиқырға толы шығар?.. Әйтпесе, Аяз атаға хат жазып, арман-тілегін параққа тізіп бергендер арамызда аз емес.

Бизнестегі бикештер тәжірибе алмасты

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 11:52

Бизнестегі бикештер тәжірибе алмасты
Кәсібін енді бастаған ақтөбелік қыз-келіншектер бизнес әлеміне енудің қыр-сырымен танысты. Қалалық іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен олар үшін арнайы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.Шараға облыстың барлық ауданынан келген 160-тан астам адам қатысты.Бизнестегі бикештер бизнес-ланч пен банкеттік мәзірді қалай дайындау керектігін, тойларға арналған торттар мен тәттілер пісірудің әдіс-тәсілін үйренді.

Өндірісті ауданда бірде-бір сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелмеген

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:22

Өндірісті ауданда бірде-бір сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелмеген
Бейсенбі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың жұмыс сапары Хромтау ауданында жалғасты. Ауданға жасаған іссапары барысында агенттік төрағасы мен облыс әкімі Оңдасын Оразалин, агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов Хромтау аудандық әкімдігінің бірінші қабатында орналасқан «Aǵtóbe-adaldyǵ alańy» кеңсесінің және «Ашық әкімдіктің» жұмыстарымен танысты.Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттарына негізделген жобалық кеңседе түрлі комиссия отырыстары өтіп, тұрғындарды қабылдау ұйымдастырылып тұрады.

Қасірет

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:22

Қасірет
Алматы маңындағы Талғар ауданында «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 Алматы-Нұр-Сұлтан жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты бүгін, 28 желтоқсан елімізде аза тұту күні болып жарияланды. Суық хабар27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті деген ақпарат тараған болатын.
Показано 30 новостей из 7 311